Дайындаманың ығысулары дайындаманың, қондыру элементтердің, айлабұйымның тұрқысының деформациялануларының әсерінен пайда болдады. Кысу қателікке ең көп әсер жасайтын дайындамамен қондыру элементтер екі арасындағы түйіспе деформациялары.
Жалпы түрде түйіспе деформация мына формуламен сипатталады
y = CQn , (6.4)
мұндағы Q – қысу күш,
С – түйіспе түрді сипаттайтын коэффициент (домалақ, бұдыр, тегіс тірек),
n – функция көрсеткіші.
Қысу қателік өңделіп шығатын өлшемнің дәлдігіне әсер көрсетеді, бірақ диаметр өлшемнің дәлдігіне және өңделіп шыққан беттің пішінінің дәлдігіне әсер көрсетпейді.
Дайындаманың орналасу қателігі ол әдетте айлабұйымның дәлсіздігі деп аталады. Осы қателік қондыру элементтердің жасалу қателіктерімен және олардың құрастырылу қателіктерімен, олардың үйкеліп дәлдігін жоғалту мен, айлабұйымның білдекте қондырылу және орнықтырылу қателіктерімен анықталады. Бұл қателік кездейсоқ сан болғандықтан мына формуламен есептеледі
(6.5)
– қондыру элементтерінің айлабұйымда орналасу қателіктерін сипаттайды және ол тұрақты жүйелі фактор болып есептеледі. Бір ғана айлабұйым пайдаланса, онда осы қателік білдекті реттеу мен жойыуға болады. Егер бірнеше бірдей айлабұйымдар қолданса (серік айлабұйымдар), онда бұның шамасы білдектің реттелуімен жойылмайды, сондықтан қателіктерді есептегенде осы фактор есепке алынады .Оның шамасы = 0,005 – 0,01 мм;
Достарыңызбен бөлісу: |