Мағынасы:
Ассаламу ғаләйкум, Алланың нұры жауған Осман
бин Ғаффан!
Елді адал билеген халифалардың үшіншісі! Саған
тыныштық тілеймін.
Әскерді өз қаражатымен, мал-мүлкімен жабдық-
таушы! Саған сәлем бердім.
Сен Құранды жинақтап, түптедің.
Алла сені Пайғамбарының үмбетімен марапатта-
ды. Бұл марапаттаудың ең жақсысы.
Я, Алла! Оған ризашылығыңды көрсет, дәрежесін
өсір, мәртебесін биік қыл.
Жомарттығыңмен, мейіріміңмен оның сауабын
көбейт. Әмин.
Одан кейін мұсылман Мәдина шаһарының тари-
хи жерлерімен танысып, ой-өрісін кеңейтеді. Әсіресе,
Ислам тарихындағы алғашқы мешіт болып санала-
161
جحلا كسانم
тын Құбба мешітіне бару сауапты іс болып табылады,
өйткені Құран кәрімде «Бірінші күннен құлшылық ету
үшін салынған мешітте намаз оқу – абзал» деген аят
бар. Оның үстіне Мұхаммед пайғамбарымыз «Кімде-
кім дәрет алып, Құбба мешітіне намаз оқуға келсе,
онда оның сауабы ұмра жасағанмен бірдей болады» де-
ген екен.
Құран кәрімде айтылған тағы бір мешіт
«Қиблатайни» («Қос құбыла») мешіт. Бұл жерде аспанға
қарап намаз оқып отырған Мұхаммед пайғамбарымызға
(
с.а.с.
) Алла тағала жүзін құбылаға бұруға әмір берген.
Қиблатайн мешіті
Құбба мешіті
162
Қажылық
ұмрА
Ұмра – кіші қажылық. Ұмра – жылдың кез кел-
ген уақытында Меккеге барып, сүбхана Алла тағалаға
құлшылық етіп, қажылық жасау. Ұмра – қажылық
секілді мұсылманның парызына жатпайды, бірақ ұмра
жасаған мұсылман сауапқа ие болады, сондықтан
ұмраны сүннетке жатқызады.
Ұмра – үш әркәннан (бөлімнен) тұрады: ихрам,
тауаф, сағи.
Ихрам – қасиетті жерге аяқ басып, ақ киім киіп,
сүбхана Алла тағалаға құлшылық ететін хал-күй
екені баршамызға мәлім. Енді ихрамның үш түріне
тоқталайық:
Ифрад – қажылық кезіндегі ихрам хал-күйіне
түсу.
Қиран, оның екі жағдайы бар:
а) Ұмра мен қажылықты бірге жасауға ниет етіп,
ихрам хал-күйіне түсу.
ә) Алдымен ұмра жасау үшін ихрам хал-күйіне
түседі, сосын оны қажылық жасауға ниет етіп
жалғастырады.
3) Таматтұғ – қажылық айларына дейін ұмра жа-
сау үшін ихрам хал-күйіне түсу.
163
Достарыңызбен бөлісу: |