Оқулық Алматы, 2013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Тау жыныстарының орташа химиялық кұрамы



бет55/159
Дата24.02.2022
өлшемі3,79 Mb.
#133033
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   159
Байланысты:
kabysheva-topyraktanu

Тау жыныстарының орташа химиялық кұрамы. Тау жыныстарындағы химиялық элементтердің кларк үлестеріне байла- нысты олар:

  • мол элементтер, Кларк көрсеткіштері – п 10-п-102;

  • аз элементтер, Кларк көрсеткіштері - п- 10-п -103 ;

- өте аз элементтер, Кларк көрсеткіштері - п- 103-п- 105 болып үш топқа қосылады.
Жер бетіне жақын ауаның химиялық құрамы. Топырақ түзуші жыныстарының құрамымен салыстырғанда топырақ бетіндегі мөлшері өте алшақ.
Келтірілген мəліметтерден азот жер қыртысында аз элемент
қатарында болса, ауа құрамында ол негізгі құраушы элемент. Ауадағы азот – топыраққа берілетін азоттың негізгі көзі. Ол биологиялық тірі организмдерге қажетті белок түзетін элемент. Топыраққа ол ауадан түсетін ылғалдар жəне ауадан азотты сіңіретін микроорганизм- дер арқылы келеді. Ауаның құрамындағы екінші негізгі элемент

  • оттегі. Онымен тотықтандыру реакциялары, соған байланысты тау жыныстарының үгілуі мен топырақ түзу құбылыстары тікелей байланысты. Озон – ауа кұрамындағы өте аз элемент, өте белсенді тотықтырғыш.

Жасыл өсімдіктер үшін жəне топырақ түзуде ауадағы көмір қышқыл газының маңызы ерекше. Жасыл өсімдіктердің жапырағы арқылы фотосинтез жүреді. Осының нəтижесінде көмір қышқыл газындағы көміртегі өсімдіктердің барлық органикалық бөліктерін түзеді, олар кейін топыраққа беріледі. Органикалық заттардың шіріп-ыдырау кұбылыстарынан пайда болған топырақтың қара шіріндісінде (гумус) көміртегінің үлесі – 58%, ол негізінен ауадағы көмірқышқыл газынан түседі.
Жер бетіндегі жəне топырақ кеуектеріндегі көмірқышқыл газы
(СО +Н2О Н2С03) ылғалмен қосылып, көмір қышқылын түзеді.
Топыраққа түсетін ауа ылғалдары мен жерасты суларының
химиялық құрамы. Ауадан түсетін ылғал топырақтағы барлық тіршілік атаулыны жəне ондағы жүретін бүкіл химиялық реакция- ларды қамтамасыз етеді, ерітеді, жуып-шайып тез ерігіш тұздарды топырақ қабатынан əкетеді.
Ауадан түсетін ылғал, əдетте, таза су емес, ол өзімен ауа газда- рын, шаң-тозандарды, тұздарды, қышқылдарды ілестіре келеді. Кей кездерде ауадағы топырақ бетінен немесе теңіз беттерінен ұшқан тұздар ылғалмен еріп, топырақ бетіне қайта сіңіп жатады.
Өсімдіктер мен жануарлар химиялық элементтерді өздерін биологиялық қажеттілігіне байланысты таңдап сіңіреді. Сондықтан күлдік пішіндегі элементтер құрамы жер қыртысындағы элемент- терге қарағанда, тіпті, өзгеше. Тау жынысынан немесе топырақтан тірі организмдердің элементтерді биологиялық сіңіру белсенділігі Б. П. Полынов пен А. И. Перельман енгізген сіңірудің биологиялық коэффициенті арқылы анықталады. Бұл коэффициент өсімдік күлінде элементтің топырақтағы немесе тау жынысындағы элемент- ке қатынасынан алынады.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет