Syllabus «жоо мен жобм физиканы оқытудың әдістемелік маңыздылығы»



бет27/63
Дата07.02.2022
өлшемі232,54 Kb.
#87027
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   63
Байланысты:
ЖОО мен ЖОБМ физиканы оқытудың әдістемелік маңыздылығы

Дәрістің артықшылықтары:

  1. дәріс оқушының аудиториямен шығармашылық қарым-қатынасы;

  2. дәріс – білім негіздерін алудың ең үнемді жолы;

  3. егер дәріс жақсы түсінікті және мұқият тыңдалған болса ой қызметін белсендіреді.

Кейінгі жылдары студенттердің лекторды еркін таңдау үрдісі белең алып келеді, бұл дәріс оқу шеберлігін өзектендіре түседі.
Көптеген оқытушылар дәріс оқушының міндеті пәнді жақсы білу және оны түсінікті баяндау деп есептейді. Ал «баяндаудың түсініктілігі» дегеніміз не? Бұл күрделі педагогикалық мәселе, яғни баяндаудың бірізділігі, көрнекілігі, тыңдармандардың сапалы белсенді меңгеруі, т.б.
Дәріске қойылатын талаптар: дәріс пен оқытудың байланыста болуы, дәрістің ғылымилығы мен ақпараттылығы (қазіргі ғылыми деңгейге сәйкестігі), ұтымды, сенімді мысалдардың, дәйектердің, негіздемелердің, ғылыми дәлдемелер санының барынша көп болуы, баяндаудың эмоционалды формасы, тыңдармандардың ойын белсендіру, ой қызметін жетілдіретін сұрақтар қою, баяндалатын мәселелерді шешудің нақты құрылымы мен логикасы; әдістемелік өңдеу – басты ойлар мен ережелерді, шешімдерді іріктеу, түсінікті тілмен баяндау, жаңа енгізілген терминдер мен атауларды түсіндіру, мүмкіндігінше аудиовизуалды дидактикалық материалдарды қолдану.
Дәрістің құрылымы
Дәріс өзінің құрылымы бойынша бір-бірінен ерекшеленуі мүмкін. Барлығы баяндалған материалдың мазмұны мен сипатына байланысты, дегенмен кез келген дәріске құрылымдық сипат тән. Ең алдымен, бұл дәріс жоспарын хабарлау. Жоспарға емтихан билеттерін құрастыруға септігін тигізетін дәрістердің негізгі мәселелерінің атаулары кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет