Программа дисциплин Форма для студентов фсо пгу


тақырып. Аддиктивті жүріс-тұрыс. Маскүнемдік. Нашақорлық. Психологиялық көмек және психокоррекция



бет11/15
Дата26.09.2022
өлшемі396 Kb.
#150849
түріПрограмма
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
10 тақырып. Аддиктивті жүріс-тұрыс. Маскүнемдік. Нашақорлық. Психологиялық көмек және психокоррекция.
Аддиктивті жүріс-тұрыс. Маскүнемдік. Нашақорлық. Психологиялық көмек және психокоррекция. Аддикциялардың басқа формалары: дәрі-дәрмекке тәуелділік, темекі шегу, трудоголизм, тағамға тәуелділік. Аддиктивті жүріс-тұрыстың коррекциялық әдістерді қолдану.
Дағдарыс кезіндегі тұлға және суицидология. Дағдарыс кезіндегі адамның жүріс-тұрыстың түрлері және типтері. Суицидалды жүріс-тұрыс. Суицид кезіндегі психотерапия және психокоррекция. Суицидологиялық қызмет.
11 тақырып. Нейропсихология және медициналық психологиядағы оның мәні.
Нейропсихология пәні. Нейропсихологияның орталық проблемасы –психикалық іс-әрекеттердің милық негізі. Психикалық іс-әрекеттің ми негіздерінің нейропсихологиялық талдауы. Жалпы психологиялық мәселелерді шешудегі нейропсихологиялық зерттеудің маңызы. Психикалық функциялардың локализация проблемасына көзқарастар ауысуының негізгі кезеңдері. Осы мәселелерді шешу жолдары. Нейропсихологияның дамуына А.Р.Лурияның үлесі.
12 тақырып. Психикалық іс-әрекеттің ми негіздерінің нейропсихологиялық талдауы.
Психикалық іс-әрекеттің ми негіздерінің нейропсихологиялық талдауы. Жарты шараралық ассиметрия және жарты шараралық ара-қатынас мәселесі. Клиникалық және нейропсихологиялық синдромдар. Нейропсихологиялық синдромдарды құрастыру және бөліп шығару принциптері, әртүрлі нейропсихологиялық синдромдардың сипаттамасы. Мидың локальді патологиясында психикалық процестердің бұзылуларының диагностикалыұ әдістері.
13 тақырып. Мидың локальді патологиясында психикалық процестердің бұзылулары.
Мидың локальді патологиясында психикалық процестердің бұзылулары. ЖПФ-ң бұзылу синдромы кезіндегі оң және сол жақ жарты шарлардың зақымдалуы. Қозғалыс пен іс-қимылдың бұзылуы. Апраксия түрлері. Қабылдаудың бұзылуы. Көру агнозиясының түрлері. Агнозия түрлері жөніндегі қазіргі заманғы түсінік. Сөйлеудің бұзылуы. Афазия түрлері. Ойлау процестерінің нейропсихологиялық бұзылуы. Мидың маңдай, самай, шүйде, төбе,оң және сол жарты шарлары зақымдалған кезіндегі ойлаудың бұзылуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет