Жаппай тәжірибе
өткізген кезде кезекші оқушыларға өткізуге қажетті
жабдықтар мен заттар таратылып беріледі. Оқушылардың өзіне жасату
арқылы ауаның қасиетін тапқызу.
Үш жарық жағайық. Оларды стақанмен, банкамен, төбесі ашық банкамен
жабамыз. Қайсысы алдымен сөнеді? Неге?
1.Стаканмен жабылған сөнеді.
2. Банкамен жабылған ұзақ жанып барып сөнеді, себебі ауа көптеу.
3. Төбесі ашық жана береді, оны ауа толық қоршап тұр. Олай болса ауа
жанғыш.
Дүниетану сабақтарында сурет салу
Дүниетануды оқытудың басты мақсаттардың бірі- балаларды мақаладағы
немесе суреттегі негізгі мәселені анықтауға үйрету. Дүниетану сабақтарында
сурет салу қажет.
Тақтаға салынған сурет дегеніміз - ол балаларға оқулықтағы мақаланың
мазмұнын, мұғалімнің әңгімесін, орындалған тәжірибені ашып көрсететін
қарапайым схема.
Суреттер мен схемалар себеп-салдарлық байланыстардың бастамаларын
белгілеуге көмектеседі. Педагогикалық схемалы суретті, әсіресе түрлі түсті
борлармен жүйелі мен белгілі мақсатқа пайдаланса, балалар тек картинаға
немесе суретке қарауды ғана үйреніп қоймай, олардың мазмұнын да көре
білетін, анықтай алатын болады.
Дүниетану сабақтарында сурет салу сабақты жандандырады, сабақтың
тақырыбын жақсы қабылдауға көмектеседі.
Мұғалім дүниетану сабақтарында суретті үнемі қолдана отырып,
балаларға обьектілер мен табиғат құбылыстарын дұрыс салуды үйретеді.
Дүниетану
сабақтарында
ойын
тәсілдерін
және
танымдық
материялдарды пайдалану.
Мектеп жасында ойын және оның рөлі біртіндеп екінші кезекке
ығыстырылады да білім жетекшілік қызмет атқарады. Алайда ойын балаларды
жетілдіруге әсер етпейді деп ойламау керек.
Ойын балаларды оқу процесін жұмылдырып, оларды байқампаздыққа,
зеректілікке, есте сақтай білуіне, ойлау әрекеттерін дамытуға баулиды.
Қызықты материялдарды сабақтың кезеңдерінде: сұрау кезінде,жаңа
материялдарды оқып үйренгенде, бекіту кезеңінде қолдануға болады.
Сабақтағы материялдарды бекіту үшін географиялық, топографиялық немесе
биологиялық лотоны пайдалануға болады. Бұл үшін мұғалім бір топ оқушыға
карточка таратып береді, обьектілердің біреуін атайды, оқушылар оны тауып,
дұрыс атаса, сол оқушы жеңіп шығады.
Картаны білуіне байланысты ойындар өткізуге болады. Бұл-картина
бойынша саяхат жасау, фотосуреттері және сипаттамалары, открыткалары
бойынша Қазақстанның табиғи аймақтарын анықтау ойындары.
Бастауыш сынып тапқырлығын дамыту үшін жұмбақтар пайдаланылады.
Жұмбақ нәрселердің немесе табиғат құбылыстарының біреуін толық болмаса
да өте дәл сипаттап береді.
Достарыңызбен бөлісу: