Континет аралық интермодальдық және континенттік интермодальдық тасымалдар ерекшеленеді. Мұның мәні неде: Континентаралық (құрлықаралық) интермодальді тасымалдауда - теңіз көлігі табиғи түрде көліктің негізгі түрі болып табылады. Жөнелту портына жеткізу және жөнелту портынан алып кету темір жол көлігімен немесе автомобиль көлігімен жүзеге асырылуы мүмкін.
Континенттік интермодальды тасымалдау
Интермодальді контитнентальды тасымалдау
Интермодальді тасымалдаудың контитнентальды моделінде көліктің негізгі түрі - теміржол болып табылады, өзен көлігі сирек кездеседі. Жөнелту пунктіне жеткізу және жөнелту пунктінен алып кету темір жол көлігімен немесе автомобиль көлігімен жүзеге асырылады.
КОНТЕЙНЕРЛІ ТАСЫМАЛДАУ
Интермодальдық тасымалдау - бұл интермодальдық көлік бірліктерінің көмегімен жүзеге асырылатын тасымалдау. Ең көп таралған интермодальды көлік бірліктері - контейнерлер.
Контейнерлік тасымалдар (контейнеризация) — стандартты контейнерлерді пайдалана отырып жүк тасымалдау.