Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрілігі


 Табиғи  гамма – активтілік  əдісі



Pdf көрінісі
бет42/90
Дата19.01.2022
өлшемі2,84 Mb.
#129510
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   90
Байланысты:
Копия baigazieva kasipshilik umk kz

7.1 Табиғи  гамма – активтілік  əдісі.

  Ашылған  ұңғыманың  табиғи

радиоактивтілігін – спектральді (ГК-С) жəне  интегралды (ГК) əдістер

анықтайды. Ол үшін ұңғыма ішіне түсірілетін аспаптағы

g

 - сəулеленуінің индикаторы



(Гейгер-Мюллер немесе сцинтилляциялық санауыштар) пайдаланылады.

Ұңғыма  бойымен  тау  жыныстары  қабаттарының

g

-сəулелену  қарқындылығын



өлшеу барысында жазылған қисық сызықты гамма каротаждық қисық сызықтар деп

атайды. Өлшенген параметр жыныстардың радиоактивтілігімен ғана емес ұңғыманың

жағдайымен  де (ұңғыма  диаметрі, сұйықтың  тығыздығы  жəне  т.б.) тікелей

байланысты. Гамма  каротаж  нəтижесінде  гамма-сəулелену (



I

g

) қарқындылығы



үздіксіз  қисықтар  немесе  диаграмма  арқылы алынады. Көрсеткіштері импульс

минутпен (имп/мин) немесе микрорентген сағатпен (мкр/с) өлшенеді.

Табиғи  радиоактивтілік  негізінен  уранның U 238 болуымен  жəне

радиоактивті  калий  К 40,  торий  Тh,  радий Ra өнімдерінің  ыдырауымен

шартты. Қалған  радиоактивті  элементтердің  концентрациясы  төмен  жəне

жартылай  ыдырау  периодтары  үлкен. Магмалық  жыныстарда  қышқылдардың

радиоактивтілігі  жоғары. Метаморфтық  жыныстарда  радиоактивтіліктің

жоғары  болуы  олардың  құрамындағы  К 40 болуына  байланысты. Шөгінді

жыныстардың  радиоактивтілігі  əртүрлі. Радиоактивтілігі  төмендігімен

хемогенді  шөгінділер (ангидрит, гипс, галит) ерекшеленеді  таза  құмдар,

құмтастар, əктастар  жəне  доломиттер. Радиоактивтілігі  жоғары  жыныстар –

саздар, сазды  жəне  битумды  тақтатастар, фосфориттер, сонымен  бірге  калий

тұзы. Сондықтан  осы  шөгінділерді  ажырату (идентификация) үшін  ГК

қолданылады. Қалған  терригенді  жыныстардың  радиоактивтілігі  олардың

саздылық  дəрежелерін  жəне  карбонатты  жыныстар  құрамында  ұсақ

шашыранды  материалдары (ерімеген  қалдықтар) сипаттайды. Жеке

жағдайларда  ГК  жыныстардың  литологиясын  жəне  радиоактивтілігі  жоғары

жыныстарды  бөледі. Мысалы: таза  құмтастар, сонымен  бірге  мұнай  жəне  газ




36

коллекторлары, глауконитті, карнотитті, моноцитті  жəне  басқа  уранды  немесе

торийлі  минералдармен  байытылған  болса, сазды  немесе  саздар  деп  көрінуі

мүмкін. Кей  кездерде  тау  жыныстарының  радиоактивтілігінің  жоғарлауы

фосфатты немесе органикалық, уранды сумен қанығуына байланысты. Осындай

жағдайда литологияны ажырату спектральді ГƏ анықталады.

7.1 сурет- ГК қисық сызығы.  а – тау жыныстардың құрамында радиоактивті элементтері бар

диаграмма; б – ГК дұрыс диаграммасы.

Ол  карбонаттардың  саздылығын  құрамындағы  уран, торий  жəне  калий

элементтерін жекелеп бөледі. Карбонаттарда уранның көп болуы радиоактивті

қабат  суының  болуына, карбонатты  саздылығы – ториймен  калийдің  болу

белгілерін білдіреді.

ГК  келесі  мəселелерді  шешу  үшін  қолданылады: саздылық  дəрежелері

бойынша  шөгінді  қабаттарды  корреляциялау  мен  бөлуде; пайдалы  қазба

кенорындарын іздеуде (уран, марганец, қорғасын, бокситтер, фосфориттер).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет