157
Мұнда, TR (total revenue) – жалпы табыс;
Р (price) –
тауардың бағасы;
Q (quant) – өнім көлемі.
2. Орташа табыс
– өнімнің бір бірлігін сатудан түскен түсім және
ол жалпы табыстың өнім көлеміне қатынасы ретінде анықталады:
AR = TR / Q.
Мұнда, AR (average revenue) – орташа табыс.
3. Шекті табыс
– өнімнің келесі бір бірлігін сатудан түскен
қосымша түсім және ол жалпы табыс
өзгерісінің өнім көлемінің
өзгерісіне қатынасы ретінде анықталады:
MR = ∆ TR / ∆Q.
Мұнда, МR (marginal revenue) – шекті табыс.
Жетілген бәсеке жағдайында фирманың жалпы табысы өнім көлемі
өскен сайын арта береді. Ал орташа табыс пен шекті табыс бір-
біріне тең болады және олар жетілген бәсеке жағдайында өндірілген
өнімге деген сұраныспен анықталады. Жетілген бәсекеде біртекті
өнім шығаратын фирма нарықтағы
қалыптасқан бағаға әсер ете
алмағандықтан оның орташа табысы мен шекті табысы тауардың
бағасына тең болады.
Жетілмеген бәсеке жағдайында монополист, олигополист және
монополистік бәсекелес фирмалар нарықтағы қалыптасқан бағаға
әсер ете алғандықтан өнімнің бағасын шекті табыстан жоғары етіп
тағайындайды және сол арқылы үстеме пайда алу мүмкіндігіне ие
болады.
Достарыңызбен бөлісу: