Бақылау сұрақтары:
1.Модель және модельдеу туралы не білесің, айтып бер?
2.Экономикадағы модельдеу перспективалары туралы қысқаша ақпараттар жинақтаңдар.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
1. В.В.Розен Модели принятия решений в экономике: М.: Высшая школа,2002
2. И.И.Бажин Информационные системы менеджмента. М.:Высшая школа, 2000
3.ШапкинА.С., МазаеваН.П. Математические методы и модели исследования операций. М.: Высшая школа, 2003
ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАРЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
№1 Зертханалық жұмыс
Пайда функциясы. Экономикадағы суммалары, орташа және қатынастар. Туынды таңдау есебі.
Жұмыстың мақсаты: Трендтер негізінде экономикалық көрсеткішке талдау және болжау жасау технологиясы
Корреляциялық, регрессиялық талдаудың әдістері мен динамикалық қатарларды талдаудың әдістері, жұмыс столында іскер офистік жүйе мен оның құрамында – “Excel” кестелік процессоры бар, қазіргі кездегі менеджер-аналитиктің маңызды күнделікті құрал-жабдығы болып табылады. Осы тақырыпта қарастырылып отырған тапсырманың жаңа класында мәліметтердің тек екі элементінен тұратын(көрсеткіштің өзгермелі деңгейі мен уақыты) динамикалық қатары белгілі, және нақты факторлар туралы басқа ешқандай мәліметтер жоқ. Жеке фактордың әсер ету деңгейі туралы мәліметтерді іздеуге уақыт жібермей-ақ, өзгертудің ортақ тенденциясын анықтағысы келсе, онда динамика қатарының негізінде жалғыз фактордың рөліне уақыттың сандық мәнін жасанды қабылдай отырып, болжау жасау қажеттілігі туындайды. Мұндай әдіс талдау мен макроэкономикалық тенденцияларды болжау кезінде, сонымен қатар менеджментте және маркетингте кеңінен қолданылады, себебі басты фактордың қарқындау әсерінің қорытынды нәтижесі уақытпен байланысты.
Қарқындаудың ортақ тенденциясын шығару үшін және оның негізінде динамика қатарын талдауды, болжауды анықтау біршама жеткілікті. Бірақ өзгертулерді басқару үшін(қарқындаудың жылдамдауы немесе бәсеңдеуі) көптеген әртүрлі факторларға көрсеткіштің өзгеруі үшін мүлтіксіз әсер ететін бөлшектеме талдау мен «не, егер» талдаудың құрал-жабдықтары көмектеседі. Бізге белгілі, динамикалық қатарға корреляциондық талдау қолданылмайды, себебі тәуелсіз айнымалы, уақыт кездейсоқсыз өзгереді.
Екі белгінің(айнымалы шамалар) арасындағы статикалық байланыстың пайымдауынша, олардың әрқайсысы орташа шамаға қатысты жеке мәндердің кездейсоқ вариациясына ие. Егер тура осындай вариацияны тек белгілердің біреусі алса, онда басқасының мәні қатты детерминирленген болып табылады, кейде статикалық байланыс(әсіресе корреляциялық) туралы емес, тек регрессия жайында айтылады. Мысалы, динамикалық қатарды талдау кезінде өнімділік қатарының деңгейін(кездейсоқ тербеліс алатын) жылдар нөміріне регрессиялық өлшеуге болады. Бірақ олардың арасындағы корреляция туралы айтуға және олардың интерпретациясына сәйкес келетіндей корреляция көрсеткіштерін қолдануға болмайды.
Трендтердің негізгі формалары мен мәні.
Жеткілікті қарапайым және қолайлы теңдеу формасындағы, дәлірек айтқанда динамикалық қатардағы нақты тенденцияны аппроксимациялайтын(жуықтайтын) тенденцияның үлгісін тренд деп атайды. Формасына қарай трендтер сызықты, параболалық, экспоненциалды, логарифмдік, дәрежелік, гиперболалық, полиномдық, логистикалық және т.б. болады. Excel сызықты, экспоненциалды, логарифмдік, дәрежелік, полиномдық(6 дәрежелі полиномға дейінгі), сонымен бірге жылжымалы орташа трендтерді тұрғызудың құрал-жабдығын береді.
Достарыңызбен бөлісу: |