Шаушекова Б.Қ п.ғ. к., доцент «Бастауыш мектепте жаратылыстануды оқыту әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет29/34
Дата24.10.2022
өлшемі1,42 Mb.
#154712
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Байланысты:
Шаушекова Б. п. . к., доцент «Бастауыш мектепте жаратылыстануды

Өзара бағалау және өзін өзі бағалау 
Оқушылар алда тұрған мақсаттың мәнін түсініп, оған қол жеткізу үшін 
не істеу қажет екенін анықтай алған жағдайда ғана олар оқу мақсатына қол 
жеткізеді. Сондықтан оқу барысында өзін өзі бағалаудың маңызы зор6. 
Оқушыларының бойында өзін өзі бағалау дағдыларын дамытуға талпынған 
көптеген мұғалімдердің аңғарғаны: бұл реттегі ең бірінші және ең күрделі 
мәселе – оқушыларды өз жұмысы туралы мақсат қою тұрғысынан ойлануға 


мәжбүрлеу. Олар бұны қалай істеу керек екенін түсінгеннен-ақ, өз 
жұмыстарына шолу жасай бастайды, сол арқылы оны өздері орындап, өздері 
бақылай алады. Басқаша айтар болсақ, оқушылар метатанымдық деңгейде 
жұмыс істеу қабілетін дамытады. 
Құрбы-құрдастарын бағалау өзін өзі бағалаудың маңызды бөлігі болып 
табылады. Құрбы-құрдастарын бағалаудың пайдалы екендігінде сөз жоқ, 
себебі оқушылар өз жұмысына қатысты айтылған құрбыларының пікіріне 
құлақ асады. Ал оны мұғалім айтқан болса, олар оқушыға сондай әсер етпеуі 
мүмкін. Құрбы-құрдастарымен бірге жұмыс істеу де маңызды, себебі пікір 
алмасу оқушы күнделікті өмірінде қолданатын тілде жүреді, сонымен қатар 
оқушылар мұғалімнің және емтихан алушының рөлін ойнай отырып білім 
алады [7]. Бір мұғалім оқушының өз құрбы-құрдастарын бағалау туралы 
пікірімен бөлісті:
Өз жұмысына баға беріп (талқылау мен нақты нұсқау беру арқылы) 
бағалаған сияқты, оқушылар басқаның жұмысын да бағалайды. Олар бұны 
үлкен адамдарша ойланып істейді, бұл сөзсіз пайдалы тәжірибе болды. 
Оқушылар келесі сабақтың басында сыныптас құрбылары үй тапсырмасын 
тексеретіндігін біледі. Сондықтан барлығы үй тапсырмаларын жақсы 
орындайтын болды, тек сирек жағдайда ғана үй жұмысын істей алмағандар 
кездесті. Олар өз сыныптастарының бірін оны тексеруді сұрайтын 
болғандықтан, жақсы орындалған жұмыстары үшін мақтаныш сезінді. 
Жауаппен келіспесе, ол бойынша ортақ келісімге келгенге дейін мұқият, ашық 
талқыланады. – Элис, Waterford мектебі. 
Мұғалімнің түсініктемесінің соңғы сөйлемінде басты мағына жатыр: 
оқушылар түсініктемені түсінбеген кезде, олар мұғалімнен емес, өзінің 
құбысынан сұрайды. Оның үстіне, бұл тәжірибе құрбы-құрдастарын бағалау 
ауыртпалығын оқушыға салуға болатындығымен құнды. Мұғалім тыныш қана 
бақылап, болып жатқан жағдайға қарай тиісті шаралар қабылдап отырады. 
Біз құрбы-құрдастарын бағалауды жиі өткіземіз – бұл тәжірибенің өте 
пайдалы екендігін айтқым келеді. Тақырып бойынша көптеген түсініксіз 
жайттар анықталып жатады, үй тапсырмасын қарастырғанда соларды 
талқылаймыз. Одан кейін мен сыныпты аралап оқушылармен жеке-дара 
әңгімелесе отырып, өзара бағалауға көшемін. - Роуз, Brownfields мектебі. 
Алайда, өзін өзі бағалау мұғалім өз оқушыларына, әсіресе үлгерімі 
нашар оқушыларға осы дағдыны дамытуға көмектескен жағдайда жүзеге 
асады. Ол айтарлықтай уақыт пен іс-тәжірибені талап етеді. 
Балалар мен істеңдер деп сұраған істі орындау дағдыларын игермеген. 
Меніңше, бұл ұзақ мерзімді жоспарда анағұрлым тиімді болмақ. Алайда бұл 
іске уақыт бөлсеңіз, ол өзін ақтап шығады. Оның балаларды жауапкершілікті 
сезініп, іс-қимылында дербес болуға ықпал ететін күші бар. – Том, Riverside 
мектебі. 
Қарапайым және тиімді идея – оқушыларға «бағдаршам» түстерін 
пайдалану, өз жұмысын жасыл, сары немесе қызыл түстермен бағалау 
тиісінше жақсы, орташа немесе шамалы түсіндім дегенді білдіреді. Бұл 
белгілер оқушылардың өзіне берген бағасын хабарлаудың қарапайым амалы 


болып табылады. Содан кейін оқушылардан өз пікірін құрбы-құрдастарына 
ашық айтуды сұрап, өзара бағалау мен өзін өзі бағалауды байланыстыруға 
болады. Бұлай байланыстыру олардың дағдыларын дамыту үшін қажет, ал бұл 
екі тәсілді бір-бірінен бөлу өзін өзі тиімді бағалау дағдысын қалыптастыруға 
жол ашады. 
Тағы бір жолы, алдымен оқушылардан жұмыстың белгілі бір кезеңінде 
өз кестелерімен – «бағдаршам» түстерімен белгілеп отыруды сұрауға болады, 
соңында жұмыс үшін жасыл, сары немесе қызыл түс қойғанын көтеру арқылы 
көрсетіп бағалайды. Мұғалім «жасыл» немесе «сары» түстер бірлесіп бір-
біріне проблеманы шешуге көмектесуі үшін оларды жұпқа біріктіре алады. Ал 
«қызылдар» тобы өздерінің үлкен ақаулықтарын жою үшін мұғаліммен 
«топтасады». Топтық жұмыс тиімді болу үшін оқушыларға оның барысында 
өздерін қалай ұстау керек екенін түсіндіру керек, соның ішінде олардың 
бойына басқаларды тыңдай білу және барлығын кезекпен істеу сияқты 
дағдыларды сіңіру қажет. 
Оқушылардың пәнді түсінуге қатысты ойлары да алдағы сабақтарды 
жоспарлауда қолданылуы мүмкін, олардың түсініктемелері мұғалімге қай 
салаға көбірек көңіл аудару қажет екенін анықтауға көмектеседі. Жаңа 
тараудың басында оқушылардан «бағдаршам» түстерінің көмегімен өткен 
тарау бойынша қорытынды тестіге баға беруді сұраңыз: сары мен қызыл 
түстер жоспарлау кезінде басымдықтарды белгілеуге көмектесе алады. Бұл 
тәжірибе сыныптағы жұмысты жақсартуға бағытталған мынадай тұжырым 
жасауға ықпал етті: 
• Білім берудегі кез келген жетістіктерді бағалау критерийлері оқушылар 
үшін айқын болуы керек, себебі оларда өздерінің жұмыстарының мақсаттары 
туралы және оны ойдағыдай аяқтау үшін не қажет екендігі туралы анық түсінік 
болу керек. Бұндай критерийлер абстрактілі болуы мүмкін, бірақ түсінікті 
дамытуға бағытталған тапсырмаларды құрғанда нақты мысалдар пайдалануы 
қажет. 
• Оқушыларға құрбыларын бағалау жұмысының ерекшеліктері мен осы 
жұмыс кезіндегі ынтымақтастық дағдыларын үйрету керек, өйткені бұл жұмыс 
шынымен маңызды және қатарластарын бағалау өзін өзі бағалауда шыншыл 
болу дағдыларын дамытуға көмектеседі. 
• Оқушылар оқудағы мақсаттарын үнемі жадысында ұстап, осы мақсатқа 
жету жолындағы өзінің алға басуын бағалай білуі тиіс. Сонда олар өздерінің 
жұмысын басқаратын, мейлінше дербес оқушы бола алады. 
Бұның барлығы қатарластарын бағалау мен өзін өзі бағалау оқушылардың 
білімін дамытуға ықпал етеді дегенді меңзейді. Оның үстіне, олар басқа 
тәсілмен қол жеткізе ала алмайтын мақсаттарына қол жеткізеді.
Жиынтық тестілерді білім беру құралы ретінде пайдалану 
Өзін өзі бағалау және өзара бағалау тәжірибесін тесті дайындау 
барысында қолдануға болады. Оны мына мысалдан көреміз: 
Оқушылар біз сыныпта талқылаған қайталау тәсілдерінің бірде біреуін 
қолданған жоқ. Барынша егжей-тегжейлі жауап алу барысында олардың көп 
уақытын материалдарды жай ғана қайталауға жұмсайтындары анықталды. 


Олар өз жұмыстарын қайта-қайта оқиды, бірақ өз жұмысын талдап, шолумен 
айналыспайды. Үй жұмысын істеу кезінде біз сыныпта қолданған белсенді 
оқыту стратегияларын қолданбады. – Том, Riverside мектебі. 
Бұл жағдайды түзету үшін оқушылардан тестілерге енгізілген негізгі 
сөздер мен тақырыптарды «бағдаршам» түстерімен бағалау сұралады. Бұл 
тапсырманың 
мақсаты 
оқушыларды 
қандай 
тақырып 
қиындық 
тудырмайтындығы туралы ойлануға итермелеу болып табылады. Ол 
тақырыптар жасыл түспен бағаланады, ал барынша назар аударуды талап 
ететін тақырыпқа сары немесе қызыл түс қойылады. Бұл «бағдаршам» 
белгілері қайталауды жоспарлау үшін негіз болады. Оқушыларға өткен 
тестілерден алынған, «қызыл» түспен бағаланған тақырыпқа жататын 
сұрақтарды бағалау ұсынылуы мүмкін. Осыдан кейін балалар бұл сұрақтарға 
жауап бере алатындығына көз жеткізу үшін оқулықтармен немесе топтағы 
құрбы-құрдастарымен бірлесіп жұмыс істейді. 
Тестілер қалыптастырушы бағалауға негіз бола алады. Егер алдымен 
оқушылардан балдарды есептеу ережесін жасау талап етілген жағдайда, 
құрбы-құрдастарының тестілерді бағалауы пайдалы бола алады, себебі бұл 
тапсырма оқушылардан олардың білімінің сапасының критерийлеріне назар 
аудартады. Құрбы-құрдастары баға бергеннен кейін, мұғалім қалған уақытты 
сыныпта қиындық тудырған сұрақтарды талқылауға жұмсай алады.
Зерттеу барысында біз анықтаған тағы бір жаңалық – емтиханға 
дайындалғанда алдымен өз сұрақтарын құрып, содан кейін ол сұрақтарға 
жауап беріп дайындалған оқушылар дәстүрлі тәсілмен дайындалған 
оқушылардан асып түскен8. Тестілік сұрақтарды дайындау оқушыларға 
тақырып бойынша түсінік қалыптастыруға көмектеседі. 
Оқушыларға тест үшін жақсы сұрақ құруға не көмектеседі деген сұрақ 
төңірегінде ойлану керек, ол үшін олар тақырыпты толық түсінулері керек. 
Оның үстіне, ынталандыру түрінде жақсы сұрақтар сыныпқа арналған тестінің 
құрамына енгізілді. Осылайша, оқушылар жұмыстарының бағаланатындығын 
көреді, ал мен олардың бұл саладағы жетістіктерін көремін. Тестіні талқылау 
барысында белгілі бір тақырыптың проблемалық мәселелеріне назар аудара 
отырып, топтық және жұптық жұмысты пайдаланған дұрыс. – Энжела, 
Cornbury Estate мектебі. 
Осы сияқты жетістіктерге сүйеніп күтілетін нәтижелерді өзгертуге 
болады. Кейбіреулердің пайымдаулары бойынша, қалыптастырушы және 
жиынтық бағалау өздерінің мақсаттары бойынша мүлде әртүрлі, сондықтан 
оларды бір-бірінен ажырату керек. Онысымен қоймай, өз тәжірибесінен 
алынған күрделі жиынтық тестінің оқуға кері әсер еткенінің мысалын келтіріп, 
жағдайды одан сайын ушықтыра түседі. Қалай болған күнде де, мұғалімдер 
мен оқушылар бұларды ажыратып отырады дегенге сену қиын, сондықтан 
олардың арасында оңтайлы өзара ықпалға қол жеткізуге ұмтылған дұрыс. Біз 
сипаттаған барлық тәсілдер мұғалім баға қойылуын бақылайтын тестілерде 
пайдалануы мүмкін. Алайда, мұғалім шамалы бақылайтын немесе мүлде 
бақыламайтын тестілерде олардың пайдалануы шектелуі мүмкін. 


Жалпы алғанда, қалыптастырушы мақсаттарға арналған жиынтық 
тестілерді пайдалана отырып, сынып жұмысын жақсартудың негізгі 
мүмкіндіктері:
• Оқушыларға өз жұмыстарын қайта қарастыруды тиімді жоспарлауға 
мүмкіндік беру үшін оқушылар жасаған жұмыстарының рефлексивтік 
шолуына қатысулары тиіс; 
• Өздеріне бағалау үдерісін түсінуге көмектесу үшін және алдағы уақытта 
күш-жігерін қай саланы жақсартуға жұмсау керектігін түсіну үшін оқушылар 
сұрақ қойып, жауап беруге тиіс;
• Оқушылар өздерінің жұмыстарын қалай жақсартуға болатындығын 
түсіну үшін өзара және өзін өзі бағалау критерийлерін қолдануға тиіс. Бұл 
сыныпта оқушыларға емтихан сұрақтарын пысықтауға мүмкіндік беруді 
қамтуы да мүмкін. 
Бұл жердегі көзделген мақсат - жиынтық тестілер оқу үдерісінің жағымды 
бөлігі болуы тиіс. Тестілерді дайындау үдерісіне белсенді тартылу арқылы 
оқушылар тестілеудің құрбаны болудың орнына, оның пайдасын көруге 
мүмкіндік алады, себебі тестілер оқытуды жақсартуға көмектесе алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет