23. Оқушылардың тәртібін, мінез-құлқын бағалау және көтермелеу:
А. Талап қою.
В. Жазалау.
С. Жарыс.
Д. Мадақтау.
Е. Түсіндіру.
НЕГІЗГІ ТЕРМИНДЕР – ГЛОССАРИЙ
Гуманстік педагогика – ғылыми теорияның жүйесін анықтайтын, оқу-тәрбие процесінің саналы, белсенді тәрбиеленушісін бекітетін ғылым.
Оқыту моделінің негізі – оқыту моделін қолдануы негізі оқыту әдісі мен сабақты ұйымдастыру түрі.
Оқыту моделі – оқу мерзімінде қолданылатын дидактикалық негіз бен педагогикалық техникадан тұратын кешен.
Оқыту процесіндегі сабақ модулі – белгілі бір жинақталған мақсатқа бағытталған оқу уақытының бір үзігі.
Оқытудың блоктық – модульдың жүйесі оқу процесінің ең кіші бірлігі болып саналатын оқыту технологясы. Бірнеше модуль блок түзейді.
Білім беру технологиясы – оқытудың нәтижесін жоспарлайтын бірнеше түсініктер енгізілген жүйе, оқушылардың ағымдағы жағдайын болжау-айқындау құралы, оқытудың көптеген модельдері және нақты шарт бойынша оқытудың оңтайлы моделін таңдау өлшемі.
Педагогикалық технология – оқыту процесі және мұғалімдік оқыту мен тәрбиеде жоспарлаған мақсатына жету мен нәтижесі.
Педагогикалық техника – берілген модельдің шеңберінде пайдаланатын құралдар мен өзара әсер ету тәсілдері.
Педагогикалық инновациялар – оқу тәрбие процесінің нәтижесін және ағымын жақсартатын педагогикалық жүедегі жаңа енгізулер.
Педагогикалық еңбек технологиясы – «педагог-оқушы» арнаулы жүйесімен анықталатын сабақтастық әрекеттер кешені.
Технологиялық карта - қолданылатын құралдарды көрсету арқылы процесті әр қадам, әр кезең сабақтастығы арқылы сипаттау (кестелік түрдегі блок).
Технологиялық схема – процестің технологиялық шартының бейнеленуі, оларды жеке функционалдық элементтерге бөлу және олардың арасындағы қисындық байланысты көрсету.
Оқу кезеңі – оқу уақытының аралығы, оның барысында оқытудың белгілі бір мақсаты орындалады.
Оқытудың бүтін блоктық жүйесі – оқу процесінің ең кіші бірлігі сабақ блоктары болып саналатын оқыту технологиясы.