Рахима мен қанша көтергеніммен, бұрынғыдай қорықпады. Мен аспандатып көтергенімді
қоймадым. Енді оның ашуы біртіндеп сергіп,
жүзіне қуаныш оты жүгіре бастады. Әрі
-
беріден соң
сақылдап күлді. Менің де көкірегімді қуаныш кернеп, денем сергіп қалды. Төсекке қайтып жатқым
келмеді.
* * *
Бәріміз жатып қалғанбыз. Соған қарамай Бауыржан мен Рахима ойнап, жуық арада ұйықтай
қоймады. Түпкі үйдегі маған қайта
-
қайта жүгіріп келе береді. Ұйқы беретін емес. Сонан соң:
-
Келіңдер, менің
қойныма жатыңдар, —
деп екеуін жаныма шақырдым.
Екеуі де жақындап
келді. Бауыржан:
-
Ы
-
ы, жатпаймын,
-
деп шегіне берді. Рахима да қашқақтап
барады.
-
Ой, ойын ғой. Бұл —
ойын. Кішкене жатыңдар. Кетесіңдер содан кейін.
Екеуі қайта
жақындады. Рахиманы шап беріп ұстай алдым:
-
Кел, сен жат. Бауыржан жатпаса қойсын. —
Бауыржан енді бір нәрседен құр қалғандай дереу:
-
Мен де жатамын, —
деп төсегіме тұра ұмтылды.
-
Ал жатыңдар.
Рахиманы оң жағыма, Бауыржаңды сол жағыма жатқызып, көрпеммен бүркеп алдым. Екеуі
қыбырлайын десе, қымтап қоямын. Біраз уақыт өтті.
-
Бекен, жібер балаларды, ұйықтасын.
Апамның осы сөзді айтуы мұң
екен, Бауыржан қыңқылдап
төсектен сырғып түсе бастады.
Рахима да сөйтер деп едім, қыбыр етпеді. Қарасам, ұйықтап кетіпті. Қыбырлап, маған қарай бір
аунап түсіп, кішкене білегін мойныма салып, құшақтап алды.
-
Апа, Рахима ұйықтап қалыпты. Осында жата берсінші.
-
Мейлі. Бірақ түнде оянып, мазаңды алады ғой.
-
Ештеңе етпейді.
-
Өзің
біл.
Менің көпке дейін ұйқым келмеді. Рахиманың кішкентай танауларынан шыққан ыстық леп тұла
бойымды жылытып, қыз
-
қыз қайнап барамын. Оның сәби,
Достарыңызбен бөлісу: