Күміс нитраты ерітіндісінің нормальдылығын натрий хлориді бойын-ша анықтау
Индикатор ретінде 5% калий хроматының K2CrO4 судағы ерітіндісі алы-нады. Таза жуылған өлшеуірді күміс нитраты ерітіндісімен шайқап титрлеуге дайындайды. Тамшуырды (пипетканы) натрий хлориді ерітіндісімен шайып дайындаған соң, одан 10мл алып конус құтыға құяды, оған 2 тамшы калий хроматын K2CrO4 ерітіндісін қосады да, тамшылатып отырып күміс нитраты ерітіндісімен титрлей бастайды. Ерітіндінің лимон-сары түсі күміс нитраты-ның AgNO3 артық бір тамшысында қызыл түске ауысқанға дейін титрлейді.
Мысалы, 10мл 0,02046н натрий хлоридін титрлеуге орташа алғанда 10,12 мл күміс нитраты жұмсалды дейік. Онда
Егер, ерітіндідегі Cl- мөлшерін анықтау қажет болса, онда күміс хлоридінің титрін хлор бойынша да анықтау керек:
бұл, 1 мл күміс нитратының жұмысшы ерітіндісінде 0,0007170г титрленген хлор бар екенін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |