УДК
ББК
Д
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық»
республикалық ғылыми-практикалық орталығы бекіткен
Пікір жазғандар:
А. Б. Майдырова –
экономика
ғылымдарының докторы, профессор;
Р. Ә
.
Байжолова
– экономика ғылымдарының докторы, доцент;
Т. С. Рахимбеков –
экономика ғылымдарының докторы.
© Доғалов А. Н.,
Досмағанбетов Н. С., 2014.
© ҚР Жоғары оқу орындарының
қауымдастығы, 2014
ISBN
УДК
ББК
ISBN
Оқулықта экономикалық теория пәнінің негізгі мәселелері жан-жақты
қарастырылған және оқыту жүйесінің кредиттік технологиясына негізделіп
жазылған. Тақырыптық мәселелер теориялық тұрғыдан ғана емес, өзін-өзі
тексеру сұрақтары,
жаттығулар, есептер, графиктер мен кестелер, тест
тапсырмалары, статистикалық деректер және негізгі ұғымдар көмегімен де
жатық түсіндірілген.
Оқулық экономистер даярлайтын жоғары оқу орнының студенттеріне және
басқа да мамандықтар бойынша оқитын білім алушыларға, оқытушыларға,
сондай-ақ, экономикалық теорияны өз бетінше оқитын оқырман қауымға
арналған.
Доғалов А. Н., Досмағанбетов Н. С.
Экономикалық теория:
Оқулық. /А. Н. Доғалов, Н. С. Досмағанбетов/. –
Алматы, 2014 – 360 б.
3
КІРІСПЕ
«Экономикалық теория» оқулығы Л. Н. Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университетінің Экономикалық теория кафедрасы
оқытушыларының бірқатар жылдар
бойы оқып келе жатқан дәріс
курсының және тәжірибелік сабақтарының негізінде дайындалған.
Әлеуметтік-экономикалық жүйелердің барлық тұрпаттарының
бүгінгі жағдайы мен даму үрдістерін ашып көрсететін қазіргі
экономикалық теорияны баяндау осы аталған оқулықтың негізі болып
табылады. ХХІ ғасыр жекелеген елдердің ішіндегі және әлемдік
масштабтағы барлық экономикалық қатынастар құрылымының
маңызды түрде өзгеруімен сипатталады. Экономикалық қатынастар
бара-бара өркениеттік және әлеуметтік бағытталған сипатқа ие болып
отыр. Дамыған елдерде аралас экономика және халық шаруашылығын
басқарудың жаңа жүйесі
қалыптасқан, мұнда мемлекет көптеген
әлеуметтік-экономикалық қызметтерді орындайды. Қазақстан және
бұрынғы социалистік мемлекеттер 20 жылдан астам уақыттан бері өз
экономикаларының жаңа ұлттық құрылымдарын жасай алды.
Оқулықта экономикалық ой-пікірлердің өткенгі және қазіргі
дамуының барлық жетістіктерін жалпылама түрде көрсететін
экономикалық теорияның пәніне деген қазіргі заманғы көзқарас
сипатталады. Оқулық көптеген аса
көрнекті ойшылдардың эконо-
микалық ілімдер тарихынан сыр шертеді. Онда олардың жетістіктері
мен шешілмеген мәселелері көрсетілген экономикалық теорияның
негізгі бағыттары қарастырылған.
Оқулықта экономикалық өмірдің барлық жақтарын қамтитын
көптеген мәселелерді шешудің жаңа теориялық әзірленімдері
көрсетілген. Оларға, жекелеген тұрғыдан алып қарағанда, өндіріс пен
тұтыну дамуының үш сатысы (индустрияға дейінгі, индустриалдық
және индустриядан кейінгі) туралы бөлімдер, меншік категориясының
экономикалық мағынадағы тұрпаттары, еркін нарықтық экономикада
табыстарды бөлу мәселелері жатады. Қазіргі нарықтық экономиканың
негізгі сұрақтары – нарықтар жүйесінің сипаттамасы мен типтеріне,
әлеуметтік институт ретіндегі нарықтың анықтамасына, бәсекелестік
күрес тәртіптерінің ережелеріне және монополист-фирмалардың
мінез-құлықтарына, монополиялық
қызмет пен бәсекелестікті
мемлекеттік реттеудің тәжірибесін талдауға аса маңызды түрде көңіл
бөлінген.
4
Сонымен қатар, оқулықта қазақстандық экономиканың қазіргі
жағдайына ерекше назар аударылғандығын да атап өткен жөн. Меншік
қатынастарын өзгерткен, нарықтық экономиканы қалыптастырған,
шаруашылық құрылымды қайта құрған және экономиканы басқаруды
жетілдіре түскен экономикалық реформалардың объективтік
қажеттілігі, мазмұны және жүзеге асырылуы ашып көрсетілген.
Сондай-ақ, жалақы деңгейі мен қарқыны туралы мәселелер, инфляция,
жұмыссыздық, экономикалық дағдарыс, бюджет және Қазақстанның
әлеуметтік-экономикалық дамуының
басқа да жақтарына қатысты
мәселелер қарастырылған, экономикалық байланыстардың тәжірибелік
ұйымдастырылуына маңызды орын берілген. Коммерциялық іс-
әрекеттің қағидалары, кәсіпкерліктің қызметтері, өндірістік және
сауда фирмаларында, банк ісінде пайда табудың және оны бөлудің
тетіктері, жалақыны
ұйымдастырудың нысандары, менеджмент
пен фирманы басқарудың әдістері және басқалары қарастырылған.
Осылардың барлығы аса күрделі экономикалық жағдайларда болашақ
мамандардың тәжірибелік жұмыстары үшін өте қажетті болып
табылады.
Оқулықтың барлық тақырыптарында соңғы нақты материалдар
мен статистикалық мәліметтер берілген. Көптеген әлемдік және
отандық белгілі
ғалым-экономистердің еңбектері, соның ішінде
Нобель сыйлығы лауреаттарының еңбектері кеңінен пайдаланылған.
Жалпыға мемлекеттік білім берудің стандарттарына сәйкес
оқулықта дәріс курстарының және тәжірибелік сабақтарды жүргізудің
тақырыптары, сондай-ақ, қосымша машықтандыру тапсырмалары
және тест сұрақтары ұсынылған.
Авторлар осы оқулықты жақсарту бойынша сыни ескертулер мен
ұсыныстарға алдын ала өз алғыстарын білдіреді.