Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет245/308
Дата31.01.2023
өлшемі4,59 Mb.
#166877
түріОқулық
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   308
Байланысты:
Экономикалык теория

білім деңгейлерінің
әртүрлі болуы. Индивидтің 
кәсіби маман ретіндегі дайындығы неғұрлым жоғары болған сайын, 
оның жалақысы да соғұрлым жоғары болады. Білім деңгейі жоғары 
болу үшін мұндай жағдайда адам капиталына инвестицияны көптеп 
құюдың қажеттілігі туындайды.
3. Адамдар қолындағы 
меншік түрлерінің
әртүрлі бөлінуі. Кейбір 
адамдардың қолында меншіктері аз немесе меншіктері мүлдем 
болмауы мүмкін. Ал келесі бір адамдардың қолында көлік, құрал-
жабдықтар, жер телімдері, жылжымайтын мүлік, т.б. меншіктері 
көп болуы мүмкін. Осындай меншіктері көп адамдар көп табыс таба 
алады.
Табыстардың бөлуіндегі теңсіздіктерді өлшеудің бірнеше 
теориялары бар. Соның ішінде Лоренц қисығы мен Джини 
коэффициенті маңызды орынға ие. Лоренц қисығы – бұл қоғамда 
табыстар ерекшелігінің маңызды индикаторы ретінде табыстарды 
бөлудегі теңсіздерді сипаттайтын графикалық көрініс.
табыстар 
пайызбен
100%
Лоренц қисығы
нақты теңдік
Отбасы пайызбен
0 20 40 60 80 100
абсолюттік теңдік
14.2-сурет. 
Лоренц қисығы


291
14.2-суретіне сәйкес, «отбасылар үлесі» абсцисса осіне, «табыстар 
үлесі» ордината осіне орналасқан. Табыстардың абсолютті тең 
бөлінуі 
ое
биссектрисасымен берілген, мұнда 20% отбасы табыстың 
20%ы-н алады, 40% отбасы табыстың 40%-ын алады және солай 
кете береді. Табыстардың нақты дәрежеде бөлінуі а, в, с, d, e 
нүктелерімен сипатталады. Абсолютті теңдік сызығы мен Лоренц 
қисығы арасындағы боялған бөлігі табыстардың теңсізігін көрсетеді: 
бұл аралық бөлігі ұлғайған сайын табыстарды бөлудегі теңсіздіктер 
де арта түседі.
Жеке табыстан салықтарды алып тастағаннан кейін және 
трансферттік төлемдерді төлеп болғаннан кейін адамдардың 
табыстары біршама тепе-теңдік жағдайға жақындайды (14.3-сурет).
Салықтарды төлегеннен 
кейін трансферттерді 
қоса есептегендегі 
Лоренц қисығы
табыстар 
пайызбен
100%
Лоренц қисығы
(төлемдерсіз)
Отбасы пайызбен
0 20 40 60 80 100


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет