Оқыту түрі: күндізгі Көкшетау, 2015


Физика бойынша өтілетің сыныптан тыс жұмыстардың маңызы



бет44/82
Дата06.06.2022
өлшемі2,58 Mb.
#146116
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   82
Байланысты:
О ыту т рі к ндізгі

8.4. Физика бойынша өтілетің сыныптан тыс жұмыстардың маңызы.
Мектеп физикасы бағдарламасында көрсетілген білімдер мен дағдыларды оқушыларға меңгертумен физиканы оқытудың мақсаттары толық орындалды деп айтуға болмайды. Өйткені, физиканы сүйетін оқушылардың білімін тереңдетіп, дағдыларын дамытумен қатар, нашар үлгеретін балалардың ынта-ықыласын көтеріп, олардың бұл пәнге деген қызығушылығын артттыруымыз керек. Бұл міндетті нәтижелі шешудің бір жолы физикадан – сыныптан тыс жұмыстарды дұрыс ұйымдастыра білу. Әрине, ол мұғалімнің теориялық, физика-техникалық, эксперименттік дайындығының дәрежесіне және оның әр жақты әдістемелік шеберлігіне байланысты.
Оқу жоспарынан тыс, үйде немесе зертханада, сабақтан тыс уақытта, мұғалімнің жетекшілігімен, бірақ, оқушының өз ыңта еркімен әрі олардың қалаулары бойынша орындалатын дербес оқу жұмысы сыныптан тыс жұмыс деп аталады.
Сыныптан тыс жұмыстарды жүргізгенде мұғалім негізінен мынадай мақсаттарды жүзеге асыруды көздейді:

  1. Оқушылардың физика-техникалық білімдерін толықтыру, тереңдету, кеңейту, дамыту.

  2. Мектеп оқушыларының өз бетінше жұмыс істеуге ынта-ықыласын, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

  3. Жас жеткіншектердің политехникалық дағдыларын қалыптастыру.

  4. Оқушыларды оқулықпен, ғылыми-көпшілік әдебиеттермен өз бетінше жұмыс істеуге үйрету.

  5. Жастарға ғылыми-материалистік, эстетикалық, тәрбие беру.

Сыныптан тыс жұмыстың білімдік және тәрибелік мәні өте зор. Ол оқушыларды белсенділікке, өз бетінше жұмыс істеуге, әр түрлі есептерді шығаруда, шығармашылықпен ойлануға және оқушыларда ұжымдық пен жолдастық сезімін тәриелеуге мүмкіндік береді.
Сыныптан тыс жұмыс оқушылардың қабілетің дамытуға және олардың физика мен техниканың белгілі бір саласына деген ерекше ықыласын қалыптастыруға әсер етеді.
Физика бойынша өтілетін сыныптан тыс жұмыстардың түрлері мен әдістері
Физика пәні бойынша орындалатын сыныптан тыс жұмыстардың бәрі үлкен екі топқа бөлінеді.
1. Физика оқу бағдарламасының ауқымына кіретін сыныптан тыс жұмыстар. Оған физика сабақтарына қатысты жүргізілетін қосымша сабақтар жатады:

  • Бағдарламада көрсетілген жұмыстарды өткізу;

  • Физикадан нашар үлгеретін оқушылармен істелетін жұмыстар (қосымша сабақ, әр оқушыға жеке түсіндіру, емтиханға және зертханалық жұмыстарға дайындау);

  • Физиканы қызыға оқитын жеткіншектермен қиын және қызықты есептер шығару, физика кабинетінде зертханалық жұмыстар қою, демонстрациялық эксперименттерді даярлау, қолдан физикалық құралдар мен көрнекі модуль-құралдар жасау, олимпиада өткізу, жаңа құралдармен таныстыру;

  • Оқушылардың үй тапсырмасын орындауына көмектесу (консультация, реферат, баяндамалар жаздырту, табиғат құбылыстарын бақылау, үйде тәжірибелер жасау, әртүрлі өлшеулер жүргізу);

Мұндай жұмыстар физикалық оқу материалының қалыпты және нәтижелі өтуіне, оқушылардың білімдерімен дағдыларының жүйелі түрде сапалы қалыптасуына сынып оқушыларының жалпы үлгерімін жақсартуға жәрдемдеседі.
2. Физика оқу бағдарламасының шеңберінен тыс жататын жұмыстар. Олардың физика сабағына тікелей қатысы бола бермейді. Бұл оқушылардың өздерінің еркі мен тілегі бойынша ұйымдастырылуы керек. Мұның жүйесі мынадай жұмыстардың тұрлерінен тұрады:

  • Оқушылардың арнаулы физикалық және политехникалық білімдерін тереңдету;

  • Қолданбалы физика салаларын оқу;

  • Физика-техникалық құралдардың, қондырғылардың модельдерін жасау;

  • Өнертапқыштық жұмыстармен айналысу;

Бұларды ұйымдастырудың да формалары сан алуан: қосымша әдебиеттерді оқыту, реферат жаздырту, физикалық кеш өткізу.
Сыныптан тыс жұмыс әр түрлі түрде және әдістерде іс-жүзінде жүзеге асырылады.
1. Жеке дара жұмыс – оқушыларды жеке оқыту, оның мақсаты сыныптан тыс физиканы және техниканы оқуға үйрету, осылардың негізінде реферат, баяндама, шығарма жазуға; балаларды шығармашылық жетектеу – құрастыру, моделдер мен құралдар жасау; оқушы – лабаранттар мен жұмыс мектеп кабинеттерін демонстрация және зертханалық тәжірибе, құрал жабдықтарды әзірлеу үшін дайындау; өте қиын есептерді шығаруға көмектесу, оқушыларға үйге берген эксперименттік және зерттеу жұмыстарына жетекшілік ету және т.б.
2. Топтық жұмыс – жүйелік жұмыс, шағын тұрақты оқушылар тобымен өткізілетін және балалардың нақты бір қызығушылықтарын қанағаттандыруға; жаңа біліммен тәжірибелік игеруді қалыптастыру, әдетте, физикалық және физика – техникалық формасында, шығармашылық топтар формасында өткізіледі.
3. Көпшілік жұмыс – ұжымдық жұмыс, көп балалар тобымен өткізілетін дәрістер, кештер, конференциялар; ауызша журналдар мен әңгімелер; пәндік декадалар, физика және техника апталығы, олимпиадалар мен сайыстар, көрмелер, бағдарламадан тыс экскурсиялар. Тәжірибеде сыныптан тыс жұмыстардың 3 түрі тығыз байланысты. Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың ең көп тараған формасы дәстүрлі түрі – үйірмелер, олимпиадалар және кештер жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет