Синтаксистік талдау орындалу тәсіліне қарай ауызша, жазбаша, орындалу орнына қарай үйде, сыныпта жүргізіледі. Синтаксистік талдау жүргізілгенде мына тәрізді талаптар қойылады
Синтаксистік талдау орындалу тәсіліне қарай ауызша, жазбаша, орындалу орнына қарай үйде, сыныпта жүргізіледі. Синтаксистік талдау жүргізілгенде мына тәрізді талаптар қойылады:
4.Талдауға алынған сөйлемде синтаксистік объектілердің мол болуы қажет.
Синтаксистік талдау жүргізгенде схемалар, кестелер, карточкалы дәптерлерді пайдалануға болады. Синтаксистік талдау құрылымдары мынандай элементтерден тұрады:
1.Мәтін, сөйлем таңдалады.
2.Мәтін мен сөйлем дауыстап оқылады.
3.Мәтін мен сөйлем тақтаға не дәптерге жазылады.
4.Талдау жұмысы жүргізіледі: а)жай сөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелері талданады; ә) құрамалас сөйлем компоненттерінің өзіндік ерекшеліктері қарастырылады; б) жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері дәлелденеді.
Ойын-сергіту жаттығуы «Сатымен кім тез көтеріледі?»
Ойын-сергіту жаттығуы «Сатымен кім тез көтеріледі?»
Ойынның шарты: Тақтаға не қағазға саты сызылып, оның сол жағына лепті сөйлемнің көңіл-күйді білдіретін түрлері, ал оң жағына сөздер мен сөз тіркестері жазылған. Тиісті көңіл-күйді білдіретін сөзді тауып, қасындағы сөздермен байланыстырып лепті сөйлем құрап айтып шығып, сатының басына тез көтерілу керек.