Оқулық ретінде ұсынған ташкент 2022 М. И. Джумаев Математика окыту методикасы. 2022. 212 бет



бет61/115
Дата27.10.2022
өлшемі18,22 Mb.
#155233
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   115
Байланысты:
МУМ каз дарслик-20 (2)

Масса (салмақ, ауырлық)




Бұл бөлімде оқушылар масса (салмақ, ауырлық) ұғымы және оның өлшем бірлігі — “килограммен” танысады. Бұл тақырыпты үйренудегі атауларға жеке ықтияттылықпен жанасу қажет. Өйткені соңғы уақыттарға дейін массаны қарапайым таразда тартып оның көрсеткіштерін “ауырлық”, деп аталатын еді. Масса мен ауырлық бір зат емес. Ауырлық — массаның жылдамдыққа көбейтпей тұратын күш болып табылады. Сондықтан балаларға сұрақ берілгенде “осы предметтердің ауырлығы қанша?” деп емес, “осы предметтің массасы қанша?” деп сұрау қажет болады. Сұрақтың мұндай түрінде қойылуы бірінші сыныпта енгізілген.


Масса туралы түсінікті қалыптастыру методикасында төмендегі қатынастарды ажырату мүмкін. Балаларда масса туралы қандай түсініктің бар екенін анықтау қажет. Оның үшін оқытушы осындай жағдайда пайдалануы мүмкін:
Столға екі бірдей түсті және өлшемді екі кубик қою тиіс (олардың бірін ағаштан, екіншісін кардоннан жасау мүмкін. Олардың сыртқы көрінісінде айырмашылығы болмауы тиіс). Бұл екі кубик бірдей болса да оқытушы олардың арасында айырмашылықтың бар екенін түсіндіруі қажет. Сонда балаларда кубиктің айырмашылғы неде екендігіне қызығу оянады. Кейбір балалар кубикті жақын келіп, тіпті қолына көтеріп те көреді. Сонда оқытушы “ауырлау” және “жеңілдеу” предметінің массасымен байланысты болған сапасы екенін түсіндіреді. Математикада “ауырлау”, “жеңілдеу” сөздерінің орнына “Осы предметтің массасы көп (немесе кем)” деген ұғымдарды қолданады. Содан соң оқытушы әр оқушыға (массасына орай бір-бірінен ерекшеленетін) екі кітапты екі қолына алып, олардың қайсы бірі ауырлау екенін сұрайды. Жауап әр түрлі болуы мүмкін. Сонда оқытушы предметтер
массасын қолға алып, шамалау қиын екенін тұсіндіреді. Мұндай жағдайларда ең қарапайым тасты таразыдан пайдалану мүмкіндігін түсіндіреді және предметтердің массасын салыстыру процесінде одан пайдалану жолдарын түсіндіреді. Ал қажетті тәжірибе практикалық жаттығулардың барысында қолға енгізіледі. Оқушылардың назарын таразының бос тұрғандағы көрсеткіш тілінің жағдайына, сосын тарызыға әртүрлі зат қойғаннан кейінгі жағдайына аударады.
Оқытушы балаларға ұзындықты өлшеуде қолданылғанындай, массаны өлшеу үшін өлшем бірлігі қажеттігін айтады. Мұндай өлшем бірілігі ретінде “килограмм” қабылданған.
Оқытушы 1 кг, 2 кг, 5 кг-дық таразының тастарын көрсетеді. Оқушылар тастарды өлшеу (тарту) бойынша жаттығулар өткізеді. Мұның нәтижесінде олар мөлшерлер туралы түсініктерді кеңейту, өлшеммен байланысты басқа да тақырыптарды кеңінен аңғару, есептеу бойынша дағдыларды бүтіндейді.
Массалардың қосындысы, алымын немесе қалдығын табумен байланысты мәселелерді шешу процесінде оқушылар бірдей нормадағы бірліктерде өрнектелген мөлшерлерді қосу және азайтуға тиісті міндеттерді орындайды.
1-тапсырма.
Оқулықтан бірдей атаудағы массаның мөлшерін қосу және алуға қатысты мәселелерді табу.
Оқушылар грамм өлшем бірлігі мен оның басқа масса өлшем бірліктерімен қатынасы туралы мәліметке ие болады.
1 кг=1000 гр
3-сыныпта — сантиметр және тонна өлшем бьерліктері және олардың арасындағы қатынастрады үйренеді.
Мысалы: 1 т =1000 кг 1 т = 10 ц 1ц = 100 кг
Мұндай қатынастар төмендегі жаттығуларды орындау процесінде оқушылардың санасында орналасып қалады:
а) килограмдарда өрнектңіз: 20 т. 006 кг 8000 гр.
ә) грамдарда өрнектеңіз: 1 кг-0,25 гр 2 кг 050 гр. б) центнерлерде өрнектеңіз: 9 т -6 ц 8000 кг.


Салыстырыңыз (төртбұрыштарды <,>,= белгілерімен ауыстырыңыз): 12 т 1200 кг; 32гр 32 кг; 4 т 8 ц 480 кг; 220 ц 20 т 2 ц
2-тапсырма.
Оқулықтан массаларды қосу және азайтуға тиісті жаттығуларды табыңыз (массаны қарапайым цифрлы сандарға бөлу және көбейту).
Сабақтардың әдіс-тәсілдерін пайдалану мақсатқа сай болады деп ойлаймыз?





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет