2.2. Физиканы оқытуда қойылатын міндеттер Физиканы оқыту міндеттеріне мыналар жатады:
ғылыми-техникалық прогресті жетілдіруде физиканың атқаратын маңызын және оның даму болашағын ғалымдардың физика мен техниканы дамытуда қосқан үлесін ашып көрсету негізінде оқушыларға тәрбие беру;
ғылыми білімдерді, эксперименттік фактілерді, ұғымдарды, заңдарды, теорияларды, физика ғылымының өзіндік әдіс-тәсілдерін, дүниенің қазіргі бейнесін қалыптастыру;
материяның құрылымдық сарқылмастығы мен біртұтастығын, физикадағы аса маңызды сақталу заңының жан – жақтылығын, физикалық құбылыстардың диалектикалық сипатын, физикалық теориялардың сабақтастығы, физиканы дамытудағы теория мен тәжірибе арақатынасының міндетін, танымдағы іс-тәжірибенің атқарар маңызын ашу;
ғылыми-техникалық прогрестің басты бағыттарымен, атап айтқанда кешенді автоматтандырумен, электрониканың және микропроцессорлық техниканың, автоматтық энергетиканың дамуымен, жаңа материялдарды жасау және өңдеу технологиясымен, физика заңдарының техника және өндіріс технологиясын да қолданылуымен таныстыру;
өз бетімен білім алу және алған білімдерін қолдана білу, физикалық құбылыстарды бақылай және түсіндіре білу, сондай-ақ, оқулық, анықтамалық және хрестоматия әдебиеттерін пайдалана білу бейімділігін қалыптастыра білу;
қайсыбір экспериментік икемділікті қалыптастыру, құралдар мен аспаптарды пайдалана білу, өлшеу нәтижелерін шығара білу және тәжірибе мәліметтері негізінде қортынды жасай білу, қауіпсіздік техникасы ережесін сақтай білу;
физика мен техникаға деген танымдық ықыласын, шығармашылық қабілетін дамыту, ілімнің саналы мотивтерін қалыптастыру; мамандықты саналы таңдауға дайындау.
оқушыларға адамгершілік тәрбие беру, білім беру және сол білімдерін жетілдіру, еңбек етуге дайындау;
оқу материалын саралау принципін жүзеге асыру - негізгі фактілер, ұғымдар, заңдар, теорияларды және физика ғылымының әдістерін оқып үйренуге, теория негізінде физикалық құбылыстардың кең ауқымын қортындылауға үйрету;
физикалық құбылыстарды, тәжірибе нәтижелерін аспап пен қондырғылардың жұмыс тәртібін өз бетінше түсіндіріп беруге, ғылымның негізгі бастапқы қағидаларын қолдана білуге үйрету;
оқушыларға физиканың ғылыми және теориялық негіздерін меңгерту;
оқушылардың жалпы ғылыми ойлауын дамыту-физикалық құбылыстардың, заңдар мен заңдылықтардың, қағидалардың мәнін олардың болу себептерін түсіндіру, құбылыстардың қалай болатынын алдын ала болжау;
оқушылардың алған теориялық білімдерін, табиғатта, техникада, өмірде, жұмыста кездесетін физикалық құбылыстарды түсіндіруге қолдана білуге үйрету;
оқушыларға патриоттық және ұлтық мақтаныш сезімін тәрбиелеу;
физика курсын өз бетінше оқып үйренуге тәрбиелеу;
оқулықта және арнайы берілген тапсырмалар бойынша оқу материялдарын
талдай білу;
физикалық жаттығуларды, экспериментік және оқыту тәжірибелерін, зертханалық жұмыстар мен есептер шығаруды еркін меңгерту және т.б.