~ 316 ~
Науқас мінезі бойынша кҥмәншіл, ҥрейшіл, аздап ипохондриялы (ренішін ҧзақ
жҥрегінде ҧстайды, бірақ сырттай білдірмейді). Кҥйеуіне қарсы шықпай, ҧрыс- керістің
алдын алып отырған.
Етеккірі 10 жасынан басталған, 4 жҥктілік: ҥшеуі қалыпты, мерзімінен бҧрын
босанулар, біреуі жасанды тҥсік. 42 жасынан менопауза.
Балалар инфекцияларымен ауырған. 2 рет тік ішек полипозымен оперцияға тҥскен.
Кҥйеуінің сырқаттануына байланысты науқас қайғыға шомып, еңбекке қабілеті
тӛмендеген: ӛзіне тән емес «еріншектік» пайда болып, ҥй жҧмысын әрең атқарған.
Ҧйқысы бҧзылған, әсіресе таңертеңгі мезгілде ӛзін нашар сезінеді. Бір айдан соң кҥйеуі
жазылып шыққан, ал ӛзінің жағдайы одан әрі нашарлап кеткен: ҥрей пайда болып, бір
жайсыз жағдайлар болып қалатындай кҥтуде болған. Тҧрмыстық мәселелер
шешілмейтіндей болып кӛрінген. Ӛз ӛмірі жайында ҥнемі ойға шомып, тек жағымсыз
сәттерін есіне алып, ӛмірі сәтсіз қалыптасты деп сары уайымға тҥскен. Ауруханаға
жатқызылған.
Психикалық кҥйі: науқаспен қарым – қатынас формальды; жәй дауыспен, бір
ырғақпен, тежеліп сӛйлейді. Әңгіме жҥргізгенде белсенділік білдірмейді тек берген
сҧраққа жауап беріп отырады. Бет әлпеті маска тәріздес, қайғы мен шаршағандықты
білдіреді. Жабырқау кҥйге, жақындары мен жанҧясы ҥшін ҥрейленетініне шағым айтады.
Барлығы қҧрыды, шатастым дейді. Барлық пәленің кҥнаһары ӛзіммін деп есептейді: «Мен
жексҧрынмын, оңбаған адаммын, маған ӛмір сҥруге болмайды» деп сӛгіледі. Бӛлімшеде
ешкіммен араласпайды, тамақ, дәрі қабылдағысы келмейді, кӛп уақытын тӛсекте жатып
ӛткізеді. Науқасты тыныштандыруға тырысқанда тітіркенумен, ашумен жауап береді.
Кезеңдермен ҥрейленіп, қызметкерлерге бір сҧрақты қайталап қоя береді.
Достарыңызбен бөлісу: