Үлгілер альбомы кодтық белгіленуі: 05/12–14 атауы: іс-әрекет


КӘРІЖІЛІК АРТЕРИЯСЫНАН ТАМЫР СОҒУДЫ АНЫҚТАУ



бет45/143
Дата11.04.2024
өлшемі1,18 Mb.
#200753
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   143
Байланысты:
Алгоритм мейірбике

КӘРІЖІЛІК АРТЕРИЯСЫНАН ТАМЫР СОҒУДЫ АНЫҚТАУ


Мақсаты: тамыр соғудың негізгі қасиеттерін анықтау, жүрек-қан тамырлары жүйесінің жағдайын бағалау.
Қолдану көрсетілімдері: науқастың жағдайын бақылау.
Тамыр соғуын зерттейтін жерлер: кәржілік, шынтақ, ұйқы, самай, тізе асты, сан, аяқтың артериялары.
Тамыр соғу параметрлері: ритмі, жиілігі, толысуы, кернеу күші, көлемі.
Дайындаңыз: сағатты (секундомерді), қағазды, қызыл түсті қаламсапты, қызу парағын.
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз, тамыр соғуын

анықтайтын жерді табыңыз.

  1. Науқасқа ыңғайлы қалыпты, отыру немесе жату босансыған жайлы қалыпты, сабырлы

жағдайды беріңіз.

  1. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз.

  2. Бір мезгілде өз қолыңыздың саусақтарымен науқастың білезігінен қамтып алып

(кәріжілік білезік буыны аймағын) былай ұстаңыз, 2, 3, 4 саусақтардың жұмсақ жастықшасы білектің алақан (ішкі) бетінде кәржілік артериясының проекциясында болуы керек (үлкен саусақтың негізінде), 1 саусақты білектің сыртқы бет жағына орналастырыңыз. Кәржілік артериясы кәржілік сүйегінің біз тәрізді өсіндісі мен кәржілік бұлшық етінің сіңірі арасынан пальпацияланады.

  1. Кәржілік күре тамыр аймағын ұстаңыз. Оны сәл кәржілік сүйегіне қарай қысыңыз, тамыр

соғатын жерді анықтаңыз, қанның тамырлар бойымен қозғалуына байланысты иелмелі соғу толқының сезесіз.

  1. Науқастың оң және сол қолы күре тамыры қабырғасының кезеңді тербелісін

салыстырыңыз. Тамыр соғу сәйкестігін анықтаңыз. Сәйкестілік – бұл екі қолдағы тамыр соққысы толысу бойынша тура келеді (егер де тамыр соғу сәйкестігі болса, онда бір қол бойынша сипаттама беріледі).

  1. Тамыр соғу реттілігін анықтаңыз.

  2. Тамыр соғу жиілігін анықтаңыз.

  3. Тамыр соғу толысуын бағалаңыз.

  4. Тамыр соғу кернеу кұшін анықтаңыз.

  5. Тамыр соғуды зерттеу мәліметін қызу парағына – графикалық әдіспен, қызыл түспен,

ал бақылау қағазына – сандық әдіспен жазыңыз.

  1. Науқасқа зерттеу нәтижесін хабарлаңыз.

  2. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.



Ескерту:

  • қалыпты тамыр соғу ритмін екі қолдан бірдей сыйпалаумен табылады, ересек адамда тыныштық жағдайда тамыр соғу жиілігі минутына 60-80 соққы құрастырады;



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет