Сабақтың басы
|
Ойтүрткі.
Қалай ойлайсың, елдің астанасы Алматыдан Арқаға көшіру ұлы бастамаға жата ма? Дәлелде.
Тыңдалым.
1-тапсырма. Мәтінді тыңда. Жұбыңның түсінген-түсінбегенін білу үшін оған сұрақтар қой.
Елбасы Н.Назарбаев 2005 жылы жарыққа шыққан «Еуразия жүрегінде» атты еңбегінде: «Қалалардың да адамдар сияқты өз тағдыры болады. Олардың әрқайсысының өз аты, қайталанбас өмірбаяны, дүниеде ешбір жерге ұқсамайтын өзіндік айрықша мінезі мен белгілері бар. Адамдар сияқты олар да өз тағдырларымен дараланады. Біреулеріне «мәңгі қала» немесе «әлем астанасы» бақыты бұйырса, енді бір қалалардың маңдайына өркениеттен тысқары жетімдік күн кешу, енді біріне жер бетінен құрып кету жазылған. Бүгінгі Астана мен келешек Астана – бұл біздің стратегиялық ойларымыз мен ұмтылыстарымыздың ең басты жемісі» деп жазды.
Елбасы идеясымен іргесі қаланған Елорда аз ғана уақыт ішінде Тәуелсіздік символына айналып, жалпыұлттық идея мәртебесіне ие болды. Тәуелсіз Қазақстан мен бейбіт заманды бейнелейтін астана бүгінде барша қазақтың көз қуанышына, мақтанышына айналып отыр.
Айтылым.
2-тапсырма. Мәтіндегі Елбасының сөзін қайталап айт. Қарсы мағына беріп тұрған екі жай сөйлемді өз сөзіңмен жеткіз.
|
Сұраққа жауап береді.
Мәтінді тыңдайды. Бір-біріне сұрақтар қояды.
Жай сөйлемді тауып, өз сөзімен жеткізеді.
|
«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау
Мұғалімнің бағалауы жүзеге асады.
|
Оқулық
|