Практикалық сабақ №1 (2 сағат)


Практикалық сабақ № 9 (2 сағат)



бет9/13
Дата08.02.2022
өлшемі95,61 Kb.
#125425
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Практикалық жұмыс. «Кіші мектеп жасындағы балалардың жаңартылған математикалық білім негіздері» (2)

Практикалық сабақ № 9 (2 сағат)
Тақырыбы: Рационал сандардың жиыны
Мақсаты: Студенттердің рационал сандардың жиыны тақырыбынан алған білімдерін тиянақтау, тапсырмаларды тексеру.
Тапсырмалар:
1. Комплекс санның нақты және жорымал бөлігін атаңыз: 3+2i; 3+2i; -3-i; 3-2i; 3+0i; 0+2i; 0+0i.
2. Координаталық жазықтықтағы комплекс сандарға сәйкес келетін нүктелерді белгілеп көрсетіңіз: 3+2i; -3+2i; -3-2i; 3-2i; 0+0i; 0+i; 0+0i.
3. Координаталық жазықтықтағы комплекс сандарға сәйкес келетін векторларды кескіндеп көрсетіңіз : 4+3i; -4+3i; -4-3i; 4-3i; 0+0i; 0+3i; 4+0i.
Практикалық сабақ № 10 (2 сағат)
Тақырыбы: Нақты сандардың жиыны
Мақсаты: Студенттердің нақты сандардың жиыны тақырыбынан алған білімдерін тиянақтау.
Тапсырмалар:
1. Есепті әртүрлі әдіспен шығарыңыз. Берілген есептерге кері есептер құрыңыз және шығарыңыз.
а) Теміржол көпірі үш аралықтан тұрады. Бірінші аралықтың ұзындығы 61 м. Үшінші аралықтың ұзындығы біріншісінікінен 27 м ұзын, ал екіншісінің ұзындығы біріншісінікінен 17 м қысқа. Көпірдің ұзындығын табыңыз.
б) Дүйсенбі күні қоймадан 54 тонна көмір, ал сейсенбі күні одан 8 тонна артық көмір жөнелтті. Сәрсенбі күні сейсенбі күнгіге қарағанда 25 тонна кем көмір жөнелтті. Үш күнде қоймадан неше тонна көмір жөнелтілді?
в) Тақтайдың ұзындығы 15 метр. Одан 6 м кесіп алды, ал қалғанын 3 тең бөлік шығатындай етіп кесті. Әр бөліктің ұзындығын табыңыз.
г) Бір бөлігі екіншісінен 4 есе артық болатындай етіп, жіпті екі бөлікке бөлді. Бірінші бөліктің ұзындығы екіншісінікінен 18 см ұзын болса, онда жіптің ұзындығы қандай болғаны?
д) Бір жерден бір мезгілде қарама-қарсы бағытта екі жаяу адам жолға шықты. 2 сағаттан кейін олардың арасы 16 км болды. Егер екінші жаяу адамның жылдамдығы 5 км/сағ болса, онда бірінші жаяу адамның жылдамдығы қандай болғаны?
е) Мотоциклші екі пункттің арасындағы 600 км қашықтықты 30 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтуі тиіс еді. Жолда ол 4 сағат аял-дауға мәжбүр болды. Межелі жерге уақытылы жету үшін, оған аял-дағаннан кейін жылдамдығын екі есе арттыруына тура келді. Қозға-лыс басталғаннан кейін қандай қашықтықта мотоциклші аялдады?
2. Есепті әртүрлі тәсілмен шығарыңыз.
а) Көкөніс дүкеніне 5 т 180 кг картоп әкелді. Дүкеннен бір дүңгір-шекке 1 т 400 кг картоп, ал екіншісіне 840 кг картоп жөнелтілді. Дүкенде қанша картоп қалды?
б) Стол орындықтан 9 есе қымбат. Олар бірге 4000 теңге тұрады. Орындық неше теңге тұрады? Орындық столға қарағанда неше теңге арзан?
в) Ауылдан қалаға қарай тас жолмен немесе сүрлеу жолмен баруға болады. Тас жол сүрлеу жолдан 3 есе ұзын. Егер сүрлеу жол тас жолдан 6 км қысқа болса, онда тас жолмен жүргендегі қала мен ауылдың арасы неше километр болғаны?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет