Басқару нысаны мынадай мәселелерді түсінуге мүмкіндік береді:
Мемлекеттің жоғарғы органы қалай құрылады және олардың құрылымы қандай;
Жоғары және басқа мемлекеттік органдардың арасындағы қарым-қатынастардың негізінде қандай принциптер жатыр;
Жоғарғы мемлекеттік билік пен тұрғындардың арасындағы қарым-қатынас қалай құрылған;
Жоғарғы мемлекеттік органдардың ұйымдастыру қызметі азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз етуге қандай деңгейде мүмкіндік береді.
Жоғарыдағы белгілерге байланысты 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған Қазақстан республикасы Конституциясының 2-бабына байланысты «Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет».