айналады, себебі бұл сұрақтардың оқушылардың оқуына ықпал етіп, оны
дамытатындай етіп құрылып, пайдаланылуы басты назарда болады. Төменде
осы жөнінде бір мұғалімнің пікірі келтірілген:
«Мен орта буындағы топты таңдап, шын мәнінде оларға қоятын
сұрақтарымның түрлері туралы ойлана бастадым: олар бір сөзден тұратын
жауап талап ете ме; олар нені тексереді – оқушының білімін бе, әлде түсінігін
бе; мен сыныпқа жауапты ойлауға жеткілікті уақыт беремін бе; дұрыс жауапты
тез аламын ба; оқушыдан өзінің жауабын түсіндір деп сұрадым ба; қате жауап
алғанда өзімді қалай ұстадым? Бұл туралы ойлауды қойғанда, мен сабақтың
мазмұны мен барысын құру үшін олардың жауаптарын пайдалану арқылы
қыздарды оқыту тәжірибесін өзгерте алатынымды сезіндім. – Гвен, Waterford
Мектебі.
Тиімді жауап алу да оқушылардың әңгімесіне мұғалімнің жоспарланбай
араласуының маңызды аспектісі болып табылады. «Сен неге солай
ойлайсың?» немесе «Сен оны қалай түсіндіре алар едің?» сияқты қарапайым
сұрақтар сабақта өзара іс-қимылға жетелейтін ықпалды күш, сонымен бірге
олардың жұмысына бірден түсініктеме беру арқылы оқушыларға тереңнен
ойлауға түрткі болатын баға жетпес мүмкіндік болып табылады.
Мұғалімдердің тәжірибесіне негізделген жұмыста пайдалы болатын басты
кеңестер:
• Сұрақтарды құруға көп күш салу қажет. Бұл сұрақтар оқушылардың сын
тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға ықпал етуі қажет.
• Оқушыларға сұрақты жан-жақты ойлауға мүмкіндік беру үшін «күту
уақытын» бірнеше секундқа ұлғайту қажет, сондай-ақ әр оқушыда қойылған
сұраққа өзінің жауабы бар және ол әңгімені қолдай біледі деп күтілу керек.
Сол жағдайда дұрысы болсын, қатесі болсын, барлық жауаптар оқушылардың
тақырыпты түсінуін дамыту үшін пайдаланылады. Негізінен жауап алудың
мақсаты жай ғана жауап алу емес, сұрақты терең түсінуін дамыту болып
табылады.
• Одан кейін орындалатын тапсырмалар терең мағыналы болуы керек,
өйткені олар оқушыларға өзінің түсінігін дамытуға мүмкіндік береді.
Сонымен, сұрақ қойғандағы жалғыз мақсат мұғалімге қажет немесе
оқушылар ойлануға тиіс ақпарат алу болып табылады. Тәжірибе көрсеткендей,
бұндай өзгерістер орын алғанда, оқушылар оқу үдерісіне мейлінше белсенді
қатысып, оқу негізінен олардың жылдам дұрыс жауап беру қабілетінен емес,
өз ойларын жеткізуге дайын болып, өздерінің пікірлерін қорғай білуіне
байланысты екендігін түйсінді. Мұғалімнің рөлі де ақпаратты жай ғана
жеткізуден, оқушылар айтқан идеяларды дамыту үдерісін басқарушыға дейін
өзгереді.
Достарыңызбен бөлісу: