Оқыту түрі: күндізгі Көкшетау, 2015


Механиканың физика курсындағы ерекшелігі



бет52/82
Дата06.06.2022
өлшемі2,58 Mb.
#146116
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   82
Байланысты:
О ыту т рі к ндізгі

Механиканың физика курсындағы ерекшелігі.
1. Орта мектепте физика курсының механикадан басталуы механикалық процесстердің қозғалыс пішінде болып бақылау үшін ең тиімді болуымен түсіндіріледі. Физикалық жүйелерді модельдеу классикалық механикада олардың механикалық образ бейнелерін жасау арқылы да түсіндіріледі. Бұл оқытушыдан механиканы оқушылардың толық және мықты үйренулеріні талап етеді.
2. Механикада физикалық теориялардың толық келтірілуі ( физика курсының басқа бөлімдерінде мұндай жоқ). Соның үшін оқытушыға механика мысалдары арқылы физикалық теорияның структурасын ашып көрсетуге мүмкіндік береді.
Кез келген физикалық теорияда шартты түрде негізін ядросын және қорытындысын бөлуге болады. механикада механикалық теорияның негізін құрайтындар идеалдырылған обьект материалдық нүкте, эксперименталдық факттердің анықталған саны (Галлилей, Кавандиш және т.б. тәжірибесі) негізгі физкалық шамалар – орын ауыстыру, жылдамдық, үдеу, материалдық нүктенің массасы.
Механикалық теорияның ядросы абстракциялар жүйесін өз ішіне алады (кеңістіктің біртектілігі мен изотроптығы, уақыттың біртектілігі, екі дененің материалдық жәрдемісіз тікелей бір – бірімен әсерлесуі), Ньютон заңдары, күштердің әсерінің бір – біріне тәуелсіздігі принципі, механиканың негізгі мәселелерінің келіп шығуы. Бұл теорияның қорытындысы кез келген уақыттағы, күштегі (немесе қорытқы күші) кеңістіктегі орнын анықтау мүмкіндігі.
Оқушылардың алатын негізгі қорытындылары:

  • Материалдық нүктелерден түзілген тұйықталған жүйенің берілген уақыттағы күйінің координаталарымен импульстері арқылы толық анықталуы,

  • Материалдық нүктлер өзара олардың импульстеррін өзгертетін күштермен әсерлесуі,

  • Механикалық жүйенің кейінгі уақыттағы күйі оның бастапқы күйінен келіп шығып және ол Ньютон теңдеулерімен анықталуы,

  • Өзара әсер қашықтықтан пайда болып (материалдық тасушыларсыз) және лезде беріледі (ұзақтан әсер ету принципі). Ньютон механикасы күштер табиғатын қарастырмайды.

3. Эксперимент теорияның көзі және нақтылықтың көрсеткіші болып табылады. Механикада ғылымның өркендетуші болып классикалық тәжірибелер үлкен мәнге ие, Галилейдің дененің еркін түсуін, Ньютонның маятниктерде инерттік және гравитациялық массалардың теңдігін дәлелдеуі, Кавендиш, Жолли, Рихарцтардың тартылу және гравитациялық тұрақтыны тәжірибеде анықтаулары. Бұларды мектепте жай түрде, қайталау мүмкін емес. Ал компьютерді видеофильмдерді, кестелерді қолдап отырп көру мүмкін. Бұдан тыс дидактикалық тәжірибелерді өткізу мүмкін бұлар үшін арнайы зертханалық құрал – саймандар және механика үшін арнайы приборлар жасалуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет