Раульдің бірінші заңы(1886)-ерітіндінің бетіндегі еріткіштің қаныққан бу қысымының салыстырмалы төмендеуі еріген заттың мольдік үлесіне тең: P0-p/P0=n/n+n;delt P/P0=n/n+n0; Мұндағы P0-таза еріткіштіе бетіндегі қаныққан бу қысымы,Р-ерітіндінің бетіндегі қаныққан бу қысымы;n мен n0-еріген зат пен еріткіштің мөлшерлері;дельта Р-ерітіндінің қаныққан бу қысымының төмендеуі. Раульдің екінші заңы:ерітіндінің қайнау температурасының жоғарылауы мен қату температурасының төмендеуі еріген заттың моляльдік концентрациясына тура пропорционал болады. Дельта -Тқайнау=E×b(x) Дельта-Тқату=K×b(x) Еріген заттың моляльдік концентрациясын табу үшін: B(x)= 1000m(x)/M(x)×m(еріткіш) Криометрия-еріген заттың молярлық массасын ерітіндінің қату температурасының төмендеуі арқылы анықтау.Есептеу формуласы: Мзат=K×mзат×1000/m(еріткіш)×дельта Тқату 20. Электролиттер мен бейэлектролиттер үшін Вант-Гофф заңы. Осмос. Осмостық қысым. Гипо-, гипер- және изотондық ерітінділер. Плазмолиз, гемолиз, тургот құбылыстары. Осмос-еріткіш молекулаларының өздігінен жартылай сұйылтылған ерітіндіден концентрациялы ерітіндіге қарай өтуі.Жартылай өткізгіштерге-ішек,тері,қан тамырлары,жасуша,ұлпа қабықтары жатады. Осмостық қысым-еріткішті жартылай өткізгіш арқылы өтуге мәжбүр ететін күш.Қан плазмасының осмостық қысымы 0,75 Мпа(7,63атм) Вант-Гофф заіюңы-осмостық қысым еріген заттың молярлық концентрациясы мен температураға тура пропорционал. N=CRT;мұндағы С-молярлық концентрауия;R-газ тұрақтысы(8,31 дж/мольК) Изотонды ерітінділер-осмостық қысымдары бірдей ерітінділер.0,9% тік натрий хлориді ерітіндісі қан плазмасымен изотонды,оны физиологиялық ерітінді деп атайды. Гипертонды ерт-қан плазмасымен салыстырғанда қысымы жоғары ерітінділер Гипотонды-қан плазмасымен салыстырғанда қысымы төмен ерітінділер. Плазмолиз—жасушаны гипертонды ерітіндіге батырғанда судың дасуша ішінен ерітіндіге қарай өтуінен жасушаның жиырылу құбылысы.