9 Дәріс. Тегершіктерді, шкивтерді, тісті доңғалақтарды жасау.
Тегершіктер мен шкивтерді, 9.1 сурет, құрылымы жағынан төлке типтес тетіктерге жатқызуға болады. Бұл оларды жасаудың екі негізгі вариантын анықтайды: патронды және құралбілікті. Біріншісінде дайындама бүйіржағымен және диаметрлі өлшемдерімен жұдырықшалы патронға бекітіліп өңделеді, әдетте екі орнатумен. Екінші вариантта бірінші центрлі тесік өңделеді, содан кейін дайындаманы құралбілікке отырғызылғаннан кейін, тетіктін барлық пішіні бір орнатуда өңделеді. Үлкен габаритті тегершіктер мен шкивтерді жасаған кезде патронды вариантты қолданады, бұл айналма үстелді және кеңейжону білдектерді қолдануға өте тиімді.
а б
а – тегершік; б – шкив
9.1 сурет – Тегершік және шкив
Қарастырылып отырған тетіктер үшін сипаттамалық талаптар болып жетекті белдіктерге қондыру тесіктері мен фасонды беттердің дәлдігі және де айналу осіне қатысты теңгерілгендігі табылады. Үлкен тегершіктер мен шкивтер үшін дайындама болып шойын немесе болат құйма, көбнесе соғылма, ал кішігірім өлшемдер үшін қалыпталған дайындамалар табылады.
Тегершікті өңдеу маршруты 9.1, а- сурет, келесі кезеңдерден тұрады.
Центрлік остін жағдайын, 1-1 мен 2-2 бүйіржақтарын белгілеу, және барлық өңделетін беттердегі әдіптердің жеткілікті екенін тексеру.
Т, N, К, Р беттерді және центрлік тесікті бір жағынан айналма үстелді білдекте алдын ала өңдеу. Орнық болып М бүйірі мен I-I осі табылады. Дайындама жұдырықшалармен Т бетіне бекітіледі.
Дайындаманы сол білдекте келесі жағынан өңдеу (М, S беттері, өңделмеген бөлігі Т беті мен центрлі тесік). Орнықтар - N бүйірі мен I-I осі.
Көрсетілген алдын ала өңдеу токарлы білдектеде жүргізілуі мүмкін, егер дайындама радиусы білдек центрінің биіктігінен кіші болса.
Ішкі кернеулерді тұрақтандыру үшін жасанды және шынайы ескіру.
Барлық беттерді соңғы өңдеу үшін 2 және 3 кезеңдердің қайталануы.
Тетіктерге отырғызу тесігінің пішіні, 9.1, б суретте көрсетілген, технологиялық болып келеді. Ол бір орнатумен отырғызу белдеушесін өңдеуге мүмкіндік береді, яғни олардың жоғары центрлігін алу. Басқ құрылымдар үшін 9.1, а суретте көрсетілгендей екі орнату қажет.
Радиалды-бұрғылау білдегінде екі орнатумен тетіктін екі бүйірінен бекіту тесіктерін бұрғылау мен қию. Тетікті бұрғылауды белгілеу бойынша немесе салмалы кезеулеткіш қолданумен жүргізеді.
7. Тетікті құралбілікте теңгереді (балансировка). Теңгерілмегендіктің орыны мен әсері анықталғаннан кейін есептелген тереңдікте берілген диаметрмен тесікті бұрғылау арқылы металдың қажетті көлемі алынып тасталынады. Бұл операцияны радиальды-бұрғылау білдегінде, ал тетіктің габариті аса үлкен болса тасымалданатын бұрғылау білдектерінің көмегімен орындайды.
Тісті жұптар. ҰБЖ тісті берілістердің әртүрлі типтері қолданылады: цилиндрлі түзу, қиғаш және шырша тістерімен; конусты түзу, қиғаш және қисық сызықты тістермен; бұрамдық қарапайым және глобоидті. Құрылымдық түрде оларды тісті дискілер, сатылы ернемектер мен жиынтықты, сатылы біліктер түрінде т.с.с. орындайды.
Жасау үрдісін екі кезеңге бөлуге болады: тісті қиғанға дейінгі және тісті қию. Құрылымы жағынан дайындаманы өңдеу бірінші кезеңде диск, ернемек және сатылы білік типтес тетіктерді жасау маршрутына ұқсас. Дискілер мен ернемектер үшін екі негізгі варианттар мүмкін: 1) патронды, мұнда дайындамаларды екі орнатумен бірінші бір бүйірінен содан кейін екінші бүйірінен токарлы, айналма үстелді және кеңейжону білдектерінде өңдейді; 2) құралбілікті, бірінші кезекте центрлік тесікті токарлы, бұрғылау, кеңейжону немесе тартып өңдейтін білдекте өңдейді, ал содан кейін центрлік құралбілікке орнатқаннан кейін барлық сыртқы контурын өңдейді. Ірі, тісті доңғалақтар үшін патронды вариант қолайлы. Тісті доңғалақ-біліктерді әдетте екі орнатумен токарлы әмбебап, гидрокөшірмелі және көп кескішті білдектерде центрін өңдейді.
Тісті берілістердің негізгі бөліктері 7-8 дәлдік дәрежесі бойынша домалату әдісімен жұмыс істейтін әртүрлі білдектерді қолданумен жұргізіледі: тіс жоңғылау, тіссүргілейтін, тіс қашауыш. Әсіресе ірі тісті доңғалақтар мен біліктерді 9-10 дәлдік дәрежесін қамтамасыз ете отырып көшіру әдісі бойынша қияды.
Келтірілген тетік үшін дайындама алу тәсілдері әртүрлі. Олар пішініне, тетіктін өлшемі мен материалына, олардын қажет санына, және де өндірістің техникалық және ұйымдастырушылық мүмкіндіктеріне байланысты. Көп жағдайларда кіш диаметрлі кішігірім сатылы тісті доңғалақтар мен біліктер үшін домалақ илемді пайдаланады. Егер қажетті дайындама саны көп болса қалыптауды, ал құйылған дайындамаларды алу үшін құюдың әртүрлі тәсілдерін қолданады. Үлкен өлшемді тетіктер үшін негізгі дайындам болып құм қорамда алынатын құймалар мен соғылмалар табылады.
Қарастырылып отырған тетіктерге негізгі техникалық талаптар – тісті пішіннін дәлдігі (сәйкес МЕСТ тармен ережеленеді) және оның қондыру тесігімен немесе білік мойынымен остестігі.
Цилиндрлі тісті доңғалақты жасау екі кезеңнен тұрады. Дайындаманы өңдеудің бірінші кезеннің басты міндеті сапалы технологиялық орнықтарды жасау, екінші кезең үшін тісті қию болып табылады. Тісті қию орнық болып центрлік тесік және тісті доңғалақтың бүйірі немесе білік мойыны (көбнекей бүйіріндегі центірлік тесіктер)табылады. Дайындаманы токарлық немесе айналма үстелді білдектерде өңдеу тетіктің сыртқы және ішкі беттерінің центрлестігін қамтамасыз етуі тиіс.
9.2 сурет- Тісті доңғалақ
Тісті доңғалақтың құйылған дайындамасын тіс қиюға өңдеу маршруты, 9.2 сурет, келесі кезеңдерден тұрады:
1. Айналма үстелді білдекте дайындаманы реттелетін төсем бүйіріне 1 орнатады және оның осьтестігін тоғынның 2 ішкі беті бойынша білдек айналма үстелдің айналу осімен теңгереді. Барлық өңделетін беттерде әдіптің жеткіліктілігін тексереді. Тетікті күпшектін өңделмейтін беттері бойынша жұдырықшаларды қатты (в распор) бекітеді. Ішкі тесіктерді 6 және сыртқы цилиндрлік беттерді 3 өңдейді, бүйірлерін қияды 4, 5.
2. Осы білдекте дайындаманы бүйірі 4 бойынша орнатады және айналма үстел осьтестігін I -I ось бойынша теңгереді. 3 және 6 беттерді соңғы рет өңдейді, бүйірін 1 қияды және оған домалақ таңбалау сызықізін салады.
3. Кілтек ойығының 7 күйін белгілейді. Дайындаманы орнықты бүйірімен 1 қашау немесе көлденең-сүргілеу білдектеріне орнатады және кілтек ойығын өңдейді.
Бақылау және орнықтық бүйірде сыртқы диаметрдін мәнін таңбалағаннан кейін тетік тісті қиюға жіберіледі.
Егер ішкі кернеулерді тұрақтандыру үшін тісті доңғалаққа ескіру операциясы қажет болса бірінші кезеңі алдынала және соңғы өңдеуге бөледі (термиялық өңдеуден кейін).
Кейде центрлік тесікті жону мен кілтекті ойықты сүргілеуді тартажонумен алмастыруға мүмкіндік болады. Тартажону кезінде тесіктің жылжып кетуі байқалатынын ескеру керек. Сондықтан да цилиндрлік бетте тісті қиюға цилиндрлік бетте өңдеген кезде жанға қарай 3мм әдіпті қарастырады. Тартажонудан кейін сыртқы цилиндрлік бетті соңғы өңдеуді құралбілікте орындайды. Қолданыстығы тартажону білдектері мен бірыңғайланған кілтекті тартажонулар диаметірі 2000 мм дейінгі тісті доңғалақтарда кілтек ойықтарын алуға мүмкіндік береді. Аса үлкен диаметрлі тісті доңғалақтар үшін кілтек ойықтарын алудын бірғана тәсілі болып көлденең-сүргілеу білдегін қолдану табылады. Тетікті 1 бұрыштықтарға бекітеді 2, 9.3 сурет, бойлық жазықтықта I -I ось бойынша білдектін сүргілеу құралкүймешегінің 3 жүріс бағытына параллельдігіне дұрыстайды. Кілтекті ойықты алудың бұл тәсілінің дәлдігі төмен, соған байланысты құрастыру кезінде қиылыстыру жұмыстарының еңбек сиымдылығы артады.
Тісті пішінді қалыптастыру тісті жұптарды жасаудың ең жауапты кезеңі болып табылады, өйткені тісті қиюдың барлық қателіктері тісті іліністердің сапасына әсер етеді.
Тістерді қию үшін тістіжоңғылау, тіссүргілеуіш және тісқашау білдектерін (домалату әдісі) және де дискілі, фассонды және саусақты жонғыштарды қолдануға болатын (көшіру әдісі) білдектерді қолданады. Кей жағдайларда тісті доңғалақтарды суықтай және ыссы бүрлеуге арналған білдектерді қолдануға болады. Келтірілген жабдықтың екі құрылымдық түрі бар: дайындаманың тік ось бойынша айналуымен (дискі типтес тісті доңғалақтарды өңдеуге арналған) және дайындаманың бойлық ось бойынша айналуымен (тісті доңғалақ-біліктер үшін).
9.3 сурет – Тісті доңғалақты бұрыштарға (угольниках) орнату
Технологиялық мүмкіншіліктері көп тіс жоңғылау білдектері кең қолданыс тапты. Бұл білдектерде бұрамдық жонғышпен түзутісті, қиғаштісті, шыршалы және бұрамдық доңғалақтарды қиюға болады. Қосымша құрылғылар бар болса бұнда ұшатын кескіштерді (летучие резцы), саусақты және пішінді жонғышты қолдануға, ішжағынан ілінісетін тісті доңғалақтарды қиюға болады. Өндірістегі вертикаль орналасқан білдектер диаметрі 12000 мм дайындаманы, модулі 40 дейінгі бұрамдық жонғыштармен, модулі 50 дейінгі дискілі жонғыштармен және модулі 75 дейінгі саусақты жонғыштармен өңдеуге мүмкіндік береді. Дайындама бойлық осі бойымен айналатын білдектер диаметрі
1250 мм дейінгі және тісті пішіннің ұзындығы 3000 мм дейінгі тісті біліктерді, модулі 30 дейінгі бұрамдық жонғыштармен және модулі 50 дейінгі саусақты жонғыштармен өңдеуге мүмкіндік береді.
Конусты тісті доңғалақтарды жасауды да екі кезенге бөледі: тісті қиғанға дейінгі және тісті қию.
Тәж, күпшегі бар ернемек және доңғалақ-білік типтес тісті доңғалақтар өте көп кездеседі. Диаметірі 60 мм дейінгі дайындамалар ретінде шыбық, ал диаметрі 60...300 мм – дана немесе қалыпталған дайындама жатады. Ірі дайындамаларды көбнекей құю арқылы алады. Бірінші кезенде өңдеудің жалпы бірізділігі дискы, ернемек және сатылы білік типтес тетіктерді өңдеуден еш айырмашылығы жоқ. Бұл өңдеуді токарлы,револьверлі, айналма үстелді және бұрғылау білдектерінде, сонымен қатар СББ білдектерінде орындайды. Ішкі тесіктерді, сонымен қатар кілтекті ойығы бар тесіктерді де, тартажонумен алады. Тәж типтес күшпегі бар ірі конусты доңғалақтарды айналма үстелі бар білдектерде өңдейді. Алдымен дайындаманы пайдалы бүйірінен өңдейді, содан кейін орнықтық бүйірін жонады. Соңғы өңдеу кезінде басты болып центрлік тесік осімен бірге сыртқы және қосымша конустардың остілігін қамтамасыз ету болып табылады, сондықтан да мұндай операцияны бір орнатумен жүргізген маңызды.
Күпшегі бар конусты доңғалақты өңдеудің типтік маршруты, 9.4 сурет:
1. центрлік тесікті бұрғылау және А бүйірін жону – орнық дайындаманың сыртқы конусы.
2. Оймакілтек тесігін тартажону.
3. Бүкіл пішінді құралбілікте, әмбебап көпкескішті немесе гидрокөшірмелі білдектерде алдын ала жону.
4. Құралбілікте соңғы өңдеу.
5. Тіс сүргілейтін білдекте алдын ала тістерді қию немесе ойымдарды қию, орнық – тесік және А бүйірі.
6. Домалату әдісімен тістерді соңғы қию.
7. Тісті доңғалақты тексеру және домалату.
9.4 сурет – Күпшегі бар конусты тісті доңғалақ
Конусты доңғалақтарды жасау үрдісінде және тісті қиып бітіргеннен кейін тісөлшегіштін көмегімен бақылайды. Ен үлкен диаметрі жағынан конусты бөлгендегі күйге сәйкескелетін хорда шеңбері бойынша тістің қалыңдығын, бұрышын және кординаттар бойынша тістің пішінін тексереді. Тістің бағытын бақылау үшін конусты білікмөлшерлегішті (екі мөлшерлегіш керек) қолданады. Оларды конусты бөлігімен тістердің ойымына қойып конусты қайралған төбелерінің сәйкестік дәрежесін анықтайды.
Тісті доңғалақты түйіс дағы бойынша соңғы бақылау үшін домалату білдектерін қолданады. Мұндай білдектерде диаметрі 1600 мм дейінгі доңғалақтарды орнатуға болады.
Бақылау сұрақтары:
1. Тегершік дайындамаларын алу тәсілдері?
2. Тегершіктер материалы?
3. Тісті доңғалақтың дайындамасын алу тәсілдері?
4. Тісті доңғалақтың дайындама материалы?
5. Конусты
6. Шыршатісті доңғалақтарды механикалық өңдеудің ерекшеліктері неде?
Ұсынылған әдебиеттер: Нег.2 [123-134]; қос. 4 [357-368].
Достарыңызбен бөлісу: |