Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет166/595
Дата06.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#80523
түріОқулық
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   595
Байланысты:
Экономикалык теория

1. Артықшылық
– нарықтық баға тепе-теңдік бағадан жоғары 
болғанда ұсыныс көлемінің сұраныс көлемінен артып кетуі.
2. Тапшылық
– нарықтық баға тепе-теңдік бағадан төмен болған да 
сұраныс көлемінің ұсыныс көлемінен артып кетуі.
Осыларды төмендегі сурет арқылы сипаттауға болады.
5.5-сурет. 
Нарықтық тепе-теңдік
Егер P
1
нарықтық бағасы тепе-теңдік бағадан жоғары болса, онда 
тауарлардың артықшылығы орын алады. Ал егер P
2
нарықтық бағасы 
тепе-теңдік бағадан төмен болса, онда тауарлардың тапшылығы орын 
алады.
Баға механизмі арқылы бұл екі құбылысты жоюға болады. 
Біріншіден, тауар артықшылығынан құтылу үшін сатушылар бағаны 
төмендетіп сату көлемін қысқартады, бағаның төмендеуі сатушылар 
үшін тиімсіз, ал сатып алушылар үшін тиімді. Олай болса, артық қалған 
тауарларды төмен бағамен тезірек сатып жіберу үшін сатушылар 
арасында бәсекелестік туындайды. Екіншіден, тауар тапшылығынан 
құтылу үшін сатушылар бағаны көтеріп сату көлемін ұлғайтады
бағаның көтерілуі сатушылар үшін тиімді, ал сатып алушылар үшін 
тиімсіз. Олай болса, тапшы тауарларды жоғары бағамен тезірек сатып 
алу мақсатында сатып алушылар арасында бәсекелестік туындайды.


93


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   595




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет