Үлгілер альбомы кодтық белгіленуі: 05/12–14 атауы: іс-әрекет



бет54/143
Дата11.04.2024
өлшемі1,18 Mb.
#200753
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   143
Байланысты:
Алгоритм мейірбике

Қарсы көрсетілімдері: іш қуысының жедел қабыну және ауруы процесі, қатерлі ісіктер, қан кету, соғып алудың біріншітәулігінде, тері бетінің бүтіндігінің бұзылуында, іріңді жарада.
Асқынулар: күйіп қалу, денеде дақ болу.
Қоятын жерлері: инфильтрат аймағы, бел аймағы, балтыр бұлшық ет аймағы, оң жақ қабырға асты аймағы.
Дайындаңыз: Резеңке жылытқышты (1,5-2 л), су, сүлгіні, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, шүберекті , су термометрін.


Іс –әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның емшара жасауға рұқсатын алыңыз.

  2. Жылытқыштың 2/3 көлеміне ыстық суды құйыңыз.

  3. Жылытқыштың мойынынан қысып ауасын шығарыңыз (моынында су пайда болғанша), тығынын бұрап бекітіңіз.

  4. Жылытқышты тығынын төмен қаратып төңкеріп, саңылаусыздығын тексеріңіз. Жылытқышты сүлгімен құрғатып сүртіңіз.

  5. Жылытқышты сүлгіге (жаялыққа)ораңыз.

  6. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз.

  7. Жылытқышты дененің қажетті учаскесіне қойып, оны салқындағанша ұстаңыз.

  8. Жылытқышты алып, оны ашып суын төгіңіз.

  9. Науқастың терісін қараңыз.

  10. Науқасқа ыңғайлы жағдай алуға көмектесіңіз, жылы жабыңыз.

  11. Жылытқышты зарарсыздандыру ерітіндісіне батырылған шүберекпен 2 рет арасына 15 минут салып өндеңіз.

  12. Жылытқышты сумен жуып, құрғатып, арнайы белгіленген жерде сақтаңыз.

  13. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

Ескерту: жылытқышты жиі немесе ұзақ пайдаланғанда болатын күюдің салдарынан тері түсінің өзгеруін алдын алу үшін, жылытқыш астындағы теріге вазелин немесе майды жағыңыз.


МҰЗДЫ МҰЙЫҚТЫ ҚОЛДАНУ
Мақсаты: қан тамырларын тарылту әсері, ұзақ жергілікті салқындату.
Қодану көрсетілімдері: ішкі ағзалардан қан кету, іш қуысының жедел қабыну процесі, соғып алу, жарақаттану (бірінші тәулігі), жоғары қызба, операциядан кейінгі кезең.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет