14
Стандарттарды дайындаудың негізгі қағидалары: келісім, еріктілік,
қолжетімділік, экономикалық мақсаттылық.
Стандарттар құжаттар секілді ұсыныстық сипатқа ие, яғни олардың
орындалуы міндетті емес.
Бұдан нарықтық экономиканың қағидаларының бірі көрінеді
–
таңдау
бостандығының қағидасы, яғни тиым салудың санын мейлінше төмендету
ұсталуы тиіс. Өндірушілерге әсер ету жанама әдістермен, әсіресе,
экономикалық өлшемдер негізінде жүзеге асырылады.
Міндетті стандарттау арқылы әкімшілік жетекшіліктің жоқтығы
өнеркәсіптердің өз жұмыстарына жауапкершілігін жоғарылатады, олардан
өнеркәсіп ішіндегі ассоциацияларда, одақтарда және бірлестік ішінде қолдануға
арналған өздерінің жеке стандарттарын дайындауын талап етеді. Өнеркәсіптер
өз бизнестерінің бағыттарын жетекшілікке ала отырып, өздерінің шаруашылық
қызметтерін өз алдына реттеуге мүмкіндік алады, ол үшін саны мақсатты түрде
өсіп тұратын өздерінің жеке стандарттарын, нормативтік құжаттарын құра білуі
қажет.
Ерікті стандарттау барлық мүмкіндікке қол жеткізгендікті білдірмейді,
мүлде олай емес. Көптеген өндірісі дамыған елдерде бұл жүйе бұрыннан бері
жұмыс істеп келеді, онда мемлекеттік әкімшіліктік стандарттау мүлде
болмаған, мысалы, АҚШ-та. Нарықтық қағидаларға негізделген стандарттау
әкімшіліктік стандарттауға қарағанда, өте қатаң болып табылады. Нарықтың
заңдары өндірушілерге стандарт талаптарынан ауытқуға жол бермейді, яғни
тұтынушылар талап ететін өнім құрамының төмендеуіне алып келетін
жағдайларға, ал осындай жағдайлар орын алса, компания қаржылық
қиындықтардан құтыла алмайды.
Стандарттардың түрлері
–
негізгі стандарт, терминологиялық, бақылау
әдістеріне, өнімге, үрдіске, қызметке, әдістемелік жағдайларға, суреттейтін
жағдайларға арналып, бөліне береді.
Достарыңызбен бөлісу: