Ұйымдардың құрылымдық жобаларын дайындаудың негізгі элементтері Ұйымның құрылымы ұйымдардағы әр түрлі бөлімдерде атқарылатын жұмыстардың түрлері мен ролдерін көрсететін карта болып табылады. Ұйымның құрылымын жобалаудың негізгі элементтері төмендегідей:
Еңбек бөлінісі және мамандану
Департаментизация
Ұйымда байланыс және үйлестіру
Бөлімшелердің көлемдерінің анықталуы
Еңбекті бөлу 2 бағытта жүргізіледі:
көлденең
тікелей
Көлденең еңбек бөлінісі тауар/қызмет өндірісінің стадия бойынша бөлінуі болып табылады.
Тікелей еңбек бөлінісі тауар/қызмет өндірісінің иерархиялық тұрғыдан жүзеге асуы болып табылады.
Департаментизация: Ұйымдарда арнайы қызметтердің топтастырылуын департаментизация деп атайды.
Орталықтандыру – шешімнің бір орталықтан қабылдануы
Децентрализациялау – шешім қабылдау жауапкершілігінің төменгі деңгейдегі басшыларға берілуі немесе бөлінуі.
Коммуникация және үйлестірілуі: Ұйымға қатысты ішкі және сыртқы жұмыстарға байланысты іс-әрекеттердің байланысы және олардың үйлестірілуі.
Бөлімшелер: Бөлімнің мақсаты мен міндетіне қарай бөлімшелердің құрылымы анықталады.