Ғылыми конференциясының материалдары


Әдебиеттер ҚаринЕ. «



бет68/131
Дата28.03.2024
өлшемі5,96 Mb.
#200351
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   131
Байланысты:
treatise40297

Әдебиеттер


  1. ҚаринЕ. «Ұлттық идеологияның темірқазығы – мемлекеттілік» //«Егемен Қазақстан» қараша, 2014.

  2. Кәрібаев Б. «Қазақ Хандығының құрылу тарихы» // Қазақ тарихы журнал №8(33) ақпан 2011.

  3. Тілешов Е. Г., Әріпбек П. «Алаштың ардағы», Алматы, 2010.

  4. Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы: Оқулық. /Ред. Басқ. Қ.С. Қаражан. – Алматы, 2005.

  5. Жолдасбеков М. «Мәңгілік ел – Қазақстан» // Ел-назар Республикалық журнал», № 1(28) қаңтар 2014.

  6. Назарбаев Н.Ә. «Тарих толқынында» – Атамұра,1999.

  7. Назарбаев Н.Ә. «Бейбітшілік кіндігі» – Алматы, Атамұра, 2010.

ҰЛЫ ДАЛАДА ІЗ ҚАЛДЫРҒАН ҚАЗАҚ ХАНДАРЫ


Тұрлығазиева Назерке Қуанышқызы (Қазақстан)
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., қауымд. профессор м.а.Қаипбаева А.Т.

XV ғасырдыңортасы мен XX ғасырдың соңы қазақ халқының тарихында ерекше орын алады. Ерекшеліктің ең басты белгісіне – ұлттық мемлекетіміздің қалыптасуы мен қайта түлеуі болса,ал басты оқиғасына Қазақ хандығының құрылуы мен Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін алуы жатады.Тарихтағы мұндай түбегейлі бетбұрыстарды қалың бұқара жасайды. Ал бұқараның басында көш бастаушы тарихи тұлғалар тұрады. Бүгінгі күндегі егеменді еліміздің іргесін бекітіп, шаңырағын шайқалтпай тұрған тарихи тұлғалардың іс-әрекеттері көз алдымызда өтіп жатыр.


Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының тарихындағы маңызды оқиға болды.Ол ұлан-байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық территориясын біріктіруде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші рөл атқарды. 1456 жылы Керей мен Жәнібек ханның Әбілқайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап Шығыс Дешті-қыпшақтан батыс Жетісу жеріне қоныс аударуы қазақ хандығының құрылуына мұрындық болған маңызды тарихи оқиға болған еді. Бұл оқиғаның мән-жайы мынадай болатын: 1428 жылы Ақ Орданың ақырғы ханы Барақ ішкі феодалдық қырқыста қаза болған соң, Ақ Орда мемлекеті ыдырап, ұсақ феодалдық иеліктерге бөлінгенде өкімет үшін өзара қырқыс үдей түсті. Осы қырқысты пайдаланған Шайбани Әбілқайыр Ақ Ордадағы билікті өз қолына алды. 40 жыл ел билеген уақытта Әбілқайыр халықтың қамын емес, тек қана соғыспен айналысты. 40 жылдың ішінде соғыстан бас көтермеген халықтың Әбілқайырға деген наразылығы күшейді. Сол наразылықтың бірі 1456-1457 жылдардағы Сығанақ түбіндегі шайқаста жеңіліске ұшыраған Әбілқайырдың пәрменінен сескенген Жәнібек пен Керейдің наразылығы. Екі сұлтанның наразылығы артынан ерген 200 мың адаммен Моғолстанның батыс жағына көшіп кетуі еді. Міне осы оқиғадан кейін қазақ хандығының дүниеге келу үрдісі басталады.
Қазақстан тарихында Қазақ хандығы дәуірі деп аталатын кезеңге XV ғасырдың ортасымен XIX ғасырдың бірінші ширегі аралығы жатады. XV ғасырдың ортасында Керей мен Жәнібек хандардың басшылығымен Қазақ хандығы құрылады. Ол мемлекет қазақ жерінде сақ дәуірінен бері жалғасып келе жатқан мемлекеттіліктің жалғасы және қазақ халқының ұлттық сипаттағы мемлекеті болып саналады[1,2].
Үш жарым ғасырдан астам өмір сүрген Қазақ хандығы дәуірі өз ішінде екі үлкен тарихи кезеңге бөлінеді. Біріншісі – бір орталықтан басқарылған кезең, екіншісі – бытыраңқылық кезең деп аталады. Бірінші кезеңге хандық құрылғаннан 1715 жылы Тәуке хан қайтыс болғанға дейінгі аралық жатады. Мен өзімнің жұмысымда осы бірінші кезеңге тоқталып өткім келеді.
Бірінші кезең тағы да өз ішінде шартты түрде бірнеше кішігірім кезеңдерге бөлінеді. Олар – хандықтың құрылуы, күшеюі, әлсіреуі, қайта өрлеуі, өзара талас немесе (текетірес), жоңғарлармен алғашқы күрес, (алтын ғасыр) кезеңдері. Осы кезеңде Қазақ хандығында мынадай хандар билік жүргізді: Керей хан, Жәнібек хан, Қасым хан, Хақназар хан, Есім хан, Жәңгір хан, Тәуке хан т.б. [3]
Керей хан. Керей мен Жәнібек ханның тұсындағы қазақ хандығы. Дешті-Қыпшақта шайбандық Әбілхайыр хан билікті қолына алған соң, көшпелі халықтың Жәнібек пен Керей бастаған бір бөлігі Моғолстанға қоныс аударып, Шу мен Талас өзендерінің аңғарында орын тепті. Қозыбасы тауына ту тікті. Моғолстан ханы Есенбұға өз қарсыластарымен болатын күресте көмектесер деген есеппен қазақ басшыларымен одақтас болды. Өзара қырқысулар мен соғыстардан жапа шеккен 200 мыңға жуық көшпенділер Жәнібек пен Керей ханның маңына топтасты. Олардың билігінің күшеюінен сескенген Әбілқайыр 1468 жылы Моғолстанға әскери жорық жасамақ болып, бірақ жол үстінде кенеттен қайтыс болды.
Орта ғасырлық тарихшы Махмұд бен Уәлидің жазуы бойынша алғашқы қазақ ханы – Керей хан болған. Жазба деректер мен тарихи зерттеулерде алғашқы қазақ ханының есімі – Гирей, Герей, Кирай, Керей түрінде кездеседі. Қазақ тілінде жазылған әдебиеттер мен зерттеулерде соңғы есімі жиі және тұрақты пайдаланылатындықтан, біз де осы есімді қолданамыз.
Керей ханның шығу тегіне келсек, ол – Жошы ханның үлкен ұлы – Орда Еженнен бастау алады. Орда Ежен, оның ұлы Сасы бұқа, оның ұлы Ерзен, оның ұлы Шымтай және оның ұлы Орыс хан болып жалғасады. Орыс ханнан Керейге дейінгі шежіре орта ғасырлық деректерде жақсы сақталған. Керей мен Жәнібек хандарға тағдыр жаңа этникалық бірлестікке негізделген мемлекетті құру және оны басқару үлесін берді. Бұл үлес кездейсоқ болып көрінгенмен, заңдылық болатын. Ақ киізге көтеріп қазақ хандығының тұңғыш ханы Керей сайланған болса, Керейден кейін хан тағына Жәнібек отырды[4,6].Жәнібек ханнан кейін Керейдің баласы Бұрындық таққа отырды. Бұрындық пен жұмысымды ары қарай Қасым ханның билік құрған кезінен жалғастырғым келеді.
Қасым ханның тұсындағы Қазақ хандығы. XVI-XVII ғғ. Қазақ хандығы нығайып,оның шекарасы едәуір ұлғайа түсті. Өз тұсында (жерді біріктіру) процесін жедел жүзеге асырып, көзге түскен хандардың бірі Жәнібектің ұлы Қасым. Қасым ханның (1511 - 1523) тұсындақазақ хандығының саяси және эканомикалық жағдайы нығайа түсті. Ол билік құрған жылдары қазақ халқының қазіргі мекен тұрағы қалыптасты. Бірсыпыра қалалар қосылды, Батыс Еуропада қазақ хандығын осы кезде танып білді. Қасым ханнан бастап қазақ хандығының билігі тек қана Жәнібектің ұрпақтарына тиді. «Қасым ханның қасқа жолы» деген әдет-ғұрып ережелері негізінде қазақ заңдары жасалынды.
Хақназар ханның тұсындағы Қазақ хандығы. XVI ғ. 2-жартыжылдықта әлсіреген хандықты біріктіруде Қасым ханның баласы Хақназар (1538-1580) өз үлесін қосты. Ноғай Ордасындағы алауыздықты сәтті пайдаланған ол, Жайық өзенінің сол жағындағы жерді қосып алды.Оның тұсында Жетісумен Тянь-Шаньды басып алуды көздеген Моғол ханы Абд-Рашидке қарсы ұтымды күрес жүргізілді. Хақназар өзара тартыста өзбек ханы Абдолланы қолдау арқылы Сыр бойындағы қалаларды «Сауран, Түркістанды» өзіне бағындырды.
Есім ханның тұсындағы Қазақ хандығы. Шығайұлы Есімхан (1598-1628) – Қазақ хандығының ханы, Шығай ханның баласы, атақты Тәуекел ханның туған інісі. Есімхан туралы халық жадында сақталған аңыз-әңгімелер, дастан-жырлар көп. Оны халық «Еңсегей бойлы ер Есім» деп ардақтайды. Есімханның билігі тұсында (1598-1645) халық жадында «Есім салған ескі жол» деген атпен қалған әдет-ғұрып нормаларын қалыптастырған конституциялық құжат болғаны белгілі.
Жәңгір хан тұсындағы Қазақ хандығы. Жәңгір хан батыр қолбасы Есім ханның баласы. 1628-1652 жылдары хандық құрды. Бұл кезде қазақ тарихында қазақ-жоңғар соғысының аумалы төкпелі кезі еді. Бұл соғыс, әсіресе қазақтарға өте ауыр тиді. 1635 жылы Жәңгір ханның иелігіне қалмақтар шабуыл жасап Жәңгір айналасындағы адамдармен қолға түсіп қалады. Жеті жылдай тұтқында болады. Қалмақтардың әскери тактикасын молынан үйренеді. Жәңгір ханның билік еткен жылдары жоңғар феодалдарының қазақ жерін жаулап алуға жасаған үздіксіз жорықтар кезеңіне сай келеді.
Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы. Жәңгірұлы Тәуке (1680-1715) хан мұрагерлік жолмен қазақ хандығының билік тізгінін қолға алған кезде Тәуке ел ағасы жасына келіп ақыл тоқтатқан, мемлекет ісіне араласып мол тәжірбие жинақтаған білікті жан болатын. Сондықтанда ол таққа отырып әке ісін алға жалғап оның саясатын жүргізгенімен оны жүзеге асыруға келгенде бұрынғы сүрлеумен кетпей өзіндік жаңа жолмен жүрді. Тәуке ханның тұсында анталап тұрған жоңғарлар қазақ жеріне қанша шабуыл жасасада басып ала алмады. Қазақ тарихында Тәуке ханның кезінде қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған кезең деп атайды.Тәуке хан кезінде халықтың басын біріктірген «Жеті Жарғы» заңы шықты.
Қазақ хандығы туралы жұмысымда қазақ хандығының құрылу тарихын зерттеген құрылу тарихына байланысты еңбектер жазған тарихшылардың есімдерін атап кетпеске болмас. Қазақ хандығының құрылу тарихын жазған тарихшы десе ең бірінші аузымызға Мұхаммед Хайдар Дулати, Бабыр, Қадырғали Жалайыри тағы басқалар түседі. Бертін келе Қазақ хандығының 550-жылдық мерей тойының қарсаңында осы кезеңнің зерттелу тарихына көп көңіл бөліп өз еңбектерін жазып жүрген тарихшылардың жұмыстарын теледидар арқылы естіп, баспа материалдарынан оқып жүрмін. Соның бірі қазақ хандығының құрылу тарихын зерттеуші Берекет Кәрібаев, Мәмбет Қойгелдиев, Арап Еспенбетов, Мусин Чапай тағы басқалардың еңбектерін оқып жатырмын [4,5].
Бұдан бес жарым ғасыр бұрын даңқты Керей мен Жәнібек бабаларымыз іргетасын құрып берген Қазақ хандығы талай тар жол, тайғақ кешулерді бастан кешті. «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», әз Тәукенің «Жеті Жарғысы» халқымыздың Темірқазығы болды. Сөйтіп тәуелсіздікке қол жеткіздік. Тәуелсіздік дегенде ұлан-байтақ жерімізді анталаған жауларынан қызғыш құстай қорғап, ат үстінде арыстандай арпалысып өткен асыл бабаларымыз ойға оралады. Ұшқан құстың қанаты талатын қазақтың байтақ даласын ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен ата жауларынан қорғап қалған ардақты бабаларымыз-ай! Бабаларымыз «Ошақтың бұты – үшеу, жағар оты – біреу» деген тәмсілді бекер айтпаған. Осы ұлағатты ұғым бізді береке-бірлікке үндеп, ұрпақтар сабақтастығының тұтастығына шақырды.
Бұл орайда Елбасы Н.Ә.Назарбаев әрдайым ұрпақтар сабақтастығына терең мән беріп келеді. Қазақстан Президенті жуықта қасиетті Ұлытауда сан қатпарлы тарихымыздың түптамырын толғаған мағыналы сұхбатында Еуразия кеңістігіндегі мемлекеттік дәстүрдің үзілмей жалғасып келгендігін, ғұндардан бастау алған осы үдерістің көк түріктер, Алтын Орда арқылы сабақтасып, Қазақ хандығына жеткендігін айтты.
Тарихшылардың саралауына қарағанда, Қазақ хандығы құрылғанға дейін Ертістен Еділге дейін созылған ұланғайыр далада үлкенді-кішілі саяси құрылымдар, ұлылы-кішілі мемлекеттер өмір сүрген. Мұның бәрі – Қазақ хандығына дейінгі ізашар буын-бунақтар, Қазақ елі деген алып бәйтеректің өзегіне нәр берген түптамырлар, қайнар бастаулар. Сол себептен де Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Тарих толқыны» атты кітабында «Қазақ хандығы Орталық Азия аумағындағы алғашқы ұлттық сипаттағы мемлекет болды» , – дейді.
Қорыта келе, біз жас ұрпақ Қазақ хандығының негізін салушыларды мақтаныш тұтамыз әрі мәңгі жадымызда сақтаймыз. Қазақ хандығының негізін қалаушылардың есімдері әрқашан да тарих сахнасынан өшпейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет