Областной учебно-методический кабинет организаций дошкольного, общеобразовательного



Pdf көрінісі
бет10/13
Дата02.10.2019
өлшемі2,36 Mb.
#49166
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
География факульт курс (Восстановлен) (Восстановлен)(1)


 

140 
 
Ҧсынылған әдебиеттер 
1.  Агеева  Р.А.  Страны  и  народы:  происхождение  названий.  М.: 
Наука,1990. 
2.  Букетова  Е.А.  Эффективность  развития  черной  металлургии  как 
одной из ключевых отраслей отчественной экономики. 2008. 
3.  Вольский  В.В.  Социально-экономическая  география  зарубежного 
мира. М.: КРОН-ПРЕСС, 1998. 
4.  Лаврован  С.Б.,  Каледина  Н.В.  Экономическая,  социальная  и 
политическая  география  мира.  Регионы  и  страны.  М:  Гардарики, 
2002. 
5.  Липец  Ю.Г.,  Пуляркин  В.А.,  Шлихтер  С.  Б.  География  мирового 
хозяйства.  Учебное  пособие  для  студентов.  -  М.:  Гуманит.  Изд. 
Центр ВЛАДОС, 1999. 
6.  Любимов  И.М.  Общая  политическая,  экономическая  и  социальная 
география. / Под ред. Л.П. Куракова. - М.: Гелиос АРВ, 2001. - 336 с. 
7.  Максаковский  В.П.  Историческая  география  мира:  учебное  пособие 
для ВУЗов. - М.: Экопрос, 1999. 
8.  Суюмбаева 
С.Т. 
Қазақстанның 
экономикалық-әлеуметтік 
географиясының анықтамалық құралы. Алматы. 2010ж. 
9.  Фурсина  Г.А.,  Калиаскарова  З.К.  Экономическая,  социальная  и 
политическая география мира. Уч. пособие. - А.: Қазак университеті, 
2003. 
10. Хрущев А.Т. Экономическая география СССР. М.:МГУ, ч1. 1989. 
11. Чистобаев  А.И.  и  Шарыгин  М.Д.  Экономическая  и  социальная 
география. Новый этап. М.:Наука, 1990. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

141 
 
«Әлемді тану» қолданбалы курсы 
(10-11сыныптар) 
 
Бағыты: жаратылыстану-математика 
Бағдары: география, химия-биология 
 
Тҥсінік хат 
Қазіргі кезде елдер арасында әлеуметтік, саяси, экономикалық және 
мәдени  қарым-қатынастар  қарқынды  дамуда.  Сондықтан  да  мектеп 
оқушыларының дүние жүзі елдерінің табиғаты мен шаруашылығы жӛнінде 
білім  негіздерін  қалыптастыратын  пән  ретінде  географияның  маңызы 
артады. 
Қазіргі мектеп оқушылары ӛз елінің тарихы, табиғаты, экономикасы 
мен  экологиясын  біліп  қана  қоймай,  дүние  жүзі  елдерінің  тарихы  мен 
табиғаты,  экономикасы  мен  экологиясы,  халықаралық  байланыстары 
туралы  да  білулері  керек,  ӛйткені  олар  келешекте  әлемнің  кӛптеген 
елдерінде қызмет ететін болады. 
Білімді,  жан-жақты  тәрбиелі,  қабілетті  жастар  ұлтымыздың  баға 
жетпес  қазынасы,  сондықтан  жастарды  жан-жақты  қабілетті  азамат  етіп 
ӛсіруде Жертанудың тәлім-тәрбиелік, білім-танымдық рӛлі зор. 
Әлем мен жер тану бұл - адамзаттың ортақ үйі – Жер ондағы түрлі табиғат 
кешендері:  ӛзендер  мен  кӛлдер,  таулар  мен  жанартаулар,  мұхиттар  мен 
теңіздер,  шӛлдер  мен  сарқырамалар,  аралдар  мен  қалалар  және  олардағы 
тіршілік  дүниесі  мен  шаруашылығы  т.б  туралы  қызықты  мәліметтермен 
таныстыратын курс болып табылады. 
Курс  халықаралық  қатынас,  әлемдік  экономика,  елтану,  аймақтану, 
мәдениеттану,  саясаттану,  ӛнер,  тарих  сияқты  мамандықтарды  қалаған 
оқушыларға бағыт-бағдар, кӛмек береді. 
Мақсаттары: 
-  Адам  тіршілігі  үшін  табиғаттың  маңызы,  адам  мен  табиғат 
арасындағы  қарым-қатынас  және  оның  әлеуметтік  жағдайға 
тәуелділігі 
жайындағы 
ұғымдардың 
негізінде 
оқушыларға 
экологиялық білім беру; 
-  Материктер  мен  мұхиттардың  табиғат  байлықтары  және  оны 
шаруашылық  қажетіне  пайдалану  жолдарымен  таныстыру  арқылы 
экономикалық білімге негіз салу; 
-  Жер  шарындағы  табиғаттың  қайталанбас  әсем  кӛріністері  мен 
туристік-рекреациялық 
мүмкіншіліктеріне 
сүйене 
отырып, 
оқушыларды  ӛзі  мекен  еткен  табиғи  ортаның  қадір-қасиетін  жете 
түсіне білуге баулу, 
-  әсемдігін, мӛлдірлігін кӛре, түсіне, сезіне, сүйе білуге, тұнық ауасын 
бұзбауға,  үйлесімділігін  сақтауға,  қамқорлықпен,  жанашырлықпен, 
мейірімділікпен, сезімталдықпен қатынас жасауға үйрету. 
 
 

142 
 
Міндеттері: 
-  Оқушылардың 
ізденімпаздық 
қасиеттерін 
қалыптастыру, 
шығармашылыққа жетелеу; 
-  Оқушылардың  танымдық  және  интеллектуалдық  дағдыларын 
қалыптастыру; 
-  Алған 
білімдерін  дүние  жүзінде  болып  жатқан  ғаламдық 
экологиялық проблемалармен байланыстыра отырып, ол жӛнінде ӛз 
ойларын, пікірлерін айта білуге үйрету 
-  Ӛздік жұмыс жасауына ықпал жасау; 
-  Оқушылардың  пәнге  деген  қызығушылығын  географияның  бүгінгі 
таңдағы  ғаламдық  проблемалары  мен  түрлі  табиғат  құбылыстары 
мен табиғат кешендері туралы мәліметтер арқылы арттыру; 
-  Географиялық 
карта, 
атластармен 
жұмыс 
жасай 
білуге, 
географиялық  әдебиеттерден  қажетті  мәліметтерді  жинай  білуге 
дағдыландыру; 
-  Дүние  танымдық  қабілеттерін,  шығармашылық  қабілеттерін  дамыта 
отырып, олардың құзырлылығын арттыру. 
Кҥтілетін нәтиже: 
Осы  курсты  меңгере  отырып  оқушылар  географиялық  білімдерін 
жетілдіріп  қана  қоймай,  әртүрлі  қолданбалы  іс-әрекеттерді  орындай 
отырып,  түрлі  зерттеу  жұмыстарын  қорытындылап,  нақты  дәлелдер 
келтіреді  және  де  дүниені  танып  білуге  деген  құштарлығы,  ынта-
ықыласы артады. 
Мұнда: 
-  Оқушылар  географиядан  алған  білімдерін  шыңдау  барысында 
ғаламшарымыздағы түрлі табиғат кешендерімен танысады. 
-  Жер  шарындағы  табиғаттың  қайталанбас  әсем  кӛріністері  мен 
табиғат байлықтарын қорғауға ат салысады. 
-  Табиғатты қорғаудың түрлі жолдарын ұсынады. 
-  Газет, журнал басылымдарына мақалалар жазады. 
Әдістемелік нҧсқаулар. 
Осы  курсты  меңгеруде  оқушылар  кӛп  нәрсені  үйренеді:  ӛздігінен 
ізденуге,  кесте  толтыру,  ғылыми  рефераттар  жазу,  түрлі  хабарламалар 
дайындап  мәліметтерді  жинастыру,  ақпаратпен,  картамен  жұмыс  және 
де түрлі презентациялар (слайд) жасайды. Оқу барысында дәріс арқылы 
алған  білімдері  сарамандық  жұмыстар  мен  сынақ  жұмыстар  (тест) 
арқылы толықтырылады. 
Дәптерге  дәрістер,  тезистер  құрады,  кесте,  сызбанұсқа,  ақпарат 
кӛздерінен  жиналған  түрлі  мәліметтер,  диаграммалар,  сонымен  қатар 
рефераттар  дайындап,  слайд  жасалып,  әрбір  жұмысты  қорытындылап, 
бағалау. 
Қолданатын қҧрал-жабдықтар: 
Дүние  жүзінің  саяси  картасы,  Дүние  жүзінің  физикалық  картасы, 
атластар,  кескін  карталар,  дидактикалық  материалдар,  электрондық 
оқулықтар, компьютер (слайдтар), кестелер мен үлестірмелер. 

143 
 
Пәнаралық байланыс: 
тарих, ӛнер, экономика, экология, сызу, биология, физика. 
Оқытудың іс-әрекет тҥрлері: 
-  Бағдарлама  география,  тарих,  туризм,  экология  мамандығы  туралы 
түсінік қалыптастырады. 
-  Оқушылар  табиғи  құбылыстар  мен  табиғат  кешендері  туралы 
мәліметтерді талдап, зерттеп, зерделейді; 
-  Материалды  проблемалық  оқыту  тәсілі  арқылы  географиялық-
танымдық білімді дамыту, яғни: 

табиғатты тиімді пайдалану жолдарын ашып айта алу; 

талдау-салыстыру; 

сипаттау; 

пікір-талас; 

картамен жұмыс 

толықтыру әдістерін меңгереді. 
-  Ақпарат  кӛздерінен  негізгі  ұғымдарды,  мәліметтерді  қысқарта 
жазып, қорытып, талдау арқылы нақты тұжырым жасайды, тезистер 
құрастырады. 
-  Даталар,  цифрлар,  фактілер,  статистикалық  мәліметтерді  енгізе 
отырып, қысқаша жазады (конспектілеу), 
-  Қосымша  әдебиеттер  мен  мерзімді  баспасӛздегі  және  де  әр  түрлі 
ақпарат 
кӛздерінен 
алынған 
мәліметтер 
мен 
хабарларды 
салыстырып, ӛз пікірін білдіреді, дәлелдейді. 
-  Сабақты  түрліше  деңгейде  ұйымдастыра  отырып,  оқушылардың 
алған білімдеріне тексеру жүргізіледі. 
Оқушылардың білімі мен іскерліктеріне қойылатын талаптар: 
Оқушылар міндетті түрде білуі қажет: 
-  бейіндік курс бойынша , базалық курста берілмеген білім кӛздерімен 
жұмыс істей білу; 
-  табиғат  кешеніндегі  ӛсімдік,  жануарларымен  танысып,  экологиясын 
зерттеп талдап білуі; 
-  табиғи 
ландшафтар 
мен 
антропогендік 
ландшафтардың 
айырмашылығын анықтап, сипаттай алуы; 
-  табиғи байлықтарды  жіктеп, тиімді пайдалану  жолдарын ашып  айта 
алуы; 
-  табиғат  кешендеріндегі  топырақ,  сулар  мен  ауаның  экологоиялық 
жағын ашып айта алуы; 
Оқушылар мынадай талаптарды орындауға үйренеді: 
-  табиғат кешенінің географиялық жағдайына сипаттама беру; 
-  табиғат кешендерін картадан кӛрсете білу және карта бойынша түрлі 
ӛлшеу, анықтау жұмыстарын жүргізуді білу; 
-  құжаттар,  әдебиеттер  және  түрлі  ақпарат  кӛздерінен  табиғат 
кешендері жӛнінде материалдар жинақтап, жұмыс істей алуы; 
-  елдердің 
табиғат  жағдайлары  мен  ресурстарын  халықтың 
шаруашылық әрекетімен ӛзара байланыстырып талдай білу; 

144 
 
-  белгілі  тақырыптар  бойынша  тезистер  құрып,  баяндама,  рефераттар 
жазып, хабарлама дайындай білу; 
-  ғылыми жобалар жазу; 
 
Бағдарламаның мазмҧны 
Еуразия (11 сағат). 
Бӛлімде  берілген  тақырыптардың  табиғат  кешендері  мен  танысып, 
экологиясын зерттеп біледі. Байкал кӛлінің табиғаты туралы түсінік беріледі. 
Альпі,  Карпат,  Кавказ  тауларының  табиғаты,  Шри-Ланка  мен  Ява 
аралдарының  ӛсімдігі  мен  жануарларының  ӛзіндік  ерекшеліктері 
баяндалады. 
№1  сарамандық  жұмыста  Еуразияның  ӛзен-кӛлдерін  кескін  картаға 
түсіру,  атаужүйелерді  табу,  ең  биік  туаларын  аттарын  картаға  түсіру 
жұмыстары орындалады. 
Солтҥстік Америка (6 сағат). 
Йоллоустон  ұлттық  паркінің  дүниежүзіндегі  алғашқы  ұйымдастырылған 
қорық  екенін баяндау.  Атлант  мұхитының  алабының  ең  ірі  суы  мол ӛзені  –
Миссисипи туралы түсінік беріледі. Әлемдегі ең үлкен және терең шатқал  –
Колорадо каньоны пайда болуы туралы түсінік беру. 
Оңтҥстік Америка (5 сағат). 
Амозонка  ӛзені  тіршілікке  бай  Онда  кездесетін  флора  мен  фаунасы 
туралы  айтылады.  Парана  Бразилия  таулы  үстіртінен  басталып,жоғары 
ағысында  сарқырамалар  түзіледі.  Әлемдегі  ең  ірі,  ең  биік  сарқырамалар 
Игуасу  мен  Анхель  туралы  түсінік  беріледі.  Мыс  тау-Андның  табиғат 
белдеулері  толықтай  ашылады.  №2  сарамандық  жұмыста  Амозонка  –жер 
шарындағы  ең  суы  мол  ӛзен  Ол  Анд  тауларынан  басталып  Перу,  Бразилия 
арқылы ағып, ӛтіп Атлант мұхитына құяды. Ну ит тұмсығы ӛтпейтін орман 
туралы баяндалады. 
Африка бӛліміне (4сағат). 
Ең ірі аралы – Мадагаскар. Ол материктен ең ұзын Мозамбик бұғазымен 
бӛлінеді. 
Калахари 
шӛлі 
орталық 
бӛлігі 
аласарып, 
Калахари 
қазаншұңқырларына  ауысады.  Шӛлдің  пайда  болуы.  Африка  ӛзендер 
жүйесінің неғұрлым жиі таралғаны. Жер шарындағы ең ұзын ӛзен Ніл туралы 
түсінік беру. Ӛзеннің ғажайып жұмбақ болып келуі баяндалады. Мадагаскар 
аралының табиғаты мен қалыптасуы айтылады. 
Антарктида мен Мҧхиттар әлемі (8-сағат). 
Антарктиданың мұз жамылғысы, қатаң климаты, тіршілік дүниесі туралы 
мәлімет  беріледі.  Мұхиттардың  зерттелуі.  Саяхатшылардың  еңбектері. 
Мұхиттардың  жұмбақ  сырлары  туралы  қызықты  материалдар  беріледі.  №3 
сарамандық  жұмыста  Мұхитардың  байлығы  мен  экологиялық  жағдайына 
тапсырмалар орындалады. 
Қорытынды сабақта курста берілген материалды жинақтап сынақ – сабақ 
ӛткізу. 
 
 

145 
 
Әлемді тану курсының тақырыптық – кҥнтізбелік жоспары 
№ 
Сабақ тақырыбы 
Сағат саны  Мерзі
мі 
Ӛткізу түрі 
Білімділік 
нәтижесі 
Б  Д  С 
І бӛлім. Еуразия 
11  10  1 
 
 
 

Альпі  және  Карпат 
таулары. 
 

 
 
дәріс-
баяндау 
Кесте 
толтыру 

Арабия түбегі. 
 

 
 
Түсіндіру-
баяндау 
Тест құру 

Байкал  және  Охрид 
кӛлдері. 
 

 
 
дәріс 
Венн 
диаграммасы 

Везувий жанартауы. 
 

 
 
дәріс 
Конспект 

Ганг ӛзені. 
 

 
 
Ізденіс-
зерттеу 
Кескін карта 
түс 

Гоби шӛлі. 
 

 
 
дәріс-
баяндау 
Қосымша 
деректер 

Кавказ таулары. 
 

 
 
Ізденіс-
зерттеу 
Схемасын 
сызу 

Месопотомия 
ойпаты. 
 

 
 
Түсіндіру-
баяндау 
Реферат 

Шри-Ланка аралы. 
 

 
 
Әңгімелес
у-
сұхбаттасу 
Конспект 
10 
Ява аралы. 
 

 
 
дәріс-
баяндау 
Қосымша 
деректер 
11 
Сарамандық  жұмыс 
№1 
 
 

 
сараманды
қ 
Картамен 
жұмыс 
ІІ 
бӛлім. 
Солтҥстік 
Америка 



 
 
 
12 
Гренландия аралы  
мен Катмай жанартауы 
 

 
 
дәріс 
Тест 
сұрақтары 
13 
Йеллоустон 
ұлттық 
паркі. 
 

 
 
дәріс-
баяндау 
Конспект 
14 
Колорадо 
каньоны 
мен ӛзені. 
 

 
 
Түсіндіру-
баяндау 
Конспект 
15 
Кордильера 
тау 
белдеуі. 
 

 
 
Ізденіс-
зерттеу 
Схемасын 
сызу 
16 
Миссисипи ӛзені. 
 

 
 
Ізденіс-
зерттеу 
Кескін карта 
түс 
17 
Ниагара 
сарқырамасы. 
 

 
 
дәріс-
баяндау 
Қосымша 
деректер 
ІІІ 
бӛлім. 
Оңтҥстік 
Америка 



 
 
 
18 
Амазонка ӛзені. 
 

 
 
Ізденіс-
зерттеу 
Кескін карта 
түс 

146 
 
19 
Амазонка ойпаты. 
 

 
 
дәріс 
Конспект 
20 
Анд тау белдеуі. 
 

 
 
Түсіндіру-
баяндау 
Схемасын 
сызу 
21 
Анхель  және  Игуасу 
сарқырамалары. 
 

 
 
Түсіндіру-
баяндау 
Кесте 
толтыру 
22 
Сарамандық  жұмыс 
№2 
 
 

 
сараманды
қ 
Картамен 
жұмыс 
ІҤ бӛлім. Африка 



 
 
 
23 
Калахари шӛлі. 
 

 
 
дәріс-
баяндау 
Жоба құру 
24 
Мадагаскар аралы. 
 

 
 
дәріс-
диспут 
Реферат 
25 
Нл ӛзені. 
 

 
 
Ізденіс-
зерттеу 
Кескін карта 
түс 
26 
Африка кӛлдері 
 

 
 
Ізденіс-
зерттеу 
Кесте 
толтыру 
Ҥ 
бӛлім. 
Антарктида 
және Мҧхиттар әлемі 



 
 
 
27 
Антарктида 
 

 
 
дәріс-
диспут 
Жоба құру 
28 
Арктика 
 

 
 
Түсіндіру-
баяндау 
Қосымша 
деректер 
29 
Тынық мұхит 
 

 
 
Ізденіс-
зерттеу 
Кітапша 
жасау 
30 
Атлант мұхиты 
 

 
 
дәріс-
диспут 
Реферат 
31 
Үнді мұхиты 
 

 
 
Ізденіс-
зерттеу 
Тест 
сұрақтары 
32 
Солтүстік 
мұзды 
мұхит 
 

 
 
Түсіндіру-
баяндау 
Конспект 
33 
Сарамандық  жұмыс 
№3 
 
 

 
сараманды
қ 
Картамен 
жұмыс 
34 
Қорытынды сабақ 
 
 

 
Сынақ-
тест 
тест 
 
4-бӛлім Африка 
Тақырыбы: Африка кӛлдері. 
Сабақтың мақсаттары: 
Білімділік:  Оқушыларды  Африка  материгінің  кӛлдерімен 
таныстыра  отырып,  оқушылардың  тіл  байлықтарын  сӛздік 
қорын молайту. 
Дамытушылық: 
Дамытуға, 
оқытуға 
негізделген 
шығармашылық қиялын, жүйелеу, ойлау қабілеттерін дамыту. 
Тәрбиелік:  Оқушыларды  ұжымдылыққа,  ӛз  бетімен  жұмыс 
жасай білуге үйрету және тәрбиелеу. 

147 
 
Сабақтың тҥрі: Аралас сабақ. 
Оқыту әдісі: дәріс-баяндау, түсіндірмелі. 
Жаңа сабақты тҥсіндіру: 
Кӛлдері. Африканың ірі кӛлдері барлығы дерлік Ұлы Шығыс Африка 
жарылыстарының  бойында  орналасқан.  Сондықтан  пішіндері  кӛбінесе 
созылыңқы болып келеді. Кӛлдер ӛте терең, жан-жағын тік беткейлі, биік 
таулар қоршай орналасады. Кӛлдердің ең тереңі Таньганиканың ені 50-80 
км, ал ұзындығы 650 км-ге жетеді. Африканың ең үлкен кӛлі  – Виктория 
платформаның  аздап  тӛмен  түсіп,  майысқан  жерінде  орналасқан. 
Сондықтан бұл кӛл онша терең емес (ең терең жері 80м), жағалары жатық 
және  ӛте  күшті  тілімденген.  Виктория  кӛлінің  географиялық  орнының 
ерекшелігіне  байланысты  кӛл  бетінде  күшті  толқындар  туғызатын  қатты 
дауылдар болып тұрады. Эфиопия таулы қыратында лава тасқындарының 
ӛзен  аңғарын  бӛгеуіненпайда  болған  Тана  кӛлі  бар,  одан  Кӛк  Ніл  ағып 
шығады. 
Солтүстік  Африкада  ежелгі  су  айдындарының  орнында  сақталып 
қалған Чад кӛлі орналасқан. Оның суы таяз, тереңдігі 4-7 м ғана, ағынсыз 
кӛл  болғандықтан  суы  тұзды.  Субэкваторлық  белдеудегі  орнына 
байланысты  кӛл аумағы жыл ішінде ӛзгеріп отырады. Жаңбырлы кезеңде 
кӛл ауданы екі есеге дейін ұлғаяды. Ал құрғақ кезеңде кӛл суы тартылып, 
батпақтанады, кӛл жағалауы тұз қабыршақтарымен жабылады. 
Африка кӛлдерінің шаруашылық  маңызы  зор. Шығыстағы  ірі  кӛлдер 
кеме  қатынасына  пайдаланылады.  Кӛлдер  балықтарға  ӛте  бай.  Солтүстік 
жарты  шардан  жылы  жаққа  ұшатын  құстардың  басым  кӛпшілігі  осы 
кӛлдерде  қыстап  шығады.  Шығыс  Африкадағы  табиғаты  кӛркем  кӛл 
жағалауларында  дүниенің  түкпір-түкпірінен  келетін  туристер  саны  жыл 
сайын артуда. 
Бекіту: 
1.Неге Африка жерінде ішкі тұйық алап кӛп бӛлікті қамтиды? 
2.Кӛлдер неге Африканың шығысында шоғырланған? 
2.Картада Чад кӛлінің жағалауы неге үзік сызықтармен кӛрсетілген? 
Тақырыбы: Еуразия материгі. Сарамандық жұмыс № 1 
Сабақтың мақсаттары: 
Білімділік:  Оқушыларға  ӛткен  тақырып  бойынша  Еуразия 
материгінің теңіздерін, ағыстарын кескін картаға түсіріп, олардың 
ерекшеліктерімен маңызына тоқталу. 
Дамытушылық:  Оқушылардың  пәнге деген  қызығушылықтарын 
ояту  және  ойлау  қабілеттерін  шығармашылық  белсенділігін 
дамыту. 
Тәрбиелік:  Оқушыларды  ӛз  бетімен  жұмыс  жасауға  бір-бірінің 
пікірін тыңдауға, бағалауға тәрбиелеу. 
Сабақтың тҥрі: Сарамандық сабақ. 
Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап. 
Сабақтың  әдістемелік  жабдықталынуы:  Еуразия  материгінің  атласы, 
кескін карта, атлас, оқулық. 

148 
 
Сабақтың барысы:  Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, 
түгендеп,  олардың  назарын  ӛзіме  аударту  Еуразия  жағалауларын  дүние 
жүзінің  тӛрт  мұхитының  да  сулары  шайып  жатыр.  Оңтүстік  батысы  мен 
оңтүстік  батыс  жағалауын  Атлант  мұхиты  мен  оның  теңіздерінің 
материктік  табиғатына  түстік  Атлант  жылы  ағысының  тропиктік 
белдеулерін  алып  келген  жылы  сулары  әсерінен  Солтүстік  Мұзды  мұхит 
пен  оның  теңіздері  Еуразияның  солтүстік  жағалауларына  ұласып  жатыр. 
Солтүстік Мұзды мұхит ауданы жағынан ең кіші, ең суық, ең таяз мұхит. 
Теңіздердің барлығы дерлік материктік қайраңда орналасқан. Кейбір шеткі 
теңіздер  аралдар  арқылы  байланысып  жатыр.  Мұхиттағы  теңіздердің  ең 
үлкені – Норвег теңізі, ең кішісі – Ақ теңіз. 
1. Тапсырма. 
Еуразияның ірі ӛзендерін теріп жазыңдар. 
1.Макензи,  2.Еділ,  3.Янцзы,  4.Замбези,  5.Колорадо,  6.Амазонка, 
7.Ганг,  8.Муррей,  9.Лена,  10.Енисей,  11.Парана,  12.Евфрат,  13.Ориноко, 
14.Ніл, 15.Конго, 16.Хуанхэ, 17.Амур№ 
Жауабы: 2, 3, 7, 9, 10, 12, 16, 17№ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2. Тапсырма. 
1. Намиб, 2. Сахара, 3. Қызылқұм, 4. Атакама, 5. Қарақұм, 6. Виктория, 7. 
Калахари, 8. Гоби, 9. Такла-Макан, 10. Үлкен Құмды шӛл. 
Жауабы: 3, 5, 8, 9. 
Қорытынды:  Еуразия  материгінің  шеткі  нүктелерін,  шеткі  теңіздерін, 
ағыстарын белгілеңдер. 
Ҥйге тапсырма: Картамен жұмыс «Еуразияның тауларын, шӛлдерін, ӛзен-
кӛлдерін картадан табу, кӛрсете білуге дағдылану. 
ІІІ бӛлім. Антарктида және мҧхиттар әлемі. 
Сабақтың тақырыбы: Тынық мұхиты. 
Мақсаты:  Оқушыларға  Тынық  мұхиты  жайлы  жалпы  мағлұмат  бере 
отырып,олардың  дүниетанымын  кеңейту,  сонымен  қатар 
 
Еуразияның 
шөлдері 
 
 
 

149 
 
табиғатқа  деген  сүйіспеншілігін,оны  аялауға,қорғауға  деген 
жаңашырлық сезімін ояту. 
Сабақтың тҥрі: Ізденіс-зерттеу сабағы. 
Қызығушылықтарын  оятуда  сұрақтар  беріледі.  1.Дүниежүзілік  мұхит 
дегеніміз не? 
2.Мұхиттарды  картадан  кӛрсету.  Зерттеу  сабағында  оқушыларға 
тапсырмалар 4-топқа бӛлу арқылы беріледі. 
1-топ «Таңғажайып әлем» 
2-топ . «Құпияға толы мұхит айдыны» 
3-топ. «Сиқырлы табиғат аясында» 
4-топ « Су асты патшылығы» 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет