Омарқожаұлы Нұрберген Омарова Қарлығаш мал азықтандыру пәнінің практикумы



бет61/90
Дата23.02.2022
өлшемі1,32 Mb.
#132924
түріПрактикум
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   90
Байланысты:
Азықтандыру практикумы

Балық ұны. Ұсақ балық пен тағамға жарамсыз балық консервілеу қалдығынан дайындалатын, қорытылымы 85-90% өте кұнды белокті-минералды-витаминді азық. МЕСТ 2116-71 талабы бойынша азықтық балық ұнының ылғалдылығы - 12%, майы - 10%, ас тұзы - 5%-дан аспай, протеині 48% (жоғары сорты - 70%), фосфорқышқылды кальцийі - 28-30% кем болмауға тиіс. Шикізат құрамына байланысты 1 кг-да 0,9-1,5 а.ө, 480-630 г қорытылатын протеин, 20-80 г Са, 15-60 г Р болып, металл қосындысы 0,1 г аспауы керек.
Балық ұны протеиінінің аминқышқылдық құрамы стандартқа, яғни тауық жұмыртқасы ағынікіне жақындайды – 1-да 50 г лизин, 15 г метионин, 6 г триптофан болады. Өңдеу барысында жоғары температураға төзімсіз бірқатар витаминдері ыдырағанымен, рибофлавин (14 мг/кг), никотин қышқылы (175 мг/кг), пантотен қышқылы (100 мг/кг), цианкобаламин (0,8 мг/кг) секілді В тобы мен бауырымен бірге өнделген балық ұнында Д витамині мол болады. Бұзылмауы үшін балық ұнына антиоксидант қосып, көп қабатты тығыз қағаз қапта сақтайды. Құс пен шошқа құрамажеміне 10-12% қосады.
Қауырсын ұны. Құс етін өндіргенде жиналған қауырсынды автоклавта жоғары қысым мен температурада қышқылмен өндеп дайындайды. Қауырсын белогі гидролизденіп, аминқышқылдары қорытылатын болады. 1 сортты қауырсын ұнының ылғалдылығы - 12%, майы - 3%, күлі 12%-дан аспай, протеині 70%-дан кем болмауға тиіс. 1кг-да0,8 а.ө., 500 г лизині, метионині мен триптофаны аз қорытылатын протеин болады.
Бұлармен қатар, жануар тектес азыққа, азықтық тоң майды, арнайы өңделген тері өндірісінің қалдығын, жібек тұтын жатқызуға болады.
Азықтық тоң май бөгде қоспасыз, ылғалы - 0,5%, балқутемпературасы - 42°С, 1 сортының сабындалмайтын қалдығы- 1%, қышқылдық саны - 10, тотығу саны - 0,03%, 2 сортынікі, сол ретпен, 1,5%, 20, 0,1%- дан аспауы керек. Бұзылмауы үшін тығыз жабылатын ағаш бөшкеде антиоксидант қосып сақтайды да, сүтті алмастырушы және құс құрамажеміне энергетикалық қосынды ретінде 5-7% қосады.
Тері өндірісі қалдығын термикалық-химиялық жолмен өңдеп, протеині – 80-90%, майы – 2-3%, күлі – 3-6% балық пен ет-сүйек ұнымен салыстырғанда арзан азықтық қосынды дайындайды. Құрамында триптофаны мен цистині аз гидроллизденген протеині 75% - ға қорытылады. Өзбек ғалымдары (М.Хамракулов, 1985) тері қалдығын қышқыл-сілтілік өңдеу арқылы қоректік затының сақталуын өсіріп, протеинінің биологиялық құндылығын балық ұнын 76%- ға жеткізген.
Жібек тұтын кептіріп, ұнтақтағанда 1 кг-да 0,84 а.ө., 400 г қорытылатын протеин, 2,7 Са, 7,4 г Р бар, әсіресе балыққа құнды азық дайындалады. Майы 20%-дан асатындықтан, ұзақ сақталмайды.
1-тапсырма. Сүт, ет пен балық өндірісінде болып, азықтық қалдықтарының шығарылу технологиясымен танысыңдар. Олардың үлгісінің стандарттық талапқа сәйкестігін бағалаңдар.
2-тапсырма. Тағамға жарамсыз қалдықтар мен ауырып, арықтап өлген малдан ет-сүйек ұнын дайындауда сақталатын санитарлық-малдәрігерлік ережелермен танысып, әр сортты ұнның қоректігін бағалаңдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет