140
Шымкент Түркістан–Сібір теміржолындағы негізгі
теміржол торабы, маңызды мәдени орталық болып
табылады, мұнда халықаралық әуежай орналасқан. Елді
мекенде өнеркәсіптің түрлі салаларының – мұнай,
химия,
жеңіл
және
тамақ
өнеркәсіптерінің
кәсіпорындары жұмыс істейді. Бірнеше жоғары оқу
орындары бар – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан
мемлекеттік университеті, Медицина академиясы және
М.Сапарбаев атындағы Гуманитарлық университет.
Атбасар елді мекені – Ақмола облысында орналасқан,
өзімен аттас ауданның орталығы. Облыс орталығы
Көкшетау қаласынан оңтүстікке қарай Жабай өзенінің
оң жағалауында орналасқан. Қала халқының саны 2018
жылы 28 735 адам болды. Халқының саны бойынша
Атбасар елімізде 51-орында, облыс бойынша 4-орында.
Қала
–
теміржол
торабы,
ауылшаруашылығы
шикізаттарын өңдеу орталығы. Елді мекенде жөндеу-
механикалық және электровоз жөндеу зауыттары жұмыс
істейді. Атбасарда 8 мектеп, С. Сейфуллин атындағы
Аграрлық университеттің филиалы және Астана
қаласындағы экономикалық-заң колледжінің филиалы
бар.
Балықшы елді мекені – Атырау облысында орналасқан.
Атырау қалалық әкімшілігінің құрамына кіреді. Жайық
өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан. Балықшы
ауданының орталығы. Кент тұрғындарының саны 13 584
адамды құрайды. Балық өнеркәсібінің орталығы. Атырау
балық-консерві комбинаты, Кеме жөндеу зауыты,
Құрылыс материалдары комбинаты жұмыс істейді. Білім
беру мекемелерінен Балық өнеркәсібі
техникумын
атауға болады.
Баянауыл елді мекені – Павлодар облысы Баянауыл
ауданының орталығы. Сабындыкөл көлінің жанында
Баянаулы
тауларының
баурайында
орналасқан.
Баянауылдың төңірегі – демалыс орындары, 1985 жылы
Баянауыл ұлттық паркі деген атау берілген. Парктің
көрікті жерлері – Жасыбай мен Торайғыр көлдері.
Мемлекеттік ұлттық паркте туристік база құрылған,
демалыс үйлері, балалар лагерьлері жұмыс істейді.
Кенттің тұрғындарының саны 5866 адам.
Достарыңызбен бөлісу: