Оқулық Алматы, 013 Қ. А. Абдуқадырова əож 665. 6/. (075. 8) Кбж 35. 514я73 а 14 Пікір жазғандар



Pdf көрінісі
бет57/150
Дата25.04.2023
өлшемі7,49 Mb.
#175345
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   150
Байланысты:
munai

8.2. АҚ жəне АВҚ қондырғылары
Құбырлы қондырғылардың ректификациялы бағаналарында 
қысымға байланысты, олар атмосфералы (АҚ), вакуумды (ВҚ) жəне 


123
атмосфералы-вакуумды (АВҚ) болып бөлінеді. Булану дəрежесінің 
санына қарап, құбырлы қондырғыларды 1, 2, 3 жəне 4 рет буланушы 
деп бөледі. Қазіргі кезде мұнайды атмосфералы қысымда істейтін 
қондырғыларда айдау арқылы мынадай өнімдер алады:
Негізінен, пропан мен бутаннан тұратын сұйытылған 
көмірсу-
текті газ. 
Өнім мөлшері мұнайдың кенорнындағы қондырғылар 
қаншалықты терең тұрақталғанына байланысты болады. Бұл өнім 
күкіртті қосылыстардан тазартылғаннан кейін газ бөлу қон 
дыр-
ғыларына шикізат болады.
Бензин фракциясы
30-180°С аралығында айдалады. Автобензин 
компоненті болады, көбіне каталитикалық риформинг қондырғы-
ларына шикізат болады. 
Керосин фракциясы
120-315°С аралығында айдалады. Ауа реак-
тивті қозғалтқыштарында, жарық алуда, тракторлардың карбю ратор 
қозғалтқыштарында отын ретінде қолданылады. 
Дизель фракциясы
180-350°С аралығында айдалады. Бұрын ди зель 
фракциясын атмосфералық газойль, соляр майы деп атап кел ген бо-
латын. Бұл фракцияны автомобильдерде, тракторларда, теп ло воздар-
да, теңіз жəне өзен кемелерінде орналасқан дизель қоз ғалтқыш тары на 
отын есебінде пайдаланады, гидротазалаудан өткізеді.
Мазут
. Бұл – мұнайды атмосфералық айдаудың қалдығы. Қазан-
дық отыны ретінде пайдаланады. Кейбір кезде термиялық крекинг 
қондырғысының шикізаты болады. 
Гудрон
мазутты вакуумда айдаудан қалған қалдықтар: термия-
лық крекинг, висбрекинг, кокстеу, битум жəне майлар өндіру 
қондырғыларында пайдаланылады.
Мұнай өңдеу зауытында мұнайды жəне мазутты айдау жүйелерінің 
барлық түрлері пайдаланылады, өз алдына тұрған атмосфералық жəне 
вакуумда айдау қондырғылары, құрастырма атмосфера – вакуумда 
айдаудың құбырлы қондырғылары пайдаланылады. Ең алғаш біздің 
елде (1950 жылға дейін) қуаты аз 0,5-0,6 млн.т/жыл АҚ жəне АВҚ 
қондырғылары болды. Соңғы жылдары олардың қуаты 1-3 млн.т/жыл 
өсті. 1967 жылдан бастап мұнайды айдау қондырғыларының қуаты 
6-8 млн.т/жыл жетті. 
Көптеген ескі қондырғылар құрамына мұнайды тұздан айыру, бен-
зин ді тұрақтандыру жəне оны екінші айдау процестері біріктірілген.


124


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет