Оқыту түрі: күндізгі Көкшетау, 2015


Физикалық үйірмелер, олипиадалар және физикалық кештер



бет45/82
Дата06.06.2022
өлшемі2,58 Mb.
#146116
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   82
Байланысты:
О ыту т рі к ндізгі

Физикалық үйірмелер, олипиадалар және физикалық кештер.
Физикалық үйірмелер. Жүйелі түрде жүргізілген сыныптан тыс жұмыс оқушылардың қабілетін дамытуға және олардың физика мен техниканың белгілі бір саласына деген ерекше ықыласын калыптастыруға әсер ететіндер - физикалық және физика-техникалық үйірмелер, олимпиадалар,физикалық кештер.
Физиканы оқытуда артта қалушылықты жою мақсатында бір сыныптың оқушыларын біріктіруді мектеп тәжірибесінде кейде үйірме деп атайды. Мұғалім алдымен оқушыларды зерттеп, олардың ішінен физика мен техникаға қызығушыларын бөліп алуы керек. Мұғалімнің оқушыларды алдын ала жақсы білуі, оған олардың өз ынтасы мен қабілетіне сәйкес үйірме тандауына көмектесуте, сонан соң үйірме мүшелеріне тапсырмаларды дұрыс бөліп беруіне мүмкіндік береді. Әр үйірме мүшелерінің саны 12—15-тен артық болмауы тиіс. Үйірме жұмысының жоспары мен мазмұнын мектеп оқушыларының ынтасымен, жеке басының ерекшелігі мен жас ерекшелігіне қарай кұру керек. Бірақ үйірме жұмысының жалпы бағытын мұғалім алдын ала өзі анықтайды. Оны таңдап алу мұғалімнің көздеген мақсаты мен дайындық дәрежесіне, оқушылардың тілегіне, мектеп талабына, физика кабинетінің жабдықталу жағдайына, материалдардың бар-жоғына және бірқатар басқа да факторларға байланысты. Мысалы, мұғалім физика кабинетін жабдықтау жөнінде жалпы мәселе қойып, осының негізінде бұл жұмысқа қатынасқысы келген оқушылардан үйірме құруына болады.
Үйірме мүшесіне берілетін тапсырма әрі оның шамасы жететіндей, әрі жеткілікті дәрежеде күрделі болуы керек. Аса терең ойлану мен шығарманы қажет ететін тапсырманы орындағанда ғана оқушы моральдық қанағаттанушылық алатыны және оған пайдалы болатыны ескерілуі қажет. Сондықтан әр тапсырма олар үшін жаңа, сапа жағынан олардың жұмысының өсу сатысы болуы тиіс.
Үйірме жұмысынын жемісті болуы оқушылардың жұмысын ұйымдастыру, бақылау және есепке алып отыруға да байланысты болады. Сондықтан әр жұмысты түбегейлі аяқтап, нәтиже үйірме отырысында жан-жақты талқылап және арнаулы журналға тіркеп отыру керек. Жылына бір-екі рет істелген жұмыстардың есепті көрмесін өткізіп отырған жөн. Негізінде теория мен тәжірибенің тығыз байланысы орын алатын үйірмелер оқушыларға үлкен пайда береді. Тек осы жағдайда ғана үйірме жұмысы оқушылардың ынта-ықыласын дамытып, шыңдай алады. Эксперименттік бағыттағы үйірмелер үшін теория мен тәжірибенің байланысын іске асыру шаралары жетекшінің әңгімесі мен лекциясы, үйірме мүшелерінің баяндамалары мен рефераттары болып табылады. Әрбір үйірме мүшесі жылына кемінде бір хабар немесе шағын баяндама дайындағаны жөн. Үйірме сабағында газет, журналдардан ғылым мен техника жетістіктері туралы қызықты да маңызды мақаламен үйірме мүшелерін таныстырып отыру пайдалы. Теориялық бағыттағы үйірмелерде теория мен тәжірибенің байланысы баяндамаға коса көрнекті кұралдар демонстрациялау, эксперименттік есептер шығару, экскурсиялар ұйымдастыру арқылы іске асырылады.
Егер оқушы өз білімін қандай да болмасын бір қоғамдық пайдалы істі шешуге колдана алса, онда оның физикаға және шығармашылық жұмысқа деген қызығуы ерекше артады. Осыны ескере отырып, кейбір мұғалімдер үйірме жұмысын өндіріспен тікелей байланыстыра ұйымдастырады. Мектептің өзінде-ақ үйірме мүшелерінің күшімен көп пайдалы істер істеуге болады. Мектепті радиоландыру мен телефондандыру, кабинет үшін құралдар жасау оқушылардан физиканы білу мен шығармашылық ойлануды талап етеді. Жаңадан қатысушылар үшін физика үйірмесі. Бұл үйірменің мақсаты — оқушыларды физика пәніне деген сүйіспеншілікке баулу, жеке оқушылардың ынтасы мен қабілетін анықтау, барлық үйірме мүшелеріне, физикалық үйірменің алдағы жұмыстарын игеріп кетуі үшін, ең қажетті икемділік, шеберлік беру. Жыл бойы оқушылар дәнекерлеуді, ағаш, резеңке және шыныдан жасалған бұйымдарды желімдеуді, нәрселердің бетіне майлы бояу және лак жүргізуді үйренуі керек. Олар шыны түтіктерді ию, созу және дәнекерлеуді, әйнекті кесіп, тесуді үйреніп және қағазбен, картонмен жұмыс істеуде кейбір шеберліктеріне ие болуы керек. Осы дағдылардың барлығын оқушылар, мүмкіндігінше қоғамдық пайдалы сипаттағы нақты тапсырмаларды орындау процесінде алады.Тек негізгі тәжірибелік шеберлікке үйреніп қана қоймай, оқушылар эксперименттік үйірмедегі болашақ жұмыстарына қажетті, оларға таныс емес физикалық құбылыстар мен оның тәжірибелік қолданылуы туралы ұғым алып, жаңа физикалық құралдар мен танысып, қызықты есептер шығарады және оқу кинофильмдерін көреді.
Жаңадан қатынасушылар үйірмесі жұмысының қажетті шарты – жұмыс формасының әртүрлілігі, шұғылдану элементінің, сондай-ақ теория мен тәжірибенің тиімді ұштасуы болып табылады. Жаңадан қатынасушылар үшін үйірме әдетте физикадан сыныптан тыс оқудан тәжірибесі жоқ оқушылардан құрылады. Олар үшін мерзімі бір жылға созылады. Осы уақыттың ішінде оқушылардың ынта-ықыласы, қызығушылығы анықталады да, ал келесі жылы олар арнаулы немесе жалпы физикалық үйірмелерге өтеді. Бұл үйірменің жұмысы программадағы негізгі тақырыптарды терең оқып үйрену мақсатында болғаны жөн.
Физикалық құралдар дайындау және конструкциялау үйірмесі. Оқушылардың мұндай жұмысқа деген тұрақты қызығушылығы мен тәжірибелік бағдарының арқасында, бұл үйірме кең қолдау тапты. Алайда, үйірмедегі оқу тек оқушылардың тәжірибелік жұмысымен ғана шектелсе, онда тәжірибенің көрсетуінше, оқушылардың қызығушылығы тез жоғалады. Бұл үйірмеде оқушылар тек қана тәжірибелік шеберлікке ие болып қоймай, сонымен бірге конструкторлық және теориялық білім алса, сонда ғана үйірме жұмысы жемісті болмақ. Оқушы қандай да бір құрал жасау үстінде, оның атқаратын қызметін айқын біле тұра, сонымен қатар осы құралдың көмегімен демонстрацияланатын физикалық құбылыстың табиғаты қандай, бұл құбылыс қайда кездеседі, оның демонстрациясының тиімді болуы қандай факторларға байланысты деген сұраққа жауап бере алуы керек. Мұндай сұрақтардың қойылуы оқушыдан тиісті әдебиетпен жұмыс істеуді талап етеді. Ал бұл өз тарапынан, үйірме барысында оқушы жаңа құралды демонстрациялаумен қатар, барлық үйірме мүшелерінің жан-жақты дамуына пайдалы боларын мазмұнды хабарлар, баяндамалар жасауына әкеліп соғады. Жасалған прибордың сыртқы көрінісіне де ерекше көңіл бөлген жөн. Құралды мұқият өндеу қажеттігі оқушыны шыдамдылыққа, жігерлікке, құрал-жабдықтарға ұқыпты болуға, басқалардың еңбегін бағалауға тәрбиелейтіндігінен туады. Ал мұғалімнің өзі де оқушылардың жұмысына үлкен құрметпен қарауы керек.
Оқушыларға алдымен жақын арада өтетін сабақта қолданылатын құралдарды дайындауды тапсырған жөн. Бұл оқушылардың оларды жасауға деген қызығушылығын арттырады. Сонымен бірге сызбамен жұмыс істеуге ерекше көңіл бөлу керек. Балалардың сызу сабағынан алған білімін пайдаланып, құралдардың эскизі мен жұмыс сызбаларын сауатты жасауын бағалау қиын емес.
Зерттеу үйірмесі. Бұл үйірменің мақсаты — оқушылардың зерттеу жұмысына деген қызығушылығын ояту, жұмыстың бұл түріне қажет ең қарапайым дағдыларды қалыптастыру. Зерттеу үйірмелеріне физикаға ықыласы жоғары, дарынды деген оқушыларды тарту керек. Оң бір жылдық мектептерде неғұрлым тереңірек білім беру максатында, бағдарлама материалына сәйкес зерттеу элементтері қатыстырылып, зертханалық жұмыс түріндегі тапсырмаларды пайдаланған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет