199
2012 жылғы бағалар индексі = 64 / 50×100% = 128%.
ЖІӨ-нің бағалар индексі.
ЖІӨ-нің бағалар индексін
ЖІӨ
дефляторы
деп атайды. Ол тұтынушылық тауарлар мен қызметтердің
бағаларынан, инвестициялық тауарлардың бағаларынан, мемлекеттің
сатып алатын тауарларының бағаларынан
және әлемдік нарықта
сатылған және сатып алынған тауарлар мен қызметтердің бағаларынан
құралады. ЖІӨ дефляторы ақшалай нысандағы,
яғни атаулы ЖІӨ-
ді бағалардың өзгеруіне байланысты түзетуші көрсеткіш болып
табылады.
ЖІӨ дефляторы арқылы әртүрлі
жылдар арасындағы өндіріс
көлемін салыстыруға болады. Әртүрлі жылдар үшін алынатын
бағалар индексінің жиыны бағалардың қаншалықты өскендігін немесе
төмендегендігін анықтауға мүмкіндік береді. Сәйкесінше, біз ЖІӨ-нің
ақшалай, уақытша және сандық көрсеткіш екендігіне көз жеткіземіз.
Оның шамасына өндірілген өнімнің санымен қатар, бағалар деңгейі
де әсер етеді.
Олай болса, біз ЖІӨ-нің екі түрін бөліп көрсетеміз:
1. Атаулы ЖІӨ
–
ағымдағы нарықтық
бағалармен есептелетін
ЖІӨ-нің деңгейі.
2. Нақты ЖІӨ
–
бағалар деңгейінің шамасын (инфляция және
дефляция) есепке ала отырып түзетілген немесе тұрақты бағалармен
есептелетін ЖІӨ-нің деңгейі.
Осыған байланысты ЖІӨ дефляторы
төмендегі формуламен
есептеледі:
ЖІӨ дефляторы = атаулы ЖІӨ / нақты ЖІӨ.
Сәйкесінше:
Нақты ЖІӨ = атаулы ЖІӨ / ЖІӨ дефляторы.
Біздің мысалымызда, 2012 жыл үшін атаулы ЖІӨ деңгейі 64
долларға тең, ал ЖІӨ дефляторы – 128, онда нақты ЖІӨ 50 долларға
тең болады.
Нақты ЖІӨ ұлттық экономиканың даму деңгейін аса нақты түрде
есептей алады.
Достарыңызбен бөлісу: