Отбасы туралы жалпы түсінік және оның пайда болу тарихы


Отбасы туралы жалпы түсінік және оның пайда болу тарихы



бет6/23
Дата20.03.2022
өлшемі141,13 Kb.
#136468
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
ОТБАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ – ҚАТЫНАС ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Отбасы туралы жалпы түсінік және оның пайда болу тарихы




  • Отбасы дегеніміз — бұл некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзге де нысандарынан туындайтын, мүліктік және мүлікке қатыссыз жекебасындық құқықтармен байланысқан адамдар тобы. 

  • Д.Горборино отбасын «адамзаттың тәжірибенің негізгі бірлігі» ретінде сипаттады .

  • А.Н.Антоновтың айтуынша, отбасы ата-ана бала қатынасын орнатады, ал неке болса ер азамат пен әйел адамның арасындағы қарым-қатынасты растайтын мойындау болып табылады.

  • А. И. Антонов отбасын «адамдардың біріккен жалпы отбасылық ортақ әрекетіне негізделіп, ата-ана-туысқандық желілермен байланысқан және балалардың өсіп-жетілуі мен отбасы мүшелерінің өмір сүруін қолдау» деп түсіндіреді.

  • А.Г.Харчевтің ұсынған анықтамасы бойынша — «отбасы — бұл жұбайлар арасындағы ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастардың жүйесі, оның мүшелері бір-бірімен некелік және туыстық қатынаспен байланысады, ортақ тұрмыс пен өзара адамгершіліктің жауапкершілікпен, қоғамның қажеттіліктеріне шартталынған әлеуметтік тәуелділікпен сипатталады».

  • А.Б.Харчев отбасы ұғымына «Отбасы денелік өмір мен әлеуметтік ағза өмірінің арасында байланыстырушы звено» — деп анықтама берген.

  • А.Г.Харчев берген анықтама ерекшеленеді: «Отбасы — бұл кішкентай топ ретінде ата-аналар мен балалар арасындағы өзара қарым-қатынастың нақты тарихи жүйесі, оның мүшелері некелік немесе туысқандық қатынаспен, тұрмысының ортақтығымен және өзара моральдық жауапкершілікпен байланысқан және халықтың рухани туындыларымен қоғам сұранысына негізделген әлеуметтік қажеттілік».

  • Н.Я.Совольевтің анықтамасына сәйкес: «Отбасы — ерлі-зайыптылардың одағы мен туыстық қатынастарына негізделген қоғамның кішкентай әлеуметтік тобы, жеке тұрмысты ұйымдастырудың маңызды формасы, яғни бірге тұратын және жалпы шаруашылықты бірге жүргізетін еркек пен әйелдің, ата-аналар мен балалардың, аға мен қарындастың немесе басқа туысқандардың арасындағы қарым-қатынас».



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет