Сабақтың ортасы
(30 минут)
|
(МК,Ұ),
.
1-топ. Координаталық жазықтық ұғымы.
Функция дегеніміз не?
2-топ Функцияның графигі деген не?
Функцияның графигі қандай түрде беріледі?
y = kx + l (мұндағы x - тәуелсіз айнымалы, k мен l – нақты сандар) түріндегі формуламен берілетін фуннкцияны сызықтық функция деп атайды.
у = kx + l функциясының анықталу аймағы барлық нақты сандар жиыны.
Егер у = kx + l сызықтық функциясындағы l = 0 болса, онда у = kx түрінде жазылады. у = kx функциясы тура пропорционалдық деп аталады.
Егер у = kx + l формуласындағы k = 0 болса, у = 0x+l, онда у = l; у = l функциясы тұрақты функция деп аталады. у = l тұрақты функциясы сызықтық функцияның дербес жағдайы.
Сызықтық функцияның графигі
У = 1,5x - 2 сызықтық функциясының графигін сызайық.
Ол үшін x пен y-тің сәйкес мәндерінің кестесін құрастыру керек.
х
|
-3
|
-2
|
-1
|
0
|
1
|
2
|
3
|
у
|
-6,5
|
-5
|
-3,5
|
-2
|
-0,5
|
1
|
2,5
|
Координаталық жазықтықта координаталары кестеде көрсетілген нүктелерді белгілейік.
Б елгіленген нүктелерді қоссақ, түзу сызылады. Осы түзу у = 1,5x - 2 сызықтық функциясының графигі болады. y = kx + l функциясының графигі түзу сызық.
Жазықтықтағы екі нүкте арқылы бір ғана түзу жүргізілетіндіктен, түзуді жүргізу үшін, оның екі нүктесінің координаталарын білу жеткілікті.
Y = kx + l сызықтық функциясының графигі болатын тузу ординаталар (Оу) осін (0;l) нүктесінде, ал абциссалар (Ох) осін ( ;0) нүктесінде қияды.
|