Эксперименттің қалыптастырушы кезеңі (2004-2005 ж.ж.)
Қалыптастыру кезеңінде кредиттік оқу жүйесіндегі студенттердің 4 деңгейлі дәрежедегі тапсырмаларды орындауда модульдік технологияны пайдаланып, нәтижесінде оқу материалын меңгеру деңгейлерін анықтауды, тиімділігін анықтау деп тұжырымдалды.
Зерттеу үшін қажетті деректер: БҚ-11,12,14, ӨҚС-11,12,БС-11,12. БД- 11,12, ИМӨ-11,12 академиялық топтарындағы студенттердің тапсырмаларды орындау нәтижелері (бұлардың қатарындағы ӨҚС-11,12,БС-11,12. топтарында модульдік технология оқу үдерісін жеделдету үшін, ал БД- 11,12 және ИМӨ-11,12 топтарында модульдік технологияны қолдану жеке оқытуды көздегенін ескеру қажет).
Сынақтамаға қатыстқан топтардағы студенттер саны әртүрлі болғандықтан, тиімділік көрсеткішін 4-деңгейлі тапсырмаларды орындаған студенттер санының іріктелінген студенттердің жалпы санына қатысы ретінде есептейміз. Тиімділік есептелген көрсеткіштер 2.8 кестеде берілген.
Бұлай болса, 2004-2005 оқу жылында модульдік технологияны қолданудың тиімділігі күмән тудырмайды: егер модульдік технологияны оқу үдерісін жеделдету мақсатында пайдаланудан тиімділік көрсеткіші 11,5 %- ға жоғарылаған болса, осы әдісті жекелендіру үшін пайдаланғанда 14,5 %-ға көтерілген.
Кесте 2.8 – 2004-2005 оқу жылындағы тиімділік көрсеткіші
Тәсіл
|
Іріктелгенде студенттердің саны
|
Төрт деңгейдегі есептерді шығарған студенттердің саны
|
Тиімділік көрсеткішінің
%
|
Дәстүрлі оқыту
|
61
|
2
|
3,2
|
МТ оқу үдерісін жеделдету үшін
|
34
|
5
|
14,7
|
МТ қолдану жеке оқытуды көздегеніне
|
32
|
6
|
17,7
|
Достарыңызбен бөлісу: |