Резисторларды (өткізгіштерді) параллель қосудың практикада қолданылуының мысалы ретінде лампылы реостатты қарастыруға болады. Практикада «жүктеме» деген термин жиі қолданылады. Оқушыларға неғұрлым кедергі аз болса, соғұрлым тізбекте ток және «жүктеме» көп болатынын түсіндіру керек. Лампылы реостаттағы параллель қосылған лампылардың санын арттыра отырып, біз лампылы реостаттың кедергісін азайтамыз да, тізбектегі «жүкті» көбейтеміз. Электр тогының жұмысы мен қуаты Электр тогының жұмысы энергияның бір түрінің (электр өрісінің энергиясы) екінші түріне (денелердің ішкі энергиясының механикалық энергияға және энергияныңбасқа түрлеріне) айналу процесін сипаттайтыны айтылады. Металдардағы электр тогы электр өрісі тарапынан әсер ететін күштің әсерінен электрондардың реттелген қозғалысы болғандықтан, тізбектегі электр тогының жұмысы деп өткізгіштегі электрондардың орын ауыстыру бойынша электр өрісінің күш жұмысын айтады. Қандай да бір тізбек бөлігі ұштарындағы кернеу осы бөлікте бір кулон электр мөлшері жүріп өткенде атқарылатын жұмысқа тең. Кернеуден жұмыс шамасын есептеуге көшеді: А = Uq, Мұндағы А - жұмыс, U – кернеу, q – электр мөлшері. Сонымен, алдымен A=Uq формуласын енгізеді, өйткені бұрын осы формула арқылы кернеуді U енгізген. Осы формуладан кейін, іс жүзінде көп қолданылмайтын формуласына өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |