Бақылау сұрақтары:
1. Б қосымшасындағы кестені пайдаланып Тейль-Вейдж моделін пайдаланып жобалауды құр.
2. Жобалау моделін тиімді параметрлерін таңда.
3. А қосымшасындағы теориялық берілімдер бойынша жобалаудың қатесін есепте.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
1. В.В.Розен Модели принятия решений в экономике: М.: Высшая школа,2002
2. И.И.Бажин Информационные системы менеджмента. М.:Высшая школа, 2000
3.ШапкинА.С., МазаеваН.П. Математические методы и модели исследования операций. М.: Высшая школа, 2003
ДӘРІС 5
Макроэкономикалық динамиканың жалпы моделі. Ашық берілетін экономиканың моделі.
Дәріс мақсаты: Түзу сызықты модельдерді экспоненциальды тегістеуді қарастыру.
Түйінді сөздер: түзу сызықты, модель, экспоненциальды
Дәріс жоспары:
Берілімдерді өзгерту моделі
Параболалық модельдерді экспоненциальды тегістеу
Түзу сызық бойымен экспоненциальды тегістеу
Экономикалық өзара әсерлесу модельдері тиімді жоспарлар жиынында таңдауды жүзеге асыратын векторды оптималдау және экономикалық механизм моделдерінің бірігуін анықтайды. Экономикалық өзара әсерлесу моделінің негізінде халық шаруашылығының оптималдау моделдерін толықтыратын теориялық нәтижелер алуға болады. Бұл моделдердің қасиеті өнім мен қордың оптимал бағалары глобальды оптималды критерилі оптималдау моделдерінің нәтижесі мен бара-бар. Сондай-ақ олар өнім және қор тапшылығын сипаттайды, өндіріс пен тұтыну, тұтыну және оның қанағаттану мүмкіндіктері қоғамның қажетті жығынының өлшемі, қоғамның пайдалы өнімі болып табылады. Экономикалық өзара әсерлесу моделдері нарықтың және жағдайының тепе-теңдігі емес, бүкіл экономикалық жүйенің қызмет ету процесінің негізгі тенденциясын зерттейді.
Салалық нарықтың құрылым теориясының негізгі сұрағы-тұтынушылар сұранысын қанағаттандыратын өндірушілер қызметіне бағытталған және оның дамуына әсер ететін бағаны орнату. Бұл жерде қарастыратынымыз Вальрас моделі, ол жалпы бәсекелестікте тепе-теңдіктің қалай жүзеге асатынын көрсетеді. Динамикалық моделдер статикалық моделдерге қарағанда бағаны орнатуды ешқандай фундаменталды экономикалық ойлар мен дәлелдемейді. Бұл моделдер шындыққа жанасқанымен тепе-теңдік жағдайына тыс өндірушілер мен тұтынушылардың тәртібінің фундементалды теориясы болмайды.
Тепе-теңдік бағаны орнату моделі. Нарықтағы бір тауардың тепе-теңдік бағасын орнатудың бірнеше моделі болады, оның ең әйгілісі «өрмек тәрізді» модел дискретті уақыт бойынша және Эванс моделі үздіксіз уақыт бойынша «өрмек тәрізді» модель.
Пайдалылық теориясы негізінде алынған тауардың сұраныс функциясы, бағаның кемімелі функциясы болып табылады. Екінші жағынан бір өнімді фирманың сұраныс функциясы пайданы максималдау шартына сәйкес бағаның өспелі функциясы болып табылады. Бір өнімді нарықтың жиынтық сұраныс функциясы G(p),ал ұсыныс функциясы F(p) мен сипатталады.
Сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдік жағдайы
G(p)=F(p)
бұл теңдеудің бір шешімі бар.
“Өрмекші тәрізді” модель тепе-теңдік р бағасын “сипалау” арқылы интерпретациялайды. Бастапқы моментте р0 бағасы орнатылсын, мұнда сұраныс ұсыныстан кем болсын. Алғашқы р0 бағасын сұраныс ұсынысқа тең болғандай деңгейге кемітейік.
G(p0)=F(p0)
Жаңа баға бойынша сұраныс ұсыныстан артық болады G(p1)>F(p1), сондықтан бағаны р2 деңгейге көтереміз, яғни G(p2)=F(p2), т.с.с. Бұл процесс келесі рекуренттік формуламен сипаттталады. G(pt)=F(pt-1); t=1,2, …. G(p) функциясы дөңес, F(p)-ойыс
Эванс моделі-Бір тауардың нарығын қарастырайық. D(t)=G((t))-жиынтық ұсынгыс, S(t)=F(P(e))-жиынтық сұраныс, ал P(t)-t моментіндегі тауар бағасы. Уақыт үзіліссіз, сұраныс пен ұсыныс бағаның сызықтық функциялары: G(p)=a1-b1*p, a1, b1>0 сұраныс баға артуымен кемиді F(p)=a2+b2*p, a2,b2>0-ұсыныс баға артуымен артады. a1> a2, яғни нольдік бағада сұраныс ұсыныстан артық. Моделдің негізгі кемшілігі, бағаның сұраныстың артуына сәйкес ұсыныстың өзгеруінде.
Dp=K(d-s)d ; k>0
Осыған сәйкес: ұсынысқа сәйкес сұраныс артатын болса, онда баға өседі, кері жағдайда кемиді. Алдыңғы қатынасты қолдана отырып сұраныс пен ұсыныс зфункциясының сызықтық екенін көреміз және бағаға сәйкес дифференциалды теңдеду аламыз.
Сызықтық дифференциалдық теңдеудің шешімін алу алғашқы р0 бағасынан тәуелсіз тепе-теңдікті табады.
Вальрас моделі-Қазіргі экономика көптеген құрылым бірліктерінен -өндірушілер мен тұтынушылардан тұрады және олардың мақсаттары қарама-қайшы болуы мүмкін. Экономикалық жүйе қалыпты жұмыс істеуі үшін оның жеке құрылымдары бір-бірімен бір сөзге келуі тиіс. Вальрас моделінде конфликті шешу жанама жолмен, яғни жұмыс істеп тұрған баға жүйесіне негізделіп. Онда әрбір сату белгісі баға жүйесіне сәйкес жүзеге асырылады. Бәсекелестік нарықты баға басқарусыз, олар жұмыс істеп тұрған жүйеге бейімделеді.Вальрас моделінде бәсекелес нарықты тепе-теңдік жағдайы оған әрбір қатысушының пайдасы максималданатын, қорлар мен өнімдер бірдей үйлестірілетін жағдайлар қарастырылады. Мұндай жағдай бәсекелестік тепе-теңдік деп аталады. Вальрастың негізгі идеясы қор мен өнімді талассыз бөлуді қамтамасыз ететін үйлесімді баға жүйесін қалыптастыру.
Вальрас моделінде м өндірушілер, м1 тұтынушылар және п-тауар түрі қарастырылады; тауар дегенімізд тұтыну заттары және аралық өнім (еңбек өнімі) және еңбек құралы (негізгі фондтар), алғашқы қорлар (еңбек және табиғи қорлар). Вальрас моделі өндірістің жылдық циклын және тауарларды үлестіруді экономикалық субьектілер -өндірушілермен тұтынушылардың өзара әсері ретінде формулалайды.
Әрбір тұтынушының К(р) табысы болсын және талғамы U(x)-пайдалылдық функциясы арқылы беріліді. Егер X-U(x) анықталу облысы X(p)-тауарлар жиыны болса, онда сұраныс функциясы берілген бағада пайдалылық функциясын максималдайтын тауарлар жиыны. Сонымен әрбір тұтынушы Фi(p) сұраныс функциясымен сипатталады және табысы Ki(p ). Бұл кезде әр тұтынушының табысы екі бөліктен тұрады. bi тауарының алғашқы қорынан түскен табыс және Li(p) табысынң өндірістке қатысуынан, Яғни Ki(p)=p*bi+Li(p).
Әрбір өндіруші фирма өзінің технологияның мүмкіндіктерімен сипатталады. арқылы k-өндірушінің өндіру шығындарын белгілейік, оның оң компоненттері фирма өніміне, терістері шығынға сәйкес келеді, бұл кезде фирма пайдасын көрсетеді. Фирманың технологиялық мүмкіндіктері -өндіру – шығын векторларының мүмкін жиынына сәйкес келеді. Бұл жиын өндіру мүмкіндіктерінің жиыны деп аталады. Фирманың ұсыныс функциясы бір немесе бірнеше өндіру – шығын векторларының берілген Р бағасында пайданы максималдауы барлық В тұтынушыларының сомасы алғашқы жеке меншік жиынды құрайды. «Алғашқы жеке меншік» ұғымына бұл жерде тек қана тұтынушылар тауары емес, аралық өнім, қорлар, табиғи қорлар мен еңбек те енеді. өндіріс өнімдерін тұтынушылар арасында үлестіру сұраныс функциясы берілген векторын әрбір тұтынушының таңдауы нәтижесінде жүзеге асады. Х сомасы жиынтық сұраныс векторы, оның кейбір компоненттері теріс болуы мүмкін, егер олар сұранысты көрсететін болса (мысалы еңбек). өндірісті және тұтынуды бірге үлестіру дегеніміз тұтыну векторы мен өндіру-шығын векторы жиынтық сұраныс пен жиындық ұсыныс бір-біріне дәл келеді. Вальрас моделінде кейбір шарттарға сәйкес бәсекелестік тепе-теңдікті көрсетеді. және қатынастары Вальрас заңы деп аталады. Сонымен, бәсекелестік тепе-теңдік жағдайында жиынтық сұраныс жиынтық ұсыныстан аспайды. Бұл кезде әрбір тұтынушы өз пайдасын максималдайды, ал әрбір өндіруші өз табысын максималдайды. Бәсекелестік тепе-теңдіктің бар болуы тепе-тең бәсеке Р* бағасында өндірушілер мен тұтынушылардың мүдделерін даусыз шешуді қамтамасыз етеді. Сонымен Вальрас моделі бәсекелестік тепе-теңдік жағдайындағы сұрақтарды шешеді.
Курно моделі табыс пен саланың шеккі шығындарының ортаөлшемінің және Херфиндал – Хиршман индексімен өлшенетін саланың концентрация деңгейінің арасындағы тура байланыстарды орнатады.
Нарықтың мұндай құрылымы олигономия деп аталады. Дуополия үшін әрбір фирма өз өндіріс деңгейін таңдайды; нарықтың баға-өндіріс көлемінің сызықтық функциясы.
Достарыңызбен бөлісу: |