Жаңа білім Программалаушы – компьютердің тілінде программа құрай-
тын әрі жазатын адам.
Америкалық программалаушы Билл Гейтс
(
1-сурет )
– әлемде-
гі ең танымал адамдардың бірі, кәсіпкер, қоғам қайраткері. Ол
Microsoft Corporation компаниясының негізін қалаушылардың
бірі. Компанияның
Windows программалық өнімі бүкіл әлемде
пайдаланылады. Бұл программалық өнім біздің елімізде де үлкен
сұранысқа ие.
1-сурет .
Билл Гейтс
3-бөлім. Роботтехника. Жоба
88
өткендей, циклдік құрылымдар Scratch ортасында үйренге-
німізге ұқсас. Робот программасында қолданылатын цикл
блоктарының түрі өзгешелеу болғанымен, қызметі мен орын-
далуы бірдей.
Цикл блогы – ішіне басқа командалық блоктарды
орналастыруға болатын арнайы блок.
Цикл блогы қызғылт сары түсті екінші тұрған команда-
лар блогында орналасқан (
2-сурет , көк бағыттама).
Цикл блогының режім-
дері циклдің қашан аяқта-
латынын көрсетеді (
3-су- рет ). Енді соларға тоқта-
лайық.
4-суретте цикл
блогы бар программа беріл-
ген. Программада цикл
блогы болмаса, роботтың дөңгелегі алға екі рет, артқа екі
рет айналым жасап, тоқтайды. Осы программаның цикл
блогындағы режімдерді өзгертсек, қандай нәтиже алаты-
нымызға тоқталайық.
Неограниченный (Шектеусіз) цикл режімі про грам-
маны мәжбүрлеп тоқтатқанша орындалады (
4-сурет ,
қызыл бағыттама). Бұл цикл режімі негізінен роботтың
іс-әрекетті өздігінен орындауы үшін қолданы
лады.
Әсіресе
Шектеусіз циклі роботқа арналған жарыстарда
жиі кездеседі.
4-сурет .
Циклдік программа үлгісі
1
2-сурет . Цикл блогы
командаларының орналасуы
3-сурет. Цикл режімдері
89
Подсчёт (Санау) режімі роботтың іс-әрекетін белгілі бір
санда қайталау үшін қолданылады. Мысалы, роботты алға,
артқа үш рет қозғалту керек болса, осы режімді қолданған
дұрыс (
3-сурет, қызыл бағыттама).