Ұлт-азаттық қозғалыстар тарихы пәнінен оқу-әдістемелік кешен


Пет­роград­тағы Қазан төңкерісі



бет24/46
Дата07.02.2022
өлшемі468 Kb.
#85986
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   46
Байланысты:
1234c775-3198-11e3-8846-f6d299da70eeУМКД ул-азаттық 26.09.11 New

Пет­роград­тағы Қазан төңкерісі
1917 жы­лы 25 қазан­да Ре­сей им­пе­ри­ясы­ның ас­та­насы Пет­роград қала­сын­да Қазан төңкерісінің нәти­жесінде мем­ле­кет билігі Кеңес­тердің қолы­на көшті. Қазан төңкерісінің иде­оло­гы, яғни бас­шы­сы В. И. Ульянов (Ле­нин) бол­ды.
Қазан төңкерісінен кейін билікті қолы­на алған Кеңес­тер «Ре­сей ха­лықта­ры құқықта­рының дек­ла­раци­ясын» қабыл­да­ды. Осы­дан кейін Кеңес­тердің «Ре­сей мен Шығыс­тың бар­лық еңбекші мұсыл­манда­рына» үндеуі жа­ри­ялан­ды. Аталған үнде­уде ха­лықтар­дың діни сенімдері мен ұлттық мүдде­леріне ешкім тиіспейтіні, бар­лық ха­лықтар­дың құқықта­ры бірдей бо­латы­ны ту­ралы ай­тылған.
1917–1918 жыл­да­ры Қазақстан­да Кеңес­тер өкіметі кейбір өңірлер­де күрес нәти­жесінде, ал енді бір жер­лерде бейбіт түрде ор­на­ды.
Қазан төңкерісінен кейінгі Қазақстан­дағы ұлттық үкімет­тер
1917 жы­лы қара­шада Орын­бор конт­рре­волю­ци­ялық төңкеріс нәти­жесінде Ду­тов басқарған «Әске­ри үкімет» билікті қолы­на ал­ды.
1917 жы­лы 15 қара­шада Таш­кент­те болған мұсыл­ман де­путат­та­ры Кеңес­терінің өлкелік съезінде жаңа үкімет «Түркістан Ха­лық Ко­мис­сарла­ры Кеңесі» ор­на­ды. Бұл үкіметтің Кеңесі құра­мын­да мұсыл­мандар болған жоқ. 1917 жы­лы 22 қара­шада Қоқанд қала­сын­да болған бүкіл түркістан­дық IV съез­де Түркістан ав­то­номи­ясы, яғни Түркістан үкіметі құрылғаны ту­ралы жа­ри­ялан­ды. Бұл үкімет кейбір де­рек­терде «Қоқанд ав­то­номи­ясы» деп атал­ды. Алғашқы бас­шы­сы М. Ты­ныш­ба­ев, одан кейін бас­шы қыз­метін Мұста­фа Шоқай атқар­ды.
1917 жы­лы 5–13 жел­тоқсан­да Орын­бор қала­сын­да жал­пы қазақ съезі бол­ды. Съезді М. Шоқай басқар­ды.
Съез­де Алаш ав­то­номи­ясын құру ту­ралы қаулы қабыл­данды.
Алаш­лорда­ның 25 мүше­ден тұра­тын Уақыт­ша Ха­лық Кеңесі құрыл­ды.
Ав­то­номия ор­та­лығы Се­мей қала­сын­да ор­на­ласа­тын бол­ды.
Ала­шор­да үкіметінің төрағасы бо­лып Ә. Бөкей­ха­нов сай­лан­ды. «Қазақ» га­зетінде «Алаш» пар­ти­ясы­ның 10 бөлімнен тұра­тын бағдар­ла­масы жа­ри­ялан­ды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет