Практикалық ЖҰмыс #1: Ежелгі дәуір тіл білімі



бет18/26
Дата16.12.2021
өлшемі46,91 Kb.
#101956
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26
Байланысты:
ЛИНГВ СОЗДЕР

Расмус Кристиан Раск.

Расмус Кристиан Раск (1787-1832) – Копенгаген университетінде оқыған. 1823 жылдан бастап осы университеттің профессоры. Ол 20-шақты тілді білген, испан, италян, француз, көне ағылшын, швед, т.б. көптеген тілдердің грамматикасын жазған.

Расктің тілдер фактілерін салыстырудан туған ең көрнекті еңбегі «Ежелгі солтүстік тілдері және неміс, исланд тілдерінің шығуы туралы зерттеулер" деп аталады. Бұл еңбегінде автор – гот (герман) тілдерінің латын, грек тілдерімен туыстастығын дәлелдейді.

Ол өзінің 1818 жылы басылып шыққан "Исланд тілінің шығу тарихы" атты еңбегінде – тілдер туыстастығын білдіретін негізгі белгілер не екендігін жан-жақты көрсетеді. Ол - тілдердің сөздік жағынан бір-біріне ұқсастығы тіл туыстастығының кепілі бола алмайды, бір тілден екінші тілге сөз ауыса береді, тіл туыстығының белгісі - олардың грамматикалық жағынан ұқсас болу, өйткені грамматикалық формалар бір тілден екіншісі тілге ауыспайды деген қорытынды шығарды. Тілдер туыстастығының екінші бір кепілі - дыбыстар алмасуындағы заңдылықтар мен негізгі сөздік қордың ұқсастығы дегенді баса айтады. Өзінің осы тұжырымына сүйене отырып, Раск көптеген еуропалық тілдер фактілерін бір-біріне салыстыра зерттейді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет