Жұмысшы дене бастапқы нүкте 1-ден адиабата 1-4 бойынша, сыртқы ортамен жылуалмасусыз кеңейеді, бұл кезде Т1 температура Т2 дейін беріледі.
мұздату коэффициенттерінен әлдеқайда маңызды.
Карноның тура және кері циклдарын қарастырғаннан кейін, Клаузиус берген термодинамиканың екінші заңының тұжырымын түсіндіруге болады.
Клаузиус, табиғатта болатын табиғи процестердің өздігінен болатынын және өз бетінше кері бағытта жүре алмайтынын көрсетті. Өздігінен өтетін процестерге жататындар: жылудың көп қыздырылған денеден аз қыздырылған денеге берілуі, жұмыстың жылуға айналуы, газ бен сұйықтың арасындағы диффузия, газдың кеңістікте кеңеюі және т.б.
Өздігінен болмайтын процестерге алдында көрсетілген өздігінен болатын процеске қарама-қарсы процестер жатады: жылудың жылуы аз денеден көп денеге өтуі, жылудың жұмысқа айналуы т.б. Өздігінен болмайтын процестер мүмкін, бірақ олар өз бетінше, компенсациясыз бола алмайды.
Өздігінен болмайтын процестер болуы үшін оларға қандай процестер әсер ету керек? Физикалық құбылыстарды бақылаған кезде, өздігінен болмайтын құбылыстар тек өздігінен болатын құбылыстар әсер еткенде ғана мүмкін болады. Демек, өздігінен жүретін процес өздігінен болады, ал өздігінен болмайтын процесс тек өздігінен болатын процеспен байланысты. Мысалы, тура айналымды процесте өздігінен болмайтын процесс жылудың жұмысқа айналуы жылубергіш пен жылуқабылдағыш арасындағы байланысты болады (
l
q1
q2 ) . Кері цикл болу үшін өздігінен болмайтын процесте жылуы аз денеден жылуы көп денеге өтуі мүмкін, бірақ бұл жерде өздігінен болатын
процесте жұмсалатын жұмыс жылуға айналады (
q1
q2
l) .
Қорыта айтқанда өздігінен жүрмейтін процесс тек өздігінен жүретін процестің компенсациясы арқылы болуы мүмкін.