Оқулық ретінде ұсынған ташкент 2022 М. И. Джумаев Математика окыту методикасы. 2022. 212 бет


I-IV және V –VI сынып математикасының арасындағы байланыс



бет19/115
Дата27.10.2022
өлшемі18,22 Mb.
#155233
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   115
Байланысты:
МУМ каз дарслик-20 (2)

I-IV және V –VI сынып математикасының арасындағы байланыс


Бастауыш сыныптарда математикалық білімдердің берік іргетасын қалау қажет, яғни бұл іргетастың үстіне бұдан кейінгі математикалық білімді үздіксіз жалғастыру мүмкін болуы керек. Бұның үшін I-IV сыныптардағы математиканың оқу материалдарымен V-VI сыныптың оқу материалдарының арасында үзіліс болмауы тиіс.
I-IV және V-VI сыныптардың математикасының бағдарламасындағы өзара тізбек міне сол қатаңдыққа мойынсұнған жағдайда жүзеге асырылады. Мысалы, IV сыныпта үйренілген бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу және азайтудың жалғасы V сыныпта үйреніледі. V сынып математикасының I бөлімі “Натурал сан” деп аталады. Бірақ оқушылар натурал санмен бастауыш сыныпта таныс болған. Бұл жерде натурал сан түсінігі кеңейтіріледі, тереңдетіледі және жаңа түсініктермен байытылады. Бұл жерде натурал сандардың бөліну белгілері, ЕҮОБ және EKОЕ түсініктері енгізіледі. Сондай- ақ, теріс сандар, жай бөлшек және ондық бөлшектер, теңдеу мен теңсіздікті басқа тәсілдермен шешу, шешім, түбір сияқты түсініктер енгізіледі. Математика логикаға негізделе отырып, “дұрыс және бұрыс пікірлерін”, “өзгеруші пікірлерін”, “шешімдердің жиыны”, алгебралық амалдар тәрізді түсініктермен байытылады. Сондықтан бұл сыныптардың оқушылары өзара пікірін алысады және бір-бірінің оқу материалымен, оқыту методымен де таныс болуы қажет. V-VI сыныпқа келгенде үйренілген оқу материалдарын кеңейтуді жалғастыру, тереңдету мәселесі қойылады. Сондай-ақ, V-VI сыныпқа өткенде тек қана 4 амал оқытылмай, одан басқа амалдар, теңдеу және теңсіздіктер, бөлшек сандар, геометриялық жасаулар, ауыстырулар тәрізді материалдар қосып оқытылады.



  1. Бастауыш математикасын оқыту методтарының түрлері.

Дидактикаға тиісті болған қолданбаларда білімді баяндау және нығайтудың формалары ретінде төмендегідей оқытудың методтары қаралады: (баяндау, сұхбат, хикая, жаттығу) оқушылармен, оқулық және басқа кітаптармен жұмыс істеу, бақылау, лабаратория жұмысы, өзіндік жұмыстар.
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту процесінде оқыту материалының мазмұнын және оқу сыныбының үлкен-кішілігіне қарап бұл методтардан түрлі орындарда пайдалану мүмкін.

  1. Математиканы оқытуда бақылау

Оқушылармен математикалық пікірлерді бақылау үлкен маңызға ие. Натурал сандардың қасиеттері, арифметикалық амалдардың қасиеттері
геометриялық фигуралардың қасиеттері тағы басқаларды бақылау оқушылардың пікірлеу қабілетін арттырады. Арифметикалық амалдар және сандардың көптеген қасиеттерін төменгі сыныптарда бақылаумен түсіндіру мақсатқа сәйкес саналады. Мысалы, 1-сыныптың оқушылары қосудың орын ауыстыру қасиетін бақылау арқылы жылдам біліп алады.

5+3= , 3+5= , 6+1= , 1+6= , 2+7= , 7+2= .



  1. сыныптың оқушылары осындай мысалдарды шешкен соң, оқытушы бір қатардың шешімдерін теңестіруді ұсынады.

5+3=8 және 3+5=8. Нәтижеде төмендегідей қорытынды шығарады. Қорытынды (мысалдар немен ұқсас).
Бір түрлі қосу амалы орындалады. 5 және 3 бір түрлі қосылғыштар.
8 және 8 бір түрлі болған нәтижелер. Айырмашылығы (немен ерекшеленеді) қосылғыштардың қосу тәртібі ерекшеленеді.
Соған ұқсас басқа да мысалдарды да шешіп, оқушылар төмендегі жалпы қорытындыға келеді: қосылғыштардың қосу тәртібін өзгерткенмен қосынды өзгермейді.
Қарастырған жағдайда бақылау методын қолдану, сондай-ақ, оқытушы жағынан білімдерді баяндауда да, есептеуге тиісті мәселелерді шешуге қатысты басқыштарда да үлкен маңызға ие.

  1. Сұхбат методы.

Оқытушы бір методты, мысалы, сұхбат методын қолданғанда оқушылардың білу қызметін жан-жақты арттыру мүмкін.
Мысалы: 100 ішінде номерлеуді оқытуда оқушыларға қандай сандар бір таңбалы және қандай сандар екі таңбалы екенін, одан кейін екі цифрмен өрнектелген сандарды екі таңбалы сандар деп аталуын айтып өткен жөн. Сондай-ақ, сұхбат барысында неше цифрмен нөлдің өрнектелуін және 1 ден 9-ға дейін неше сан, 10-нан 99-ға дейін неше санның бар екенін баяндау қажет.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет